- •«Экономика негіздері» пәнi бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2.Экономиканың зерттеу әдістерінің қолдану тиімділігін көрсету.
- •3.Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •4.Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау.
- •1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
- •5.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •6.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •8. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері
- •7.Капиталдың мәні анықтау, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •9.Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуындағы тарихи және қазіргі мектептердің көзқарастарына талдау жасау.
- •Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы
- •12.Капитал теорияларына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •13.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •14)Экономиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы мен дамуының негізгі көзқарастарына сипаттама беру:
- •15.Негізгі және айналмалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру.
- •16.Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •17. Пайда теориялары және түрлері
- •18) Инфляцияның пайда болу себептерін анықтайтын факторларға талдау жасау.
- •19.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілеріне сипаттама беру.
- •20.Нарықтың мәні анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •21.Ұдайы өндіріс теориясының негізін анықтау және ұдайы өндіріс типтеріне түсінік беру.
- •22. Нарық түрлеріне түсінік беру және олардың жіктелу ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •23. Жер рентасына түсінік
- •24.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау.
- •25.Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау.
- •26.Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27. Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек-құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28.Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29.Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30.Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
- •31. Жалақы түрлері
- •32. Инфляцияның мәні мен себептерін анықтап, түрлеріне талдау жасау.
- •33. Ұсыныс және ұсыныс заңын талдау. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторларға сипаттама жасау.
- •34. Экономикалық цикл теориясының негізін ашып көрсету және цикл фазаларына талдау жасау
- •35. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасын анықтау және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •36. Экономикалық өсу түсінігіне талдау жасау. Экономикалық өсудің типтері мен факторларына сипаттама жасау
- •37. Макроэкономикалық тепе теңдік
- •38. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістеріне талдау жасау.
- •39. Сұраныс және сұраныс заңын талдау.
- •40. Несиенің мәнін анықтау және формаларына сипаттама беру. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын талдау.
- •41. Бәсекенің мәнін ашып көрсету, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау және бәсекелік күрестің түрлерін талдау.
- •42. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын ашып көрсету және қызметтеріне талдау жасау.
- •43. Монополия және бәсеке категорияларына талдау жасау. Монополияның пайда болу себептерін анықтау.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесінің қызметтерін анықтау. Салықтар және олардың түрлеріне талдау жасау.
- •45. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныс тепе-теңдігі
- •46. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы пайданы арттыру принциптеріне талдау жасау.
- •47. Ақшаның функциясына талдау жасау, ақша массасы және ақша агрегатына сипаттама беру.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктеріне талдау жасау.
- •49. Қазіргі ақшалар
- •50. Еңбек биржасының қызметі және оның жұмыссыздық проблемасын шешуге әсерін талдау.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктеріне сипаттама жасау.
- •52. Шекті пайдалылық теориясының негізін ашып көрсету.
- •53. Дағдарыстардың түрлеріне талдау жасау және олардың экономикалық салдарын анықтау.
- •54. Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу ерекшеліктері және оған әсер етуші факторларды талдау:
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігін талдау және оларға әсер ететін факторларға сипаттама беру.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептерін анықтау.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдеріне талдау жасау.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысын теориялық негізде көрсету.
- •59. Экономикалық өсу факторларына талдау жасау және экономикалық өсу көрсеткіштерін анықтау.
1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
Экономикалықтеория – қоғамдықғылым. Ол, басқада ғылымдар мен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарынзерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын – өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.Экономикалық теорияның негізгі қызметтері.1. Танып – білу қызметі – қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс. 2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды. 3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды. 4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады
2.Экономиканың зерттеу әдістерінің қолдану тиімділігін көрсету.
Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін, сатыларын анықтауға қажет.Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар Бақылау әдісі-экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады. Модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет.Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс.Ғылыми абстракция әдісі.Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану,техникалықғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.Анализ және синтез.Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез
