Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_sessia.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады. 1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып,

мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді. 1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде

артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

5.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе

қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, оларбарлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық заңдар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп

отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік

қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады: микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар

талданады.макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

6.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны –заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

ҚРның Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

  • Шаруашылық серiктестiк;

  • Акционерлiк қоғам;

  • Өндiрiстiк кооператив;

  • Шаруа қожалықтары;

  • Жеке (дара) кәсіпкерлік.

Шаруашылықсеріктестік - Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым.Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты,капитал мөлшері,басқару тәртібі айқындалады.Өндірістік кооперативазаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі.Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады. Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]