- •Жұмыстың мазмұны:
- •Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
- •Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі
- •Стандартты типті түрлендіру функциялары
- •Берілгендерді формада енгізу және шығару Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау
- •Компонеттер палитрасы жөнінде
- •Жобалардың негізгі файлдары Файлдардың келесі тобы компилятормен құрылады:
- •Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру
- •Validity Checks (дұрыстықты тексеру) – бұл жазбалар өрісіне қатысты болады және минимал, максимал мәндерін, сонымен қатар келісім бойынша алынған мәндерді анықтайды;
- •InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы мүмкін:
- •Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (tPrint объектісі)
- •Printer қасиеті:
- •Қорытынды
Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары жарық көрді. 5,6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
4
1-сурет. Delphi ортасы.
1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.
2. Форма (Form1).
3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).
5. Негізгі мәзір. 6. Аспаптар панелі.
7. Компоненттер палитрасы.
Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Borland Delphi 5 – Delphi 5.
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1-суретті қара).
Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір (5), аспаптар панелі (6) және компоненттер палитрасы (7) енгізілген (1-суретті қара). Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Ортада программа құруға арналған төртінші терезе – модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Бұл модуль терезесі форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды
орындайтын түймелер Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі
Бұл түймелер – пиктографикалық түймелер деп аталады. Пиктографикалық түймелер бас мәзірдің маңызды опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пиктографикалық түймелер келесі командаларды жүзеге асырады:
Бағдарламаның алдында жасалынған жобаны ашады (File/Open опциясы);
Файлды ашады (File/OpenFile);
Жобаны дискіде сақтайды (File/Save Project);
Жаңа файлды жобаға қосады (File/SaveFile);
Жобадан файлды алып тастайды (File/AddFile);
Ағымдағы жобаға байланысты модульдер тізімінен модуль таңдайды (View/Units);
Бағдарламаның код терезесі және форма терезесі арасындағы белсенділігін алмастырады (View/Toggle Form/Unit);
Ағымдағы жобоға байланысты формалар тізімінен форма таңдайды (View/Forms);
Жаңа бас форма құрады және оны жобаға қосады (File/New Form);
Бағдарламаны орындайды (Run/Run);
Шақырылатын бағдарламаша жұмысын қадағалауды және бағдарламаның қадамдық із салуын жүзеге асырады (Run/Trace Into); және тағы басқалар.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspecteor) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанаға енгізіген жазулардан оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-суретті қара). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
