Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1138_Delphi_2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

Жобалардың негізгі файлдары Файлдардың келесі тобы компилятормен құрылады:

Delphi жобасы формалардан, модульдерден, жоба параметрлерінің қондырғыларынан, ресурстардан тұрады. Бұл ақпараттың барлығы файлда орналасады. Бұл файлдардың көбісі автоматты түрде Delphi- де жасалады. Сіз қосымшаны жобалаған кезде Delphi келесі файлдарды құрады :

  • Жоба файлы (.dpr) – бұл мәтіндік файл модульдер және формалар туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Онда ининциализациалау операторы және орындау үшін бағдарламаны іске қосу бар.

  • Модуль файлы (.pas) – сіз жасаған әрбір формаға код сақтау үшін қолданылатын модульдің тексттік файлы сәйкес келеді. Кейде сіз формамен байланысты емес модульдер құра аласыз. Delphi процедуралары мен функциялары модульдерде сақталады.

  • Форма файлы (.dfm)– сіздің формаларыңыз туралы ақпаратты сақтау үшін құрылады.

  • Файл жобаның параметрлері (.dfo) – бұл файлда жобаның параметрлерінің қондырғылары сақталады.

  • Пакеттер туралы ақпараттар файлы (.drf) – бұл бинарлы файл жоба пайдаланатын пиктограмма және басқа ресурстардан тұрады.

  • Файлдар тобының файлы (.bpg)– егер сіз жобалар тобымен жұмыс істесеңіз құрылатын файл.

  • Ресурстар файлы (.res)– бұл бинарлық файл пакеттерімен жұмыс істегенде қолданылады.

  • Пакет файлы (.dpk)– бұл пакеттің екілік файлы;

  • Резервті копиялар файлы (-.dp,-.df,-.pa)– модуль, форма, жоба файлдары үшін резервті копиялар файлы;

  • Терезе конфигурацияларының файлы (.dsk)– бұл файлда барлық терезелердің конфигурациялары сақталады.

  • Орындаушы файл (.exe)– сіздің қосымшаңыздың орындаушы файлы. Ол OCX, DLL кітапханасын, сондай-ақ орындалу уақытының пакетін қолданбасаңыз автономды түрде орындалатын файл;

  • Модульдің объектті файлы (.dcu) – нәтижелі орындалатын файлға өтетін (.pas) модулінің орындалған файлы; Динамикалық біріктірілетін кітапхана – сіздің өзіңіздің DLL жобалаған жағдайда құрылады.

  • Пакет мазмұнының файлы (.dcp) - файлдарының тізімінен және пакет атауынан тұрады;

  • Орындалу уақытының пакеттік файлы – орындалу уақытының пакеті - Delphi-дің арнайы спецификасы бар DLL кітапханасының файлы.

Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру

Datebase Desktop – бұл Paradox және Dbase жергілікті деректер базасы мен Interbase, Oracle, Informix, Sybase SQL- серверлік деректер базаларының әртүрлі форматтағы кестелермен интерактивтік жұмысы үшін Delphi- мен бірге қамсыздандырылатын және де Paradox- ке өте ұқсас утилита. Орындалатын утилиттер файлы DBD.EXE деп аталады және ол DBD директиясында орналасқан.

5-сурет Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру

Datebase Desktop- ты іске қосу үшін оның иконын екі рет шертсе болғаны. Datebase Desktop іске қосылғаннан кейін жаңа кесте құру үшін File /New /Table менюіндегі командаларды таңдау керек. Сонда кесте типінің диалогтық терезесі шығады. Пішімнің әртүрлі нұсқаларын іске қоса отыра, сіз ұсынылған пішімдердің ішінен кез келгенін таңдауыңызға болады. Кесте типін таңдағаннан кейін Datebase Desktop сізге кестенің өрісін және оның типін анықтайтын және әр пішім үшін өз ерекшелігі бар диалогтық терезені көрсетеді ( 5-суретті қара).

6-сурет Диалогтық терезе

Paradox пішімді кестедегі өріс аты жазылуы төмендегідей ережелерге бағынатын жолды көрсетеді:

  • Аты 25 символдан аспау керек,

  • Аты бос орыннан басталмау керек;

  • Атының құрамында тік, жай фигуралық жақшалар [ ], ( ), { }, тире және символдар комбинациясы «тире» және «үлкен» (– >) болмау керек;

  • Мүмкін ол басқа симвлдардың атынын қатысып тұрса да , атының құрамында # символы болмау керек.

Өріс аты dBase пішімді кестесінде жазылуы Paradox- тан ерекшеленетін ережеге тәуелді болатын ережені көрсетеді:

- Аты бір симвлодан артық болмауы керек;

- Атқа бос орындар жіберілмеуі керек.

Сондықтан, көріп отырғанымыздай, dBase пішімінде өріс аты өте қатаң ережелерге бағынады. Енді Inter Base пішімінде өріс атының жазылуының тәуелді болатын ережелерін тізбектесек:

- Аты 31 символдан артық болмау керек;

- Аты A-Z, a-z әріптерінен басталуы қажет;

- Өріс аты құрамына әріптер (A-Z, a-z), сандар, $ таңбасы және астын сызу символы ( _ ) кіруі мүмкін;

- Атқа бос орындар жіберілмейді;

- Кесте аты үшін Inter Base- ке қатысты сөздерді қолдануға тыйым салынады.

Келесі қадам өріс типінің тапсырмасынан тұрады. Кесте пішіміне байланысты өріс типтері өте үлкен дәрежеде ерекшеленеді. Өрістер типінің тізімін алу үшін «Type» бағанына көшіп, содан кейін бос орынды басып немесе тышқанның оң батырмасын шерту керек.

Paradox, dBase және Inter Base пішімдері үшін қажетті өріс типінің тізбегін келтірейік. Сонымен Paradox пішімінің кесте өрісі келесідей типтерді қабылдауы мүмкін:

Paradox пішімінің өрістер типі.

  • Alpha – кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255 байттық жол;

  • Number – мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандық өріс. Сандар диапазоны – 10 - нен 10 - ге дейін;

  • $ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық нүкте мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген болып табылады.

  • Short – тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс.

  • Long Integer – -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі диапазоныдағы бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын сандық өріс.

  • # BCD – BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын сандық өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы аз, бірақ нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32 сандарының аралығындағы сандарды қабылдауы мүмкін.

  • Date – біздің заманымызға дейінгі 9999- шы жылдың 1- ші қаңтарынан біздің заманымыздың 9999- шы жылының 31- ші желтоқсанына дейінгі даталардан тұратын , ұзындығы төрт байттық даталар өрісі.

  • Time – миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де 24 сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.

  • @ Timestamp – уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық жалпылама даталар өрісі.

  • Memo – ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де символдарды сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады.

  • Formatted Memo – бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан бір артықшылығы – мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.

  • Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. Бұл өріс Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.

  • Bytes – кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық сандар жолы.

dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін: