Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Билет № 12

  1. “Дәрілік жалбызтікен” шәрбатынан инулинге сапалы реакциялар жасау.

“Дәрілік жалбызтікен” Сапалық реакция . Сары түс пайда болғанша дәрілік алтейдің қиылған жері немесе ұнтақты аммиак н/е күйдіріш натрда ұстайды.

Инсулин. 1. Биурет реакциясы, бұл реакция инсулиннің ақуыздық табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2 мл инсулин ерітіндісін және сілтілік реакцияға дейін сілті ерітіндісін қосады (лакмус қағазының көмегімен). Содан кейін 2-3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Сұйық көгілдір түске боялады.

2. Концентрлі азот қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын және қабырғасымен тамшылатып 1 мл инсулин ерітіндісін қосады. Екі сұйықтың бөлінген жерінде анық көрінетін сақина пайда болады.

  1. “Бұрыш жалбыздың” тұндырмасынан құрғақ қалдықты анықтау.

Жалбыз жапырақтарының тұнбасын (5,0:200,0) тыныштандырғыш, спазмолитик, құсқысы келгенде өт айдайтын ретінде, ішектің ауырсынуында ішеді.

Жалбыздың тұндырмасын 90% спиртте 1,0:20,0 қатынаста бұрыш жалбыздың майын бірдей мөлшерде қосып дайындайды. 10-15 тамшыдан невралгиялық ауырсынуларда ауырсынуды басу үшін, жүрек айнуға және құсуға қарсы қолданады. Жалбыз тұндырмасы инсектицидті және репеллентті белсенділік көрсетеді, ағзаның қолайсыз ортаға төзімділігін арттырады. Жалбыздың препараттарын айқын гипотонияда қолдануға болмайды.

Құрғақ қалдық дегеніміз – миллиграммен өлшенетін 1 литр суда еріген тұздардың мөлшері. Құрғақ қалдықтағы органикалық заттардың мөлшері 10-15% аспайды, судың минералдық сапасын құрғақ қалдық бойынша біледі.

Құрғақ қалдықтыанықтау үшін смоланы ( 2 - 3 г) фарфор н/е металдық тигельге салады, 150 С кептіргіш шкафта 30мин бойы ұстайды, одан кейін тигельді эксикаторда кептіріп, өлшейді .

Билет № 13

  1. “Үлкен сүйелшөп” фитопрепаратындағы алколоидтарды сапалы анықтау.

Үлкен сүйелшөп - (лат. Chelidónium majus, Чистотел большой ) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік. Еуропа елдеріде және Жерорта теңізінің елдерінде арамшөп ретінде кең таралған. Америкаға 1672 жылы колонизаторлармен сүйел емдеу үшін алып барылған.

Өсімдіктің сабағының ұзындығы 50-100см. Сабағын сындырған кезде - сүтті шырынға толы секреторлық каналдары табылады. Шырыны ауада қызғылт түске айалады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, 3-5 дөңгелекше бөлшектен тұрады. Гүлдерінің төрт желекті күлтесі болады. Түсі алтын-сары, кәдімгі шатыр гүлшоғырына жиналған. Мамырдан тамыз айына дейін гүлдейді. Жемісі – қауашақ, дәні ұсақ, қара түсті.

Өсімдік улы. Құрамында изохинолин алколоидтары, бензофенантридин туындылары: гомохелидонин, хелеритрин, хелидонин, сангвинарин, протопин т.б. 20-дан астам алкалоид бар. Хелидонин - папаверин мен морфинға құрамы ұқсас алколоид. Гомохелидонин - күші көп у. Аз мөлшерде эфир майлары да табылған. Аскорбин қышқылы (1000 мг-ға дейін) , каротин, флавоноидтар, сапониндар, органикалық қышқылдар болады.

Сапалық реакциялар: Жалпы тұнбаға түсіруші реактивтер:

  1. Драгендорф (азот қышқылындағы иодвисмутат калийдің ер-сі) алкалоидтарға алдын ала сынама жасау үшін қолданылады, егер оң нәтиже берсе, онда ары қарай алкалоидтарды сапалық анықтауға жібереді. Бұл реактив көбіне кристалды тұнбалар немесе өзіне тәне түсті бояу береді.

  2. Алкалоидтар өте аз мөлшерде болса да анқытайтын реактивтер: танин, сынап дихлориді , калий иодидінде йод ер-сі, пикрин және фосфорно-молибден қышқылы, хлорлы платина, ауыр металл тұздары

Жеке сапалық реакциялар

  1. Морфин гидрохлориді аммиак ер-н қосса бейтарапталады, морфин тұнбаға түседі, егер оған сілтінің артық мөлшерін қосса қайта еріп, фенолят түзеді.

  2. Морфин гидрохлориді аммоний молибдаты мен күкірт қышқылы әсерінен күлгін түс береді, ол көк түске, содан соң жасылға ауысады.