Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеттер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Билет № 19

  1. Эфир майын (түсі, иісі, дәмі) талдау. Қоспаларын анықтау.

Сипаттама: Түссіз немесе боялған мөлдір, жиі сары түсті, спецификалық иісті және дәмді.Ереже юойынша эфир майлары судан жеңіл.Көптеген эфир майлары ауаның және жарықтың әсерінен ақырындап тотығып түсін және иісін өзгертеді(қараяды). Кейбіреулері сақтағаннан қоюланады.

Қоспаларын анықтау:Майлы және минералды майлар. 1мл эфир майын 10мл спирті бар пробиркада араластырады;майлы майдың қараюы байқалмау керек.

Су:судың бар-жоғын дистилляция әдісімен анықтайды.

  1. «Herba Leonuri» тұнбасындағы дәрілік шикізатты атаңыз, сапалы табылуы және медицинада қолданылуы.

«Herba Leonuri» тұнбасындағы дәрілік шикізаты сасықшөп шөптері.Щның негізгі әсер етуші заттары- флаваноидты гликозидтер,алкалоидтар,сапониндер, илік заттар т.б.Олардың сапалы болып табылуы бүтін шикізатта сабағы 40см дейін гүлімен және жапырағымен,сабағының түсі сұр-жасыл, жапырағы –қою-жасыл, ал иісі әлсіз,дәмі ащылау болу керек.Медицинада қолданылуы. Тұнба, сұйық экстракт және тұндырма түрінде қолданылады. Жоғары жүйкелік қозғыштықта, артериалды гипертензияда, вегето-тамырлы дистонияда қолданылады.

Билет № 20

  1. Жалбызтікен тамырында шырышы бар екенін қандай реактивпен көрсетуге болады? Реакцияның нәтижесі қандай?

Микроскоппен қарағанда көптеген шырышты жасушалар көрінеді.Суда шырыш ериді, жасушалар түссізге айналып бос болып көрінеді.Көлденең кесіндіні немесе ұнтақты аммиак ерітіндісімен немесе күйдіргіш натр ерітіндісімен сулағанда сары түске боялады(шырыш).

  1. Эвкалипт жапырағында эфир майлары қайда орналасқан? Шынайылығын анықтағанда не үшін эвкалипт жапырағын сәулеге қарату керек?

Эфир майлары үлкен орын алады, дөңгелек немесе овалды формада мезофилде орналасқан және жапырақтың қалыңдығының жартысын алады;ішінде 1-2 қабат бөлетін жасушалары көрінеді.

Билет № 23

1. Дәрілік өсімдікті шикізаттағы дәрумендердің сапалы табылу реакциясы.

2. Көбіктену реакциясы дегеніміз не?

Жауаптары:

  1. Аскорбин қышқылын итмұрын жемісінен бөліп алу және сапалық реакциялар. 5 г өсімдік шикізатын өлшеп алып фарфор келіде майдалап, 50 мл дистилденген су қосамыз, алынған қоспаны 10 минут тұндырып, филтрлейді немесе центрифугирлейді.

Сапалық реакциялар:

  • Калий перманганатымен реакция. 1 мл калий перманганаты ерітіндісіне алынған сығындыны тамшылатып қосқанда ерітінді марганецтің Mn2+ -ке дейін тотықсыздануының себебінен ерітнді түссізденеді.

  • Йод ерітіндісімен реакция. 1 мл йод ерітіндісіне алынған сығындыны тамшылатып қосқанда ерітінді түссізденеді.

  • Темір (II) тұзымен реакция. 1мл сығындыға 1мл натрий гидрокарбонат ерітіндісін және 1 мл темір (II) cульфатын қосқанда, күлгін түсті темір аскорбинаты түзіледі.

  • Күміс нитратымен реакция. Сығындыға күміс ниратын қосқанда тұнба түзіледі.

  1. Көбіктену реакциясы дегеніміз-құрамында сапонині бар дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы бөліндіні 1 минут бойы қарқынды түрде сілкігенде 15 минут бойы жойылмайтын көбік пайда болуды айтамыз. Көбіктік сан-құрамында сапониндері бар ДӨШ тұндырмасын 1минут бойы жойылмайтын көбік беретін минимальды концентрация. Көбіктік санның шамасына қарай зерттеліп отырған шикізатты 3 топтың біреуіне жатқызады: 500-нан жоғары –жоғары көбіктік сан, 2000-5000 –орташа, 2000-нан аз-төмен.

БИЛЕТ № 24

1. Флаваноиды бар фитопрепараттарға цианидин реакциясы немесе Chinoda сынағын өткізу.

2. Иілік заттар. Иілік заттарды бөліп шығару. Физикалық, химиялық қасиеттері.

Жауаптары:

  1. Реакция өте сезімтал, карбонильді топтың тотықсыздануына және антоцианидиндердің түзілуіне негізделген. 1г шикізат ұнтағына 10 мл 95% этанол құйып, су моншасында қайнағанға дейін қыздырады және 3-4сағат тұндырады Спирттік сығындыны фильтрлеп 2 мл көлемге дейін кептіріп, 2 пробиркаға теңдей құяды. Әр пробиркаға 3 тамшы концентрленген тұз қышқылын қосады. Бірінші пробиркаға 0,03-0,05 г магний немесе цинк шаңын қосып, қайнағанға дейін су моншасында қыздырады. Ерітінді қызыл немесе ашық алқызыл түске боялады. Екінші пробиркадағы ерітінді боялмайды.Флавондар сары-қызыл түс береді, флавонолдар алқызылдан таңқурай туске дейін боялады.

  1. Илік заттар деп- иленбеген теріні илеу қабілеті бар өсімдік полифенолдарының тобын айтады. Илік заттардың бұл қабілеті олардың терінің ақуызы коллагенмен байланысқа түсу арқылы шіруге қарсы тұрақты құрылым түзуіне байланысты.

Илік заттарды бөліп шығару: бөлшектер өлшемі 1мм-ге дейін ұнтақталған 1,0 г шикізатты сыйымдылығы 250 мл колбаға салады, үстіне 50мл ыстық су құяды және қайнап тұрған су моншасында 20минут бойы қыздырады. Суытылған бөліндіні мақта арқылы сүзеді.

Физика-химиялық қасиеттері: сары түсті аморфты заттар. Суда, этанолда, ацетонда, бутанолда ериді, хлороформ, бензол, диэтил эфирінде және т.б полярлы емес еріткіштерді ерімейді. Оптикалық активті.

Ауада күңгірттенген өнімдер түзіп оңай тотығады, ақуыз ерітінділерімен және алкалоидармен тұнбға түзеді. Ауыр металл тұздарымен боялған комплекстер береді.