- •1 Тұрмыстық, табиғи-ғылыми және техникалық мағыналарда “ақпарат” ұғымын қалай түсінеміз?
- •3 Берілген ақпараттардың- үздіксіз және дискретті қайсысын компьютерде қолданған тиімді және неліктен?
- •4 Адамныңтехникалық және қоғамдық қызметін деақпараттың берілуі, сақталуы және өңделуі
- •5 Алгоритмнің бағытталғандық (нәтижелілік) қасиеті нені білдіреді? Сандардың шексіз тізбектерін өңдеуді жобалайтын процедураларды алгоритм деп атай аламыз ба?
- •11 Компьютерлерді құрылымының ортақ принциптерін сипаттаңыз.
- •12 Қандай архитектуралар “фон-неймановский” деп аталады?
- •15 Компьютер шинасы. Ортақ шиналардың (магистраль) функциялары қандай?
- •Принципы фон Неймана
- •13 Команданы өңдеу процесінің негізгі айналымын сипаттаңыз. Бағдарламаны орындауда процессор қалай кезекті команда таңдауды жүзеге асырады?
- •14 Кең тараған компьютерлік архитектураларды атаңыз. Классикалық архитектура несімен ерекшелінеді?
- •16 Саналатын есептер сипаты компьютерлік архитектурамен қалай байланысты?
- •17 Орталық процессор қандай функцияларды жүзеге асырады?
- •18 Қазіргі микропроцессорлар қандай негізгі компоненттерді құрайды? Қазіргі микропроцессорлар конструктивті қалай істелінген?
- •19 Эем дегеніміз не? Оның бағыттары қандай? Статистикалық және динамикалық жадтардың айырмашылығы қандай?
- •Энтропия үшін әрқашан h(p) 0 Егер бір оқиғаның пайда болу ықтималдығы 1-ге тең болса, онда
- •20 Компьютераралық байланыстардың бағыты қандай? “Клиент-сервер” технологиясын сипаттаңыз.
- •21 Алгоритмнің бағытталғандық (нәтижелілік) қасиеті нені білдіреді? Сандардың шексіз тізбектерін өңдеуді жобалайтын процедураларды алгоритм деп атай аламыз ба?
- •22 Hardware аппаратурасының және компьютерді программалық қамтамасыз ету-Software-дің рөлә қандай?
- •23 Компьютер қызметінің принциі қандай?
- •24 Жадтың функциясын және процессор функциясын сипаттаңыз. Процессордың екі негізгі бөлігін атаңыз. Олардың бағыттары қандай?
- •25 Қандай ақпаратты текте команданың адресті бөлігі бола алады?
- •27 Көп процессорлы архитектураның өзіндік ерекшелігі қандай? Параллель процессорлы архитектуралар. Көп машиналы архитектуралар.
- •28 Жадтағы сандық өлшемдердің негізгі және туынды бірліктерін айтып шығыңыз. Компьютер жадының екі негізгі түрлерін атаңыз. Ішкі жадтың негізгі компоненттерін атаңыз.
- •29 Кэш жады. Оның негізгі бағыттары? Ол қалай жұмыс жасайды? Арнайы жад дегеніміз не? Оның негізгі түрлерін ата.
- •30 Контроллерлер мен адаптерлер дегеніміз не? Олардың айырмашылығы қандай?
- •31 Желілік тополпгиялардың негізгі түрлерін атаңыз. Желілік архитектуралар.
- •32 Мультимедия технологияларының негізгі түрлерін атаңыз. Мультимедия-бағдарламалар тарату үшін қандай ақпарат қолданылады? Мультимедия-қосымшаларды жасау құралдары?
- •33 Микросхемаларды жасау процесі қандай негізгі кезеңдерден тұрады? Қандай компьютерлерге интегралды схемаларды кең түрде қолдану тән?
- •34 Бағдарламаларды әзірлеу процесі қандай қызметтерден тұрады?
- •35 Растрлық және векторлық кестелердің негізгі ерекшелітері мен кемшіліктері.
- •36 Дисплей экранына сурет салудың принциптері? Түрлі түсті салу?
- •37 Компьютерлік кестенің дәстүрлі(традиционный) кестеден айырмашылығы неде?
- •39 Суперкомпьютерлік архитектура негізінде қандай идеялар дамуда? Суперкомпьютер мүмкіндіктері қандай максималды деңгейде жүзеге асады?
- •40 Компьютерде есеп шығарудың қандай негізгі сатылары бар? Компьютерсіз қандай компьютерде есеп шығару сатылары жүзеге асады?
18 Қазіргі микропроцессорлар қандай негізгі компоненттерді құрайды? Қазіргі микропроцессорлар конструктивті қалай істелінген?
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт -тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт). Такт – процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік – процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, өлшем бірлігі – МГЦ (мегагерц). Процессорбарлық есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессор деп аталады.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор өңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.
Микропроцессор үлгілері. Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).
Дербес компьютердің (ДК) типі онда орналастырылған микропроцессордыңмодельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс өнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен өлшенетін)анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің (винчестордың) өлшемі маңызды роль атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1-кестеде көрсетілген.
1- кесте. ДК типтерімен мінездемесі
Процессор моделі |
Жұмыс өнімділігі (тактілі жиілігі) МГц |
Жедел жады, Мб |
Қатты диск (винчестор), Мб |
Intel 286 |
8-20 |
1-2 |
20-80 |
Intel 386 |
40-60 |
2-4 |
40-200 |
Intel 486 |
66-100 |
4-8 |
80-500 |
Pentium |
100-300 |
8-32 |
500-2000 |
Pentium ІІ |
300-450 |
16-32 |
1000-4000 |
Pentium ІІІ |
500-1000 |
32-128 |
10000-40000 |
Pentium IV |
1000-3400 |
128-512 |
10000-80000 |
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - тактілік жиілігінде жатыр. Жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Қазіргі уақытта PentiumIV процессорлы компьютер қолданысқа еніп, басқалары ескірген. Микропроцессордың құрамы:
Басқару құрылғылары;
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ);
Микропроцессордың интерфейстік жүйесі – жалпы міндет атқаратын регистрлер.
Микропроцессорлық жад- кэш жад.;
Басқару құрылғылары (БҚ) - Орындалып жатқан операцияларда қолданылатын басқару импульстерін (сигналдары) қажет кезінде қалыптастырып, машинаның барлық блоктарына жібереді. БҚ – жад ұяшықтарының адресін жасайды және бұл адрестерді ЭЕМ- нің сәйкес блоктарына жөнелтеді.
Арифметикалық – логикалық құрылғы (АЛҚ) - сандық және символдық информациялармен орындалатын барлық арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды.
Жалпы міндет атқаратын регистрлер – регистрлерде негізгі жадтан түсетін аралық мәндер сақталады.
Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш – жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш – жад екі деңгейлі. Біріншісі процессор ішінде, екіншісі процессордан сырт (тақшада) орнатылады, көлемі 256-512 Кбайт шамасында.
