Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор флора фауна.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

12.Шөл және шөлейтті жер өсімдіктерін сипаттаңыз

Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді. Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат және таңқурай өседі.

13.Орта Азия шөлдері және Қазақстан шөлді аймағы

Қарақұм– Орталық Азияда, Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып жатқан құмды алқап, шөл. Солтүстік және солтүстік-шығысы Сарықамыс ойысы, Әмудария аңғары, оңтүстік-шығысы Қарабел және Бадхыз қыраттары, оңтүстігі Копетдаг етегі, батысы Батыс Узбоймен шектелген. Ауданы 350 мың км2. Қарақұм солтүстік Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бөлінеді. Жер беті төбелі жазық. Негізінен, осы жерлер арқылы өткен ежелгі Әмудария, оңтүстігінде Мургаб және Теджен өзендерімен келген құм шөгінділерінен түзілген. Шөлде тақыр жерлер мен сортаңды қазаншұңқырлар, құм төбелер және қырқалар жиі кездеседі. Оңтүстік-шығыс және Орталық Қарақұмдардағы құмды қырқалардың биіктігі 3 – 30 м. Қарақұмның климаты қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы 3°С-тан (оңтүстікте) –5°С-қа (солтүстікте) дейін. Шілдеде орташа температура солтүстігінде 28°С, оңтүстігінде 34°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың солтүстік-шығысымен Әмудария өзені ағып өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-батысындағы Мургаб және Теджен өзендері құмға сіңіп кетеді. Эфемерлі өсімдіктер, өлеңшөп, ақ және қара сексеуіл, қараған, астрагал, қылша өседі. Киік, түлкі, қасқыр, қарсақ, шибөрі, т.б. аңдар, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілер өте көп; құстардан бозторғай, шіл, т.б. кездеседі. Қызылқұм шөлі — Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Ауданы 300 мың км² (оның 1/3 -інен астамы Қазақстан аумағында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында). Қызылқұм шөлі Өзбекстан, Қазақстан (солтүстік бөлігі) және шағын оңтүстік-батыс бөлігі Түркіменстан республикасында жатыр. Солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 53 м-ден (Қызылорда облысы Арал теңізі жағалауы) 300 м-ге дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы Қайрақтау таулары, 388 м).Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған бұйратты қалдық тау жұрнақтары(Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау т.б. Өзбекстанда) кездеседі. Олардың ең биік жері 992 м (Тамдытау тауы, Өзбекстан аумағында). Жалпы, шөлдің жер бедері жазық. Геологиялық тұрғысынан 3 құрылымдық ярустан тұрады. Олар бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық тау жыныстары құрайды. Жер қыртысында қалыңдығы 500-2000 м болатын юра және бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. Тақыр жерлерде де кездеседі. Юра және бор қабаттарында мұнай-газ кен орындарының барлығы анықталды (Қызылорда облысында). Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар. Қызылқұм шөлінің басым бөлігін қырқалы-ұялы және қырқалы құм төбелер алып жатыр. Кейде биіктігі 10-15 м болатын шағыл құмдар да кездеседіМойынқұм – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап. Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі. Ауданы 37,5 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15–30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі биіктігі 10–25 м, ұзындығы 1–2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты. Орталық бөлігінде биіктігі 50 – 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары тереңіректе (35 – 50 м) кездеседі. Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы батысында –11,2С (Тасты ауданы маңында), шығысында – 2–7,5С (Үмбет ауданы маңында), шілдеде 26,9–25,6С Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км² шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 — 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]