15.Мойынқұм және Бетпақдала шөл далалары туралы баяндаңыз
Мойынқұм – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап. Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі. Ауданы 37,5 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15–30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі биіктігі 10–25 м, ұзындығы 1–2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты. Орталық бөлігінде биіктігі 50 – 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары тереңіректе (35 – 50 м) кездеседі. Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы батысында –11,2С (Тасты ауданы маңында), шығысында – 2–7,5С (Үмбет ауданы маңында), шілдеде 26,9–25,6С. Ауаның ең төменгі температурасы –40 –44С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150–330 мм. Қардың қалыңдығы 10–15 см-ден аспайды. Сексеуіл, жусан, жүзгін, еркекшөп, теріскен, т.б. өседі. Ақбөкен, қарақұйрық, қоян, кірпі, қосаяқ, саршұнақ, т.б. мекендейді. Мойынқұм – мал жайылымы. Шұратты жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Үмбет мемлекеті аңшылық шаруашылығы және Андасай (Аңдысай) қорықшасы ұйымдастырылған
Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км² шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 — 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар.
16.Фауна туралы түсіндіріңіз Фауна (лат Fauna-Ежелгі Рим мифологиясы бойынша Орман шөп егістік құдайы,жануарлар қамқоршысы)-бір аумақта мекендейтін не Жер тарихында белгілі бір кезінде тірек еткен барлық жануарлар түрінің жиынтығы. Республика Жерінде: 6%-ын орманды дала 28%-ын дала 58%-ын шөл және жөлейтті жерлер 8%-ын таулы аудандар алып жатыр Орманды далада:қоян,бұлан,елік,құр,кекілік, Шөл мен шөлейтте:ақ бөкен,қарақұйрық,қосаяқ Далалар:суыр,саршұнақ, Тауда:арқар,таутеке,марал,құну,қоңыр аю,барыс,жылқы Қазіргі кезде Жер бетінде жануарлардың-1,5 мил-нан астам түрі белгілі,жыл сайын 10мыңға жуық жануарлар түрі анықталған.Фаунаны зерттеумен зоогеографиялық фаунистика саласы шұғылданады.
17.Фитоценоздардың географиялық элементтері,флоралық дүниелер Фитоценоздар формациясының және басқа өсімдіктер жабындыларының флорасында үш тобын ажыратуға болады : эндемдер, аэндемдер, эйремдер. Эндемдер – географиялық шағын аймаққа ғана таралған басқа жерде кездеспейтін түрлер : аэндемдер осы шағын аймақта пайда болған, бірақ қазіргі ареалы ол аймақ территориясынан шығып кетпек.
Эйремдер – бұл аймақ территориясынан сырт жерде пайда болған түрлер. Флоралық дүниелер / царства Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір –бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін алты флоралық дүниелер аймақтар бар. 1). Голарктикалық дүние. Ол Солтүстік жарты шарының тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды. 2). Полетропикалық дүние – ол ескі әлемнің барлық тропикалық (ыстық жақтар) аудандарын қамтиды, көптеген қысы суық аймақтарда кездеспейтін тропикалық тұқымдастардың болатандығымен ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағы бөледі. а) аффрикалық, б) индо –малайлық, в) полинезиялық. 3). Неотропикалық дүние – бұған Мексика. Орталық және Оңтүстік Америка жатады. Бұл дүниеде палетропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі. 4). Австралиялық дүние – бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда мұндағы барлық түрлердің 86% тек қана Австралияда кездеседі. 5). Антарктикалық дүние –бұл дүние Оңтүстік Америкадан жаңа Зеландияға дейін созылып, Антарктика континентін қоршап жатады. 6). Кап дүниесі – бұл флоралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы. Оған тек Африканың Оңтүстік батыс шегі ғана кіреді. Бұл дүниеде 6000-нан астам гүлді өсімдіктер түрлері кездеседі.
18.Палеонтропикалық облыс туралы сипаттаңыз Полетропикалық дүние – ол ескі әлемнің барлық тропикалық (ыстық жақтар) аудандарын қамтиды, көптеген қысы суық аймақтарда кездеспейтін тропикалық тұқымдастардың болатандығымен ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағы бөледі. а) аффрикалық, б) индо –малайлық, в) полинезиялық.
19.Австралиялық облыс туралы сипаттаңыз Оңтүстік жарты шарларда 3тропикаға жататын облыстар ішіндегі ең үлкені.Ол Австралияны түгелдей декрлік және Тасмандия аралын алып жатады.10 мың жабық тұқысды өсімдіктер түрлері кездеседі.олар 8 мындай эндемик түрі.Коп тараған тұқымдастары бұршақ лирта,астра гүлді,қиякөлеңкелер,қоңырбастылар тұқымдастары жатады 300-дей түрді папортник тәрізді түзеді.
20.Антарктикалық флоралық облыс туралы түсіндіріңіз Оңтүстік Американың Оңтүстік батыс шетінде,Отты жерде,Фолкленд аралында,сонымен бірге Тристанды-Куные,Камбелла аралында және т.б.Осыған 2 флоралық облыстар керісінше бұл жерде ормандар басым болып келеді,ал ашық жерлерді-мүкті тундра алып жатады.2 мыңдай өсімдіктер түрі өседі,олар 75% эндемик.Аралында жабық тұқымды өсімдіктер баржоғы 20-25 тей ғана түрі өседі.Споралы өсімдіктері басым.Оңтүстік ендікте 62% тан жоғары тек мүк тәрізді,қыналар және балды өсімдіктер.
2модуль
1.Арктикалық шөл далалардың фитоценозы.Евразия материгiнiң солтүстiк аудандары, Солтүстiк Мұзды мұхиттың аралдары, Арктика мұздары.Жазда бұл жерде Күн көкжиекке отырмайды, ал қыста ол тiптi ұзақ уақыт көрiнбейдi. Тiптi жазда мұзды аймақты мекендеушiлер жылу жетiспеушiлiгiн сезiнедi. Олар суықтан қорғануға бейiмделген: теңiз мысығы және итбалықта терiсiнiң астында қалың май қабаты бар; полярлы түлкi, ақ аюдың жүндерi өте ұзын; кайра , полярлы жапалақта жабын қанаттары қалың, ол жылуды сыртқа шығарудан сақтайды. Көптеген арктикалық жануарлардың түстерi ақ немесе ақшыл. Ал ақ аюда, полярлы жаналақта ақ түс жыл бойы сақталады.Өсiмдiк жабынының негiзiн қыналар мен мүктер, қысқа шөптi өсiмдiктер, карликтi ағаштар мен бұтақтар құрайды. Жазда, өсiмдiктiң әртүрлi түрлерiнiң гүлдеуi бiр мезгiлде өтетiн қысқа уақытта, тундра гүлдеген лютик, голубика, брусника, қоңыраубас гүлдерiмен жабылады.Карликтi ағаштар бұталы, биiктiгi 20-30 см бұтақтардан тұрады, олар тiгiнен емес, жерге жайылып өседi. Мысалы, полярлы тал ұзындығы 5 м-ге жетедi, ал оның биiктiгi бiрнеше см – ғана. Көптеген өсiмдiктер жастықтәрiздi, бұл түрi оны күн сәулесiмен жақсы жылуға және қатты желден сақтауға көмектеседi.Жануарлардан тундрада солтүстiк бұғы, полярлы қасқыр, лемминг, аң кекiлiк бар. Бұғы табыны қорек iздеумен көшiп қонады, олардың қорегi қыналар. Бұғыларды қасқырлар аңдиды, олар үшiн бұғы негiзгi аңлау объектiсi. Жазда тундрада ауаны жәндiктер қаптайды. Маусымның соңында және шiлде айында адамдар мен бұғыларға қансорғыш масалармен шiркейлер тыныштық бермейдi.құстарын (шағала, үйрек, гагалар, гагаралар) тартады. Қыста тундрада тек ақ кекiлiк, полярлы жапалақ және қарғалар ғана қалады.
2.Дала зонасының региональды ерекшеліктер. Далалар бiздiң елiмiздiң қоныржай аудандарында орналасқан, ол жерде күн жылуы көп және жауын-шашын аз. ормандар өспейдi, бiрақ ол шөптi өсiмдiктер үшiн жеткiлiктi.Көктемде және жаз басында дала ашық және көркем. Ол жасыл кiлемдей төселiп, жауқазын, көкнәр, шегiргүл өседi. Көктемгi-жазғы уақытта қоректiң көп болуы өсiмдiкқоректi және басқа жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Бұлар суыр, саршұнақ, тышқандар, түлкi-қарсақ. Үлкен жануарлардан далада жабайы есек-құландар, дуадақ құстары, безгелдек. Бiрақ олар өте аз қалды, оларды қызыл кiтапқа енгiзген. Ылғалдың жетiспеушiлiлiгi –шөлдердiң ең негiзгi қасиетi.Шөлдерде сұр-қоныр топырақ таралған, ол сор деп аталады. Топыраққа шөптердiң қалдықтары түсiп, топырақ микроорганизмдерi көмегiмен олар минералды заттарға дейiн ыдырайды. Шөл өсiмдiктерiнiң ұзақ уақыт бойы дамуында шөлдi жағдайларға тiршiлiк етуге бейiмдiлiгi түзiлген. Олардың көпшiлiгi ерте көктемде, жаңбыр өткеннен кейiн, тез дамиды және бұл кезең ыстық түскенде аяқталады. Олар шөлейтенуден қашатын секiлдi. Кактустар, басқа да өсiмдiктер жапырақтары -тiкенек, қабықтары қалың, бұл суды үнемдеуге көмектеседi. Кейбiр өсiмдiктер (сексеуiл, жантақ) суды тереңдiктен тамырлары арқылы сiңiредi.Жануарлар ыстық күн сәулесiнен қорғанады: олардың көпшiлiгi түнде белсендi тiршiлiк етедi, мысалы тышқандар, кейбiр кесiрткелер; күндiзгi кесiрткелер-домалақбастылар iндерiне кiредi, құмға көмiледi немесе бұтақтарға шығады, ол жерде жерге жақын ауаға қарағанда температура төмен.Шөл жануарлары суды табуға әртүрлi бейiмделген, антилопалар-суды iздеп алысқа жүгiредi; түйе-өзiнiң денесiнде майды жинайды, май ыдырағанда су бөлiнедi; тышқандар өсiмдiктiң шырынды бөлiктерiмен қоректенедi және қоректен келетiн ылғалға қанағаттанады.Түйелер апталап сусыз жақсы жайылымдарда ғана жүре алады екен, ол жердегi шөптерде ылғал көп. Сусыз бiр өркештi африкандық түйе 4, ары кетсе 5 күн жүре алады.
3.Биік таулы шөлдер. ОңтүстікАфрика жер бетіндегі ең үлкен шөл - Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер,либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасыкездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететінпіл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Каррушөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққатөзімді бидайдың отаны. Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетінсүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр,адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады.
Америка.Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орманды дала мен дала жануарларынан бизон, айырмүйізді бөкен, мазам бұғысы, койот, прерия түлкісі тек қорықтарда ғана сақталған. Субтропикте аллигатор, кайман тасбақасы, қоқиқаз, бірқазан, каролина тотықұсы мекендейді. Кордильерада қар қойы, гризли аюы, қар ешкісі; шөлді-далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері – улы жыландар мен кесірткелер бар. Орт. Америкада, Вест-Индияда, Мексика таулы қыратында тропиктік жануарлармен бірге оңт. америкалық сауыттылар, маймылдар, жарқанаттар, колибри, тотықұс, тасбақа, қолтырауын, кесірткелер тіршілік етеді. Өсімдік жайлы орман және бат-нда мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған. аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңт. мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі. Тау беткейлерінде орманды алқап (800 – 2000 м) тау-тайгалық самырсынды-шыршалы орманға, жоғарыда субальпі және альпі шалғындарына ұласады. Астық тұқымдас жусанды өсімдіктермен қатар суккуленттер (ағаш тәрізді кактус, алоэ, юкка, т.б.) басым өседі.Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі
Австралия Үлкен Виктория шөлі (Great Vіctorіa Desert) — Австралияның оңтүстікндегі ауқымды құмды алқап. Солтүстігінде Гибсон шөліне, оңтүстігінде Налларбор құмды-қиыршықты малтатасты жазығына ұласады. Стюарт жотасынан Тұзды көлдер жазығына дейін шығыстан батысқа қарай 1200 км-ге созылады. Ені 400 — 550 км. Ауданы 350 мың км², орташа биіктігі 150 — 300 м. Жер бедері негізінен құмды қырқалардан тұрады. Олар басым желдердің бағытына сәйкес батыс, солтүстік-батыстан шығыс, оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Арагідік үстірт жұрнақтары мен тұзды көл ойыстары кездеседі. Үлкен Виктория шөлі Оңтүстік жарты шардағы пассаттар жүйесінің жоғ. қысымды белдемінде орналасқан. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 125 — 250 мм. Температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы үлкен (қыста тәуліктік ауытқу 35 — 40 С-қа жетеді). Шілденің орташа температурасы 12 — 18 С. Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының өтуіне байланысты күрт суытып, үсік түсетін кездері де болады. Жазы ыстық, қаңтардың орташа темп-расы 25 — 30 С, абс. максимум 50 С-қа жетеді. Қырқаларда қатқыл, тікенекті спинифекс шөбі өседі. Қырқа аралық ойыстарды скрэб тоғайлары алып жатыр. Шөлді тұңғыш рет 1875 ж. ағылшын ғалымы Э.Джайс зерттеген. Үлкен Виктория шөлінде осы аттас ұлттық саябақ құрылған.
4. Жер шарының өсімдіктерінің және жануарларының таралу зандылықтарыӨсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи-генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы.
Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеографиядеп атайды. Жануарлар географиялық - биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен-көлде, теңізде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді.
Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жануарлар құрамы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі.
5.Саванна дала өсімдіктері. Саванна (ис. sabana - кариб үндістерінің тілінен енген) — тропиктік ормандар мен шөлдер аралығындағы биом түрі. Саваннада субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік өсімдіктер типінің ксерофитті шөптесіндері, жеке немесе шоқ ағаштары (акация, эвкалипт, т.б.) мен бұталары кезектесіп орналасқан. Өсімдіктері ұзаққа созылатын құрғақшылыққа бейім келеді. Шөптесін өсімдіктерінің жапырағы қатқыл, тікенекті. Олардың ішінде биікт. 3 — 5 метрге дейін жететін астық тұқымдастары да бар. Ағаштары аласа, діңдерінің қабығы қалың, жоғарғы бөлігі шатыр тәріздес. Құрғақ маусымда кейбір ағаштар діңіне (баобаб, бөтелке ағашы, т.б.) су қоры жиналады. Саванна тропиктік егіншілікке қолайлы: мақта,жер жаңғақ, жүгері, темекі, күріш егіледі. Жануарлардан піл, мүйізтұмсық, керік, зебр, антилопалар; құстардан түйеқұсмекендейді. Солтүстік Африка аумағының 40%-ын қамтиды. Оңтүстік Америкада (кампос, льянос), Оңтүстік жәнеОңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік-Шығыс Австралияда да таралған
6. Шөл және шөлейтті жер өсімдіктері Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, туймедағы, боздан құралады. Кейде жусанкөлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпекөседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасындадолана, мойыл, итмұрын, қарақат және таңқурай өседі. Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен,қарсақ, түлкі, қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз жыландардан — қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, су жыланы, улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық жылан бар.
7. Тау өсімдіктері Тау Флорасы – тауда өсетін өсімдіктер. Тау Флорасы мұз дәуірінде ауа райы өзгеруіне байланысты солтүстік өсімдіктері оңтүстікке, мұз ерігенде оңтүстік өсімдіктері солтүстікке таралуынан қалыптасқан. Таудың альпілік және субальпілік белдеулерінде ауа райы салқын солтүстік өсімдіктері, ал төм. беткейлерде сол аймаққа тән дала мен шөл өсімдіктері таралған. Тау Флорасында өсімдіктердің тау белдеулеріне таралуы жазық өсімдіктерінің жер бетінде аймақтық орналасуына ұқсас деуге болады, дегенмен Тау Флорасы құрамында тау, ауа райы, топырақ ерекшелігіне икемделген өсімдіктер түрлері көп, олар көбінесе аласа, ашық түсті үлкен гүлді болып келеді. Тау бөктерінде бетеге, сарғалдақ, қызғалдақ, қияқ, жуа, т.б. өсімдіктер, ал тау орманы алқабында биік шалғыншөп, бұта өседі. Тау Флорасы құрамында сол жерге ғана тән эндемик түрлер де жиі кездеседі.
Мысалы: Қаратауда өсетін мыңнан астам өсімдіктің 150-дей түрі – эндемик (шөмішгүл, тиынтық, түйетабан, т.б.). Өсімдіктер дүниесі әр түрлі және шөбі бітік болатындықтан, Тау Флорасының шалғындық, жайылым, жайлау ретінде, дәрілік, илік заттар алуда маңызы зор
8. Тайга тундра өсімдіктерінің таралу заңдылықтары. Тундраның негізгі белгісі - орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей. Жұқа өсімдіктер жабыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді. Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын, жер беті және бұталы бел деуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3-4 аймен шектеледі. Қолайсыз кезенде омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция (құстар, сұтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл бойы санының күрт ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көп жылджық циклдері мен өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты болады. Топырақ жабын қабатында тіршілік ететін сапрофагтардың арасында саны бойынша өте ұсақ жұмыр құрттар-нематодалар, микроартроиодалар -коллемболалар, кенелер-гамазидалар мен орибатидалар, ұсақ құрттар -энхитреидалар, жауын құрттары мен қосқанаттылардың личинкалары басым. Тайга. Бореалды қылқан жапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі Циркумполярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу, түрінде Евразия, Солтүстік Америка арқылы өтеді. Евразиядагы қылқанжапырақты ормандардың енінің максимумы Енисей мен Лена өзендерінің аралығында болса, Солтүстік Америкада Тынық мүхит жағалауларында.Тайганың климаттық жағдайлары салыстырмалы түрде қысқа вегетациялық кезеңімен, салқын қыс, салыстырмалы түрде салқын жазбен сипатталады.Тайга ормандары моно немесе олиго - доминантты, әдетте қарапайым және анық бөлінген белдеулік құрылым тән. Ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер белдеуін және қыналы-мүкті топырақ қабатың бөліп көрсетуге болады.Қылқан жапырақты ағаштардың түрлері — шырша, арша, қарағай, самырсын — бүкіл тайга бойындағы негізгі орман түзушілер.
9. Ашық кеністікте мекендейтің жануарлар Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.
10Жер астында мекендейтің жануарлар.Жер асты сүтқоректілерге көртышқандар, соқырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар жәндік жеушілердің отрядына, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүтқоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртышқандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австралияда тараған. саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышқандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқұйрықтар (Nesokia indica) тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің тамырларымен қоректенеді. Көздері кішкентай, кейде соқырлардікі тері қатпарлармен жабылып, құлақ қалқаны болмайды. Кейбіреулерінің құйрығының жұрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктердің барлығы олардың жер астындағы інінде де жүруге бейімделушілігі болып саналады. Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тәсілдері түрліше болады, мысалы, көртышқандар — өзініӊ қалақша тәрізді алдыңғы аяқтарының мықты тырнағымен топырақты қазып босаған топырақты жан-жақка және артқа қарай ысырып отырады. Вертикаль індерде топырақты денесінің алдыңғы жағымен итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады. Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген, сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған топырақты көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып шығарады.
11. Мәнгі жасыл субтропикалық ормандар және бұталар Тубтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.
Орман-тоғайлар қыста климаты суық,жазы жылы жақтарда болады. Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді. Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі. Көптеген жұмсақ климатты елдерде жапырақты ағаштар өседі. Олардың қысқа қарай жапырақтары түседі. Орманда ағаштың көпетген түрлері: қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, қайың, тал, шетен, тобылғы, емен, үйенкі, қарағаш, тағы басқа жабайы жеміс ағаштары да кездеседі. Таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі. Орманның үш түрі болады: қылқан жапырақты, жапырақты және аралас.Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын алып жатыр. Біздің елімізде орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь –Шань шыршалары, самырсындар биік болып көрініп тұрады. Аралас ормандашыршалар, самырсындар, көктерек, шетен, долана, тағы басқа ағаштар араласып өседі. Көкшетау, Баяндауыл, Қарқаралыда қайың, қарағай, батыс Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі.
12. Мәнгі жасыл лавр және жалпақ жапыракты ормандар Лавр жапырағы- лавр кутарник немесе мәңгі жасыл ағышының кептірілген жапырақтары. Онын құрамында цииеол (25-50%) компонентінен тұратын эфир майларынан (3-4%) тұрады. Лавр жапырағы аспаздықта, консерві, балық және басқатамақ өдірісінде колданады. Лавр жапырағы — мәңгі жасыл болып тұратын лавр ағашының не бұтасының кемірілген жапырағы. Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Қырымның оңтүстік жағалауында өседі. Ас дайындағанда оның қысқа бүршікті, хош иісті және ашқылтым дәмді жасыл жапырақтары аса бағалы. Лавр жапырағын жабық ыдыста құрғақ жерде сақтау керек. Ол тағамға өзіндік дәм, иіс береді. Оны сорпаға, қой, сиыр еттеріне, фаршталған балыққа, маринадқа, соусқа қосады. Әдетте лавр жапырағын сұйық тағамдарға су не 5 минут, қою тағамға 10 минут қалғанда салады. Лавр жапырағын салған тарамды көп қайнатса, қышқылтым дәм пайда болады. Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пенкөміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.
13. Мәнгі жасыл субтропикалық ормандар жалпақ жапыракты ормандардың жануарлары
14. Африка саваннасы өсімдіктері және жануарлары
15. Оңтүстік Африка Американын саваннасы ОңтүстікАфрика жер бетіндегі ең үлкен шөл - Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер,либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасыкездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететінпіл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Каррушөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққатөзімді бидайдың отаны. Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетінсүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр,адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады.
Америка.Тундра белдемінде солт. бұғысы (карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, т.б. тіршілік етеді. Канаданың Арктик. топаралы мен Гренландияда күдірқодас кездеседі. Тайганы бұлан, вапити бұғысы, америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құндыз, қызыл тиін, т.б. мекендейді. Аралас және жалпақ жапырақты ормандағы виргин бұғысы, сұр түлкі, қызыл сілеусін, сұр тиін, көртышқан; құстардан құладын, жабайы күрке тауық жойылуға жақын. Орманды дала мен дала жануарларынан бизон, айырмүйізді бөкен, мазам бұғысы, койот, прерия түлкісі тек қорықтарда ғана сақталған. Субтропикте аллигатор, кайман тасбақасы, қоқиқаз, бірқазан, каролина тотықұсы мекендейді. Кордильерада қар қойы, гризли аюы, қар ешкісі; шөлді-далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері – улы жыландар мен кесірткелер бар. Орт. Америкада, Вест-Индияда, Мексика таулы қыратында тропиктік жануарлармен бірге оңт. америкалық сауыттылар, маймылдар, жарқанаттар, колибри, тотықұс, тасбақа, қолтырауын, кесірткелер тіршілік етеді. Өсімдік жайлы орман және бат-нда мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған. аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңт. мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі. Тау беткейлерінде орманды алқап (800 – 2000 м) тау-тайгалық самырсынды-шыршалы орманға, жоғарыда субальпі және альпі шалғындарына ұласады. Астық тұқымдас жусанды өсімдіктермен қатар суккуленттер (ағаш тәрізді кактус, алоэ, юкка, т.б.) басым өседі.Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі
16. Ылғалды тропикалық зона өсімдіктері Төменгі сатыдағы өсімдіктер субстраттан ылғалды бүкіл талломы (вегетативті ағза) арқылы, ал жаңбыр тамшыларын, шық, түман ылғалын бүкіл денесімен сіңіреді. Қыналар өздерінің қурғақ салмағынан 2-3 есе көп ылғалды бойында сақтай алады. Өсімдіктердің тамыр жүйелерінің айналасында ылғал қоры азайған кезде өсімдік тамырлары өсу арқылы беткі ауданын үлкейтеді. Далалы және шөлді аймақтардағы өсімдіктерден эфемерлі тамыр жүйелерін байқауға болады. Олар топырақ ылғалды кезде тез өсіп, қүрғақшылық басталғанда тез қурап кетеді.
Өсімдіктерде тамыр жүйелерінің шашақтануы бойынша экстенсивті және интенсивті тамыр жүйелерін ажыратады. Экстенсивті тамыр жүйесі топырақ қабатына терең енгенімен, әлсіз шашақтанады. Мұндай тамыр жүйелері көптеген дала және шөл өсімдіктерінде (сексеуіл, жантақ) кездеседі (10 сурет). Интенсивті тамыр жүйе топырақтың аз ғана бөлігін алғанымен, шашақтануы күшті болады (көптеген шымды астық тұқымдастарда, бидайда, қара бидайда).
Жоғарыда айтылғандай құрғақ жердегі өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы дамыған, мысалы, теректің тамыр жүйесі 2-3 метр, Қара сексеуілдікі 8 метр, жанғақтікі 15 метр, эвкалиптікі 152 метр тереңдікке дейін топырақ қабатына енеді. Шөлде өсетін өсімдіктердің жалпы салмағының 9/10 бөлігі жердің астында болса, сулы жердегі өсімдіктердің салмағы керісінше жердің бетінде, яғни топырақтың үстіңгі қабатында шоғырланады. Шөлдегі бүталардың жапырақтары қатты әрі кіші, қабығы тығыз болып келеді. Бүл ерекшеліктер өз кезегінде өсімдіктің бойьщдағы судың булануын азайтады. Ал көптеген өсімдіктердің жапырақтары нәзік, әрі жүқа болады. Олар ылғал бар кездері Жалырақ жаяды да, қүрғақшылық кездері түсіп қалады.
17. Биоценоздардың құрамы мен құрылымы Биоценоз – бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң күрделi табиғи жиынтығы (“биос” - өмiр, “ценос” – бiрлестiк). Тоған биоценозы. Табиғатта биоценоздар әртүрлi масштабта болады. Бұл, мысалы, ағашты, шалғындықты, тоғанды, батпақты, орманды бұзатын мүктер биоценозы. Қолдан жасалған биоценоздар бар – аквариум, террариум, жылыжай, ол жерлерде белгiлi абиотиканың жағдайлар жиынтығына бейiмделген бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлер бар және олар бiр-бiрiмен байланыса отырып, тiршiлiгiн сақтайды. Биоценоз мүшелерi тура немесе жанама қоректiк қатынастармен байланысқан, бiр-бiрiне тiршiлiк ортасын түзiп, бiрлесе отырып сандарын шектейдi. Түрлер эволюция барысында бiрлесе тiршiлiк етуге бейiмделген. Биоценозда тiршiлiк ету және табиғи сұрыпталу процесстерi жүредi. Биоценоздың түрлiк құрылымы. Биоценозға кiретiн түрлер саны жағынан бiрдей емес. Кейбiреуiнiң саны өте көп, кейбiреуiнiң саны аз, үшiншiсi – тiптi сирек. Биоценоздағы саны көп түрi доминантты немесе басым түр деп аталады. Мысалы, шыршалы- орманда, ағаштар iшiнде шыршаның саны басым, жер үстi өсiмдiктер iшiнде – қара жидек, жасыл мүк, құстар iшiнде тауықтар, ал тышқан тәрiздi кемiргiштер iшiнде – сары тышқан өте көп. Саны көп түрлер биоценоздың негiзгi ядросын құрайды. Кейбiр түрлер саны кейде ғана өседi, кей уақытта саны көп түрлерге ауысады. Шыршалы ормандарда орман тышқандары. Биоценоздарда сирек немесе саны аз түрлер алуан түрлi. Биоценоз құрамындағы түрдiң алатын орны, оның экологиялық қуысы деп аталады. Түрдiң экологиялық қуысы оның әртүрлi факторларға қатысты төзiмдiлiгiнiң шегiн және басқа түрлермен байланысын, немесе тiршiлiк жағдайын және кеңiстiкте таралуын сипаттайды. Биоценоздың құрылымы мен құрамы үздiксiз өзгерiп отырады, ол өзгерiстер жыл маусымының ауысуына байланысты. Қыста көпжылдық өсiмдiктер тыныштық күйге көшедi, ал бiржылдық өсiмдiктер тұқым қалдырғаннан кейiн өледi. Суыққанды жануарлар тыныштық күйге түседi.
18. Бұталы орман жануарлары Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі.Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан,тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай,шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.
19. Дала зонасында өсетің өсімдіктері Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді. Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6%-ға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте-бірте куаң далаға тән қызғылт күрең топырақка айналады. Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді кажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды. Шөл өсiмдiктерiнiң ұзақ уақыт бойы дамуында шөлдi жағдайларға тiршiлiк етуге бейiмдiлiгi түзiлген. Олардың көпшiлiгi ерте көктемде, жаңбыр өткеннен кейiн, тез дамиды және бұл кезең ыстық түскенде аяқталады. Олар шөлейтенуден қашатын секiлдi. Кактустар, басқа да өсiмдiктер жапырақтары -тiкенек, қабықтары қалың, бұл суды үнемдеуге көмектеседi. Кейбiр өсiмдiктер (сексеуiл, жантақ) суды тереңдiктен тамырлары арқылы сiңiредi.
20. Тундрада, негізінен, қыналар мен мүктер өседі, онда өсімдіктердің 500- ге жуық түрлері кездеседі. Тундра қылқан және жалпақ жапырақты ормандарға ауысады, одан кейін орманды-дала басталады, онда өсімдік түрлері 2000-ға жетеді. Орманды-дала өз кезегінде субтропиктік аймаққа ауысады, онда өсімдіктің 3000-нан артық түрлері өседі. Өсімдіктің ең қалың өсетін әрі түрінің саны өте көп аймағы — тропиктік ылғалды ормандар. Тропиктік ормандарда 8000-нан астам өсімдік түрлері өседі әрі ағаштардың биіктігі 110—120 м-ге дейін жетеді. Тропиктік ормандарда өсімдіктер бірнеше сатылы болып өседі. Шөл және шөлейтті аймқтарда өсімдік түрлері аз кездеседі. Мысалы, Үстірттің оңтүстігінде өсімдіктің 260-қа жуық, ал Бетпақдалада 930- дан астам түрі өседі. Тундраның негізгі белгісі - орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей.
3деңгей
