Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет Мәтін синтаксисі, КСБ 2014-15.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Пәннің атауы Күрделі синтаксистік бірліктер. Мәтін синтаксисі

Мамандығы 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері үшін________________________________________________________

№ 10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Ж.Жақыпов, З.Базарбаева еңбектеріндегі күрделі синтаксистік бірлік, мәтін мәселесі.

2. Күрделі синтаксистік бірлік байласымын жүзеге асырудағы сан есімдердің қызметі.

3. Мәтін талдау. Мәтіннің композициялық құрылымын талдаңыз. Қорытуы қалай жасалған?

Сүйеу аттың басын тежей қойды. Бет өңi де шұғыл өзгерiп, өзiнiң әншейiндегi зәр жиып тұратын суық ажарын қайта тапты. Iшке кiргесiн де кереуетте жатқан бала жаққа қарамай, қырыстанып, мойнын сырт салып отыр. Арық денесi тiп-тiк. Бармағына салған көк бұйра насыбайды екi танауымен кезек тартып, қызыл жиек көзi жайшылықтағысынан гөрi молырақ жасаурап, бүкiл бетi жыбырлап, ашық күнде ашу шақырып, түйiлiп алған. Кемпiр сыр мiнез шалына көз қиығын тастады да, миығынан күлiп, қара мосымен қара шәйнектi алып сыртқа шығып кеттi. Сол бойда шал тез қозғалып, сырқат балаға жетiп барды. Бала әлсiз. Боп-боз бетiнде айыға қоймаған ауру табындай көгiс көлеңке бар. Қос шекесiнде көк тамыр бiлеуленiп, бүлк-бүлк соғып жатты.

Сүйеу қарт езу тартты:

- Ой, күшiк! Ой, жаман неме! Жанының сiрiсiн. Ой, күшiк!.. Күшiк!..

(Ә.Нұрпейiсов).

Билетті дайындаған ф.Ғ.К., доцент м.К.Ахметова

Билеттер қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде бекітілді

«01» 09 2014 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.Ғ.К., доцент қ.Қ.Сарекенова Қазақ тіл білімі кафедрасы

Пәннің атауы Күрделі синтаксистік бірліктер. Мәтін синтаксисі

Мамандығы 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері үшін________________________________________________________

№ 11 Емтихан билеті

1. Мәтін, анықтамасы. Мәтін түрлері.

2. Күрделі синтаксистік бірлік байласымын жүзеге асыратын құралдар қызметі (субститут, дейксис, скреп сөздер (шегендеуіштер)

3. Мәтін талдау. Күрделі синтаксистік бірліктің қорыту бөлігін анықтап, баяндаудың қай түрі арқылы жасалғанын түсіндіріңіз.

Мiнi, бiр топ балапандарын шүпiрлетiп ертiп, асыранды ақ қаз келедi. Мамырлап, иiлген ұзын сұлу мойнын созып, алды-артына қаранып, қаз жай аяңдайды. Балапандары жұмыртқадан жаңа ғана шыққан. Мойнын салып қыңқылдап, балапандарын толғанады. Шүйкедей-шүйкедей сары үрпек. Тәлтiректеп талтаңдап анасының соңынан асығып тырбаңдап шұбайды. Толғанған анасына, нәзiк, жiңiшке дауыстарымен шыңқылдайды. Анасының соңынан жығыла-сүрiне, қалмауға тырысады. Анасының екi көзi жан-жақта. Екi көзi бабаларында. Балапандарын толғанып, шұбатып аяңдайды. Бара жатқан бетi, анау ойпаңдағы көгал. Көғалға барып жайылмақ… Шiркiн бостандық! Шiркiн, жаз!.. Жайылған ақ қаздай көгалына барып аунаған жанның арманы бар ма екен! (С.Сейфуллин)

Билетті дайындаған ф.Ғ.К., доцент м.К.Ахметова

Билеттер қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде бекітілді

«01» 09 2014 ж. № 1 хаттама