Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет Мәтін синтаксисі, КСБ 2014-15.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Пәннің атауы Күрделі синтаксистік бірліктер. Мәтін синтаксисі

Мамандығы 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері үшін________________________________________________________

№ 19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Мәтін тақырыбы және оның аяқталу белгісі.

2. Жарыспалы байланысқан күрделі синтаксистік бірліктер, ерекшелігі.

3. Мәтін тлдау. Мәтінді актуалды мүшелену тұрғысынан талдап, сөйлемдердің қандай байланысқа негізделгенін анықтаңыздар.

Кеш келісті мәжіліспен, көңілді ойын-сауықпен өтті.

Топырлатып тай сойылған. Саба-саба қымыз келтірілген. Жас атаулы ағаларының басынан өткен қилы хикаяларға қанықты. Қарасақал атаулы ата-бабаларының ерлігі туралы жыр тыңдады.

Ақсақал атаулы қарт сұлтандар, ел ағасы мосқал билер, көбі жасамыс түменбегі батырлар – ұзын саны қырық қаралы адам жеке бас қосты. Кеш бойы дауласып, түні бойы кеңесті. Дау – шешім таппады. Кеңес – мұрат таппады. Бәрі де дағдарды. Түйінді тоқтамға келмеді. ... (М.Мағауин)

Билетті дайындаған ф.ғ.к., доцент М.К.Ахметова

Билеттер қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде бекітілді

«01» 09 2014 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.Қ.Сарекенова

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Пәннің атауы Күрделі синтаксистік бірліктер. Мәтін синтаксисі

Мамандығы 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері үшін________________________________________________________

№ 20 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Мәтін синтаксисінің қазақ тіл біліміндегі бүгінгі даму деңгейі

2. Бастауыштың, баяндауыштың қайталануы арқылы жасалған параллельді күрделі синтаксистік бірліктер.

3. Мәтін талдау. Төмендегі мәтіннің қандай композициялық-сөйлеу формалары арқылы ұйымдасқанын анықтап, орналасу ретімен талдаңыз.

Тынысы тарылып, денесi ауырлап отырған Ораз-Мұхамед төсек үстiндегi әжеге қараған. Бейсауат сөйлемейтiн едi, мұнысы не. Кербез тартылған биiк кимешегiнiң самайынан бiр шөкiм ақ шаш шығып тұр. Қартайып кеткен. Кешегiсiмен салыстырғанда, қаусаған кемпiр. Баяғы қуат, қайрат жоқ. Бар дiгiрi даусында. Сосын көзi. Көзi әлi өткiр екен (М.Мағауин).

Билетті дайындаған ф.ғ.к., доцент М.К.Ахметова

Билеттер қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде бекітілді

«01» 09 2014 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.Қ.Сарекенова

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Пәннің атауы Күрделі синтаксистік бірліктер. Мәтін синтаксисі

Мамандығы 5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері үшін________________________________________________________

№ 21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Мәтіннің хабар беру категориясы. Дербес мағыналылық.

2. Анафоралық хабарлы сөйлем, параллельді сұраулы сөйлемдер арқылы жасалған параллельді күрделі синтаксистік бірліктер.

3. Мәтін талдау. Мәтін мазмұнын ұйымдастыруда композициялық-сөйлеу формаларының жұмсалу ерекшелігін анықтаңыз (әңгімелеу – суреттеу т.с.с.) және мәтіннің композициялық бөліктеріне талдау жасаңыз.

Үй iшi жым-жырт. Қарсы қабырғадағы сағат қана жағы талмастан таңдайын қаққан баладай тық-тық соғып тұр. Мынау ұйқы-тұйқысы шығып жатқан астан-кестен дүниеде күллi хаққа өзiнiң дегенiн iстеп баяғы бiр iзбен мiз бақпай тартатын да отыратын жер бетiндегi жалғыз мықты осы - уақыт қой. Я, уақыт... Уақыт... (Ә.Нұрпейiсов).