Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

Қазақстан республикасы президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында және Республикамыздағы инвестициялар ахуалды жақсарту мен олардың инвестициялық қызметіне байланысты мәселелерді жедел шешу үшін 1998 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған кеңесті-консультативті орган болып табылады.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі міндеттері инвестициялық саясат пен елді экономикалық дамытудың басты аспектілері бойынша ҚР Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсыныстар әзірлеу мен енгізу болып табылады. Ол мәселелер:

  • Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

  • Елдегі инвестициялы ахуалды жақсарту;

  • Инвестициялар туралы ҚР нормативтік құқықтық базаларын жетілдіру;

  • Экономиканы диверсификациялау, өнеркәсіп секторларды индустрияландыру, кіші және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;

  • Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық процестерге одан әрі ықпалдасуы;

  • Қазақстан Республикасының экономикасына қосымша шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;

  • Халықаралық маңызы бар ҚР ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру (137 сөз).

(«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ: ынтымақтастық нәтижесі мен болашағы» кітабынан)

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша жазыңыз. Ол үшін кейбір сөздерді ауыстырып қолданып, өз ойыңызды жеткізіңіз

Барыс-келістен – алыс-беріске

Қазір Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жаңа қолайлы кезеңі туды. Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мён Бактың жақында Астанада болған кездесуі осы байланысты жаңа сатыға көтерді деуге болады.

Екі ел Президенттерінің арасында қол жеткен келісім негізінде, әсіресе ақпараттық технологиялар, машина жасау, химия өндеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен көлік, сондай-ақ баламалы энергетиканы дамыту салаларындағы болашақ ынтымақтастықтың биік деңгейдегі іргетасы қаланды.

(«Заң» газеті)

4-тапсырма. Берілген жағдаятты түсініп алыңыз. Кестедегі тірек сөздерді қолданып, жағдаятқа сәйкес диалог құрыңыз

Жағдаят: Қазақстан экономикасының даму кезеңі туралы сұхбаттасыңыз

Тірек сөздер: өту, қаржыландыру, тұрғындармен, әлемде, даму, ақшалай, несие,

қарыз, уақытында.

5-тапсырма. Банктер мен банк қызметі туралы журналистпен жазбаша диалог құраңыз

12 – сабақ. Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік,

мәні және мазмұны

  1. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз

Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады.

Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді.Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:

1.Координациялық және басқадай мамандығы бойынша;

2.Экономикалық көріністермен көрсетілген көріністермен дайындалған дайындықпен;

3.Қарсыластық тенденциялық бағалау формасы .

Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:

түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы – материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.

жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен

сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:

1.Ақша қаражаттарының түсуі:

- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер;

- қаржылық инвестицияларды өткізуден;

- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;

- басқа түсімдер;

2.Ақша қаражаттарын алу:

- күрделі жұмсалымдар;

- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;

- қаржылық инвестицияларды сатып алу;

- басқа заңды тұлғаларға несие беру;

- басқа да төлемдер болып табылады.

Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды қорланған ақша

ағымы пайдаланылады оны сипаттайды:

- қорланған түсім;

- қорланған жұмсалу және қорланған сальдо.

1. Ой шақыру.

1. Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз?

2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]