Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karji_UMKD.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі

Лексикалық қор

Ұлттық валюта

Дербес

Қалыптасу

Көшу

Шебер

Даму

Зерттеу

Әзірлеу

Енгізу

Жарлық

Тамыр

Ресми

Қаржыгер

Айырбас

Тауар

Несие

Төлем

Өлшем

Сату –сатып алу

Жинақтау

Айналым

Қағаз ақша

Күміс ақша

Салым салу

Заңды

2-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп оқыңыз, қайталаңыз. Екпінді дұрыс қойыңыз

Тұрақты, бірлік, сапа, қарқынды, кіріс, шығын, қор, құн, зейнетақы, нарық

3-тапсырма. Берілген сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз және есте сақтаңыз

Тұрақты, бірлік, сапа, қарқынды, кіріс, шығын, қор, құн, зейнетақы, нарық

1. Орыс тілінен енген сөздер. Тілдегі алуан халық сөздерінің болуы ел, жер тарихымен байланысты. Орыс тілінен қазақ тіліне сөз ену сонау ХҮІІІ ғасырдан басталады.

Мысалы; валюта, экономика, тауар, банкнот, банк

2. Күрделене қосылған етіс жұрнақтары. Туынды түбір

Бір түбірде етіс категориясының екі немесе одан да көп қосымшалары тіркесе қосылып қолданылады.Мысалы: әзірленді, басталды, айналыс

3. Мезгіл үстеу. Қимыл іс- әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Сұрақтары: қашан?, қашаннан?, қай уақытта? Мысалы: Көне замандарда әр түрлi тайпалар мен халықтарда ақша ретiнде

iшкi және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болатын тауарлар қолданылған.

Қазір 15 қараша Теңгенің ресми пайда болған күні ғана емес, ҚР Қаржыгерлерінің күні болып есептеледі.

4. Еркін сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесіндегі сөздер өз мағынасын сақтайды.

Мысалы: ұлттық валюта, қысқа мерзім, Қаржыгерлер күні

5. Мезгіл пысықтауыш. Қимыл-әрекеттің уақытын білдіретін пысықтауыштың түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз. Сұрақтары: қашан?, қашаннан бері? қашанға дейін? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты. Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - тарихи түрік сөзі.

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Ұлттық валютаның тарихы

Қазақстан 1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялаған кезден емес, ұлттық валютаны енгізгеннен бастап дербес болды деуге болады.

Мемлекеттің өзіндік экономикасының қалыптасуы сол кезде басталды.

Теңгеге көшу 1991 жылы көзделіп, жоғары санатты төрт шеберден тұратын «арнайы топ» құрылған болатын. Олар М.Әлин, Т. Сүлейменов, А.Түзелханов және Х.Ғабжалиловтар болатын. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден басталды.

Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - тарихи түрік сөзі. Ұлттық валюта өте қысқа мерзімде - бір жыл ішінде әзірленді. 1993 жылы 12 қарашада Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты.

Теңге республикада ұлттық валюта ретінде тамырын кеңінен жайды. Қазір 15 қараша Теңгенің ресми пайда болған күні ғана емес, ҚР Қаржыгерлерінің күні болып есептеледі.

4-тапсырма. Мәтінге байланысты берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін «Оқу сөздігінің» көмегімен орысшаға аударыңыз, емлесін есте сақтаңыз

5-тапсырма. А) «Ұлттық валютаның тарихы» мәтінінен берілген сөздердің синонимін табыңыз.

  1. алғаш

  2. барлық

  3. аймақ

  4. дәл

  5. өте

  6. дүниеге келген күн

Ә) «Ұлттық ақша» мәтінінен берілген сөздердің антонимін табыңыз.

  1. алу

  2. жабу

  3. ұзақ

  4. тар

  5. төмен

  6. кету

6-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз

Тәуелсіз, енгізу, қалыптасу, теңге, мәдениет, жарлық, ресми, ұлттық, есептеу, маңызды.

7-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз

Тұңғыш, айналым,салым, төл, сәйкес, қабылдау, тұлға,құрал, өркендеу, ақша.

8-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, суреттерге қарап болжам жасаңыз

Ақша, келісімшартқа отыру, уақыт – ақша , валюта бағамы, тұрақтылық, сауда-саттық, айырбас.

9-тапсырма. Аудиоқұрал арқылы мәтіннің түсініксіз сөздеріне мән бермей тыңдаңыз. Маңызды бөлімін есте сақтаңыз

10-тапсырма. Ойыңызды жинақтау үшін қысқа жоспар құрыңыз. Мәтінді ықшамдап, маңызды ақпарат беріп тұрған сөйлемдерді мәнерлеп оқып шығыңыз

11-тапсырма. Мәтінді қысқаша өз сөзіңізбен айтып беріңіз

12-тапсырма. Мәтінді аудиқұралдан қайта тыңдап, тірек сөздерді жазып алыңыз

13-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді мағынасы жақын сөздермен ауыстырып, жазыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]