- •Саясаттану пәні, оның объектісі мен негізгі ұғымдары
- •3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •Саясат – қоғамдық құбылыс
- •2,,Саяси сана деңгейлері:
- •Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •2.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні
- •Қазіргі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту және саясат
- •Билет №8
- •Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы
- •Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі
- •Қазақстан және халықаралық экономикалық ұйымдар
- •Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- •Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі
- •10 Билет
- •11Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •3.Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себептері:
- •15 Билет
- •16 Билет
- •2.Саяси элита, оның мәні мен классикалық теориялары
- •3.1993 Жылғы қр – ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі
- •Билет 20
- •1.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу
- •2.Саяси элитаның жіктелуі мен оның атқаратын қызметтері
- •3. 1998 Және 2007 жылғы конституциялық өзгерістер қр – дағы саяси өмір демократиясының куәсі ретінде
- •Билет 21
- •1.Мемлекет – негізгі саяси институт
- •2.Саяси болжам, оның мәні, түрлері мен кезеңдері
- •3.1995 Жылғы конституциялық реформа және оның негізгі себептері
- •Билет-25
- •2. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, оның типтері.
- •28 Билет
- •1.Саяси процесс
3.Казақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, унитарлық мемлекет
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Назарбаев Нурсултан Абишевич.
Конституцияға сай, Қазақстан – үш тәуелсіз билік арнасы бар мемлекет: атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыұлттық референдумында қабылданды. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.
Заң шығарушы орган Парламент болып табылады. Атқарушы билікті Үкімет, оның құрамында орталық орган (Министрлік, Агентство, Ведомство) және жергілікті орган (Әкімшілік) атқарады; соттар билігін мемлекеттік сот (Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары) жүзеге асырады.
Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қазақстан Республикасының Президенті — жоғары лауазымды тұлға және мемлекеттің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Республика Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент 5 жылға сайланады. Жасы 40-тан асқан, кемінде 10 жыл республика аймағында тұрған және мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін үміткер сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда». Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ҚР Президенті Сарайының ресми тұсаукесер рәсімі 2004 жылдың 24 желтоқсанында болды.
Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде – Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады
Заң шығарушы билік – Парламент. Парламент тұрақты негізде қалыптасқан екі Палатадан тұрады. Жоғарғы палата – Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата – Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады. Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Заң шығарушы билік президентпен қадағаланып отырады. Үкімет Парламентке емес Президентке бағынады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты — елдің азаматтық, қылмыстық және басқа да жергілікті сот істері бойынша заңда көзделген процессуалдық формада олардың қызметін қадағалап, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін жоғарғы сот органы. Оның мәртебесі Қазақстан Конституциясы мен “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы” Конституциялық заң жазылған. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағалары мен соттары Республика Президентінің ұсынуымен Сенатта сайланады. Сот төрелігін Қазақстанда тек қана соттар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі — Қазақстанда конституцияны қадағалайтын ұжымдық орган. Ол 7 мүшеден құралған. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін Президент, соған сәйкес Сенат пен Мәжіліс екі мүшеден 6 жыл мерзімге тағайындайды. Конституциялық Кеңеске Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, жалпы санының бестен бірінен кем емес Парламент депутаттары, Премьер-Министр, сот (Конституциямен бекітілген адамдар бостандығы мен азаматтардың құқықтық нормативтік актілері бұрмаланған жағдайда ғана) өтініш білдіруге құқылы.
