Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_1-30bilet.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

Билет №8

  1. Ежелгі замандағы саяси ойдың пайда болуы

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар – бархмандар жүргізген.

Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды. Биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.

Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Сократ (469-399) мемлекеттің және құқықтың адамгершілік табиғатына жақтады. Еңбек бөлісін қолдады, әділдікті жақтаған. Платон (427-347) кемеңгер философ. Үлгілі мемлекет деп жер бетіндегі мемлекет полистерде бейбітшілікті орнату идеясын жақтады. Еңбек бөлісін әділдікті қолдады. Платон өте байлыққа, өте кедейлікке қарсы болған. Орташа болуды қалаған. Аристотель (384-322) «Платон-маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос» деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. 

Ежелгі Римнің саяси ой-пікірлері. Марк Туллий Цицерон (106-43) – мемлекет, құқық туралы ілім жасаған. Шешен, мемлекет қайраткері, ойшыл болған. Мемлекетті халықтың игілігі деп түсіндіреді. Мемлекет халықтың бірлесіп өмір сүру қажеттілігінен келіп шыққан дейді. Араласпа билікті дұрыс деп түсіндіреді. Патшалық билік пен сенаттық республиканы дұрыс дейді. Адамдар тағдырға, табиғат заңдарына бағынуы керек. Шыққан тегі құл Эпиктет және Марк Аврелий Антонин де сондай идеяларды жақтады. Эпиктет: адамгершілік жағынан жетілуге шақырды. Байлықты, құлдықты сынады. «Өзіңе не қаламасаң, өзгеге де соны қалама» деді. Антонин: барлығына ортақ заң бар, билікті теңдік тұрғыда жүргізетін мемлекет идеясын қолдады. Рухани бастама, ақылдылық және заң басты болу керек.

  1. Саяси мәдениеттің типтері мен қызметі

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

  • "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

  • "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

  • "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениеттін өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.

Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып  білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі — әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын  қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]