Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реф.нефть.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179 Кб
Скачать
☆

1.1 Мұнайдың пайда болуының биогендік теориясы

М.И.Губкиннің көзқарасы бойынша теңіз толқынының әсерінен теңіз жағалауларында үнемі әр түрлі органикалық қалдықтар жиналып отырады. Біраз уақыттан соң оның үстін біршама жаңа қалдықтар жабады да, олар астындағы қабаттарды тотығудан сақтайды. Ары қарай процесс анаэробтық бактериялардың әсерінен оттегінің қатысынсыз жүреді.

Келесі отыратын қатпарлар мен тектоникалық жылжудың әсерінен органикалық қалдықтармен байытылған жер қыртысының температурасы мен қысымы артады. Бұл процестерді катагенез құбылыстары деп атайды. Катагенез құбылысының нәтижесінде сайып келгенде мұнай түзіледі.

1.2 Мұнайдың пайда болуының абиогендік теориясы

Д.И.Менделеевтің көзқарасы бойынша мұнай жер қойнауында металдар карбидтері (FeC, TiC, Cr2C3, WC) сумен әрекеттесуінің нәти-жесінде түзіледі. Мысалы, 2Fe C + 3H2O = Fe2O3 + C2H6 .

Дәлелденген дүние жүзілік мұнай қоры шамамен 140 млрд. т. Мұнай қорының қомақты үлесі - 64%-ке жуығы - Таяу және Орта Шығыста табылған. Дәлелденген мұнай қоры бойынша екінші орында Америка материгі келеді, оның үлесіне 15% мұнай қоры тиеді.

Мұнай қоры ең үлкен елдер қатарына мыналар жатады:

Сауд Аравиясы (дәлелденген дүние жүзі мұнай қорының 25% табылған),

  • Ирак (10,8%),

  • БАЭ (9,3%),

  • Кувейт (9,2%),

  • Иран (8,6%)

  • Венесуэла (7,3%)

  • Ресей- жуық шамамен 6%

  • АҚШ - жуық шамамен 3%,

  • Норвегия - жуық шамамен 1%.

Қазақстанның мұнай өндіріс

Қазақстан дүние жүзінде барланған мұнай қорының көлемі бойынша 13-орында. Республикада 200-ден астам мұнай және газ кенорындары, 14 ірі кенорындары, 3 мұнай өңдеу зауыттары мен 3 газ өңдеу зауыттары бар.

Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес Қазақстандағы мұнай мен газдың жалпы қоры 23 млрд. тонна, оның 13 млрд. тоннасы Каспий теңізінің астында жиналған.

Басқа мұнай кенорындары: Кенбай, Жаңажол, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Кұмкөл.

Каспий теңізіндегі мұнай қорын ескермегендегі Қазақстанның дәлелденген мұнай қоры 26 млрд. баррель (3,6 млрд. тонна), газ қоры 1,9 трлн. м3.

Теңіз кенорынындағы өндіруге болатын мұнай қорының көлемі 1 млрд. тонн (7,3 млрд. барр.) астам. Қарашығанақ мұнай-газконденсат кенорынындағы өндіруге болатын мұнайдың қоры шамамен 700 млн. тонн (5,1 млрд. барр.), ал газконденсат қоры 1,3 трлн. м3.

Каспий теңізінің Қазақстанның үлесіне тиісті секторындағы көмірсутектердің жорамалды қоры 13 млрд. тоннаға (100 млрд барр.) тең деп саналуда. Бұл дүние жүзіндегі дәлелденген мұнай қорының 2 - 3 % мөлшерін құрайды.

Солтүстік Каспийдегі Қашан кенорынындағы мұнайдың жорамалды қоры 2,7 млрд. тоннаға (20 млрд. барр.) тең.

1.3 Мұнай мен газдың химиялық құрамы

Мұнайдың элементтік құрамы

Көптеген мұнайлар үшін:

Молекулалық құрамы бойынша мұнайды көп жағдайда кіші, орташа және жоғары молекулалық деп үш бөлікке бөлуге болады.

Топтық құрамы:

2. Мұнайдың молекулалық құрамы Мұнайдың төменгі молекулалық құрам бөліктері.

1. Парафиндер (алкандар) СnH2n+2 – (қаныққан көмірсутектер, алкандар) біршама химиялық тұрақты қосылыстар.

Атмосфералық қысым жағдайында құрамындағы көміртек атомдарының санына байланысты алкандардың фазалық күйлері:

С1 - С4 - газтәріздес қосылыстар, С5 - С16 - сұйықтар,

С16 - қатты заттар.

2. Нафтендер - құрамындағы көміртек атомдары 4-тен көп циклді қосылыстар. Мұнайлар құрамында негізінен циклопентан С5Н10 , циклогексан С6Н12 және олардың гомологтары кездеседі (25-тен 75%-ке дейін) .