- •Мазмұны
- •Мұнайдың құрамы. Мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттері
- •1.1 Мұнайдың пайда болуының биогендік теориясы
- •1.2 Мұнайдың пайда болуының абиогендік теориясы
- •1.3 Мұнай мен газдың химиялық құрамы
- •2. Мұнайдың молекулалық құрамы Мұнайдың төменгі молекулалық құрам бөліктері.
- •2.1 Мұнайдың орташа молекулалық құрам бөліктері
- •2.2 Мұнайдың жоғары молекулалық құрам бөліктері
- •3. Мұнай құрамындағы гетероатомдық қосылыстар
- •3.1 Мұнайдың, газдың және мұнай өнімдерінің негізгі физикалық және химиялық қасиеттері
- •4. Мұнай, газ және газконденсатты кеніштердің геологиялық-физикалық сипаттамалары
- •4.1 Мұнай және газ коллекторларының физикалық қасиеттері
- •4.2 Тау жыныстарының кеуектілігі
- •4.3 Жыныстың ұсақталған (механикалық) құрамы
- •4.4 Тау жыныстардың өткізгіштігі
- •Қолданылған әдебиеттер
4. Мұнай, газ және газконденсатты кеніштердің геологиялық-физикалық сипаттамалары
4.1 Мұнай және газ коллекторларының физикалық қасиеттері
Мұнай және газ кеніштеріндегі өнімді қабатты құрайтын жарық пен коверналы жыныс және оның түйіршіктерінің арасындағы қуысты қанықтырады. Көптеген мұнай газ кен орындары шөгінді жыныстарға – жақсы мұнай коллекторларына негізделген (құмдар, құмайттар, конглемераттар бұлқынған жыныстардан және жарықтардан табады, бірақ бұл жиналымдардың, әдетте өндірістік мәні жоқ.
Мұнай және газ кен орындарын құрайтын тау жыныстары, олардың қасиеттеріне байланысты әр түрлі рөлді атқарады. Ірі қуыстарының саны көп болатын олардың кейбіреулері – мұнай мен газ резервуарлары (мұнай мен газ кеніштері), ал саз балшық, тақта үшін мүлдем өткізгіштігі жоқ – олардың жиналуына септігін тигізетін, өнімді коллекторының табиғи қалпақшасы.
Кен орынның өндірістік құндылығы оның өлшемдерімен ғана анықталып қоймай, ал айтарлықтай дәрежеде коллектордың физикалық қасиеттерімен, қабат сұйықтары мен газдардың, сонымен қатар қабат энергиясының түрімен, қорымен де анықталады.
4.2 Тау жыныстарының кеуектілігі
Тау жыныстарының кеуектілігі деп онда қатты заттармен толтырылмаған қуыстың бар болуын түсінеміз.
Толық (немесе абсолюттік) кеуектілік коэфициенті деп – барлық қуыстар Vпор көлемінің қосындысының жыныстың көлеміне V0 қатынасын айтамыз, яғни
m = Vпор/V0
Кейде жыныстың кейектілігін пайызбен өрнектейді, яғни
m = (Vпор/V0)*100%
Жыныстың толық кеуектілік коэфициентін мұнайдың абсолютті қорын бағалау кезінде сонымен қатар қабаттардың немесе сол қабаттың бөлімдерін салыстыру үшін қолданылады.
Ортаның қасиеттері, айтарлықтай, дәрежеде қуысты арналардың өлшемдерімен анықталады, олар капиллярлы және субкапиллярлы болып бөлінеді. Капилярлы деп диамерті 0,0002-ден 0,5мм.-ге дейінгі аралықта болатын арналарды жатқызу қабылданға, ал субкапиллярлы деп диаметрі 0,0002мм.-ден кіші арналар жатады.
Субкапиллярлы қуыстарда, табиғи жағдайларда, қысым түсуінің байқалуы кезінде сұйық қозғалысы байқалмайды. Бұл былай түсіндіріледі, арналар қабырғасының арасындағы қашықтықтың үлкен еместігінің есебінен субкапиллярлы қуыстағы сұйық қабырғаларға молекулярлы тартылысының өрісінде болады және қуыстарда берік ұсталып отырады. Сұйықтар мен газдар сол сияқты изоляцияланған және бір-бірімен байланыссыз қуыстардада қозғалыссыз болады. Сондықтан құрамында мұнай болатын жыныстарды сипаттау үшін толық кеуектіліктен басқа, оның ашық кеуектілік коэфициенті енгізіледі. Кейбір тау жыныстарының толық кеуектілік (%-да) коэфициенті.
Саз балшықты тақтатастар 0,54-1,4
Саз балшықтар 6-50,0
Құмдар 6-52,0
Құмайыттар 3,5-29,0
Әк тас пен доломиттер 0,65-38,0
Жыныстың кеуектілігінің біраз шектілі өзгеруі – келесілердің әсер етуімен түсіндіріледі: түйіршіктердің өзара орналасуы, олардың пішіні, өлшемдері бойынша түйіршіктердің біртекті емстігі, цементтелу үрдісі, тұздардың шөгуі мен еруі және тағы басқа. Соның ішінде айта кететіні құмның ұсақталған құрамы бір текті емес болған сайын кеуектілік аз болады, өйткені майда түйірлер ірі түйірлердің арасындағы қуысты толтырып тастайды да жалпы кеуектілікті азайтады.
