- •3.Сальмонеллез. Нұсқалардың ағымы. Асқазан ішек түрлерінің сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.
- •5..Гепатит а
- •9. Вирусный гепатит с. Характеристика возбудителя. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.
- •10. Вирусный гепатит е. Характеристика возбудителя. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.
- •13. Аденовирусты инфекция. Нұсқалардың ағымы. Диагностикасы және емдеу қағидалары.
- •14. Парагрипп. Қоздырғыш түрлері. Клиникалық ағым ерекшелігі. Анықтау және емдеу принциптері.
- •18. Герпетическая инфекция. Характеристика возбудителя впг 1, впг 2. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.
13. Аденовирусты инфекция. Нұсқалардың ағымы. Диагностикасы және емдеу қағидалары.
Аденовирусты инфекция- аденовирустың әртүрлі серотиптары қоздыратын, тыныс алу жолдарының, көздің және ішектің шырышты қабатының және лимфоидты тіннің зақымдалуымен сипатталатын, сонымен қатар әлсіз интоксикациямен жүретін жедел респираторлы аурулардың тобы.
Нұсқаулардың ағымы:
жедел респираторлы аурулар (ринофарингит, ринофаринготонзиллит, ринофарингобронхит) – аурудың бірінші күнінен бастап мұрнынның бітелуімен,одан сірлі бөліністер бөлінуімен, содан кейін бөліністің сірлі-шырыштыға айналумен сипатталады. Ринитке тыныс алу жолының басқа да бөліктерінің қабынулары қосылады. Көбіне тамақ ауыру, дауыс қарлығу байқалады.
фарингоконъюнктивальді қызба–аденовирусты инфекцияның ең көп тараған түрі. Ұзақ уақытқа созылатын қызбамен (1-2 апта), айқын катаральды көрініспен, көздің шырышты қабатының зақымдалуымен, тонзилофарингитпен, мойынның лимфаденопатиясымен, кейде гепатоспленомегалиямен сипатталады.
конъюнктивит және кератоконъюнктивит – аурудың сирек кездесетін формасы. Ауру кенеттен басталады. Үлкен қызбамен, интоксикациямен, ауру сезімімен, жарыққа карай алмаушылықпен, конънктивитпен, модан кейін аурудың 2-ші аптасында көздің мөлдірқабатының(роговица) бұлдырлануымен сипатталады. Ауру ағымы ұзаққа созылады, бірақ болжамы жақсы.
аденовирусты атипті пневмония
Диагностикасы: типті аденовирусты инфекция кезінде клиникалық диагностика негізделеді: катаральді көрініске, ұзаққа созылған қызбаға және әлсіз интоксикацияға. Тонзиллит, конъюнктивит, гепатолиенальді синдром ауруды жеңлдетеді. ЖҚА: әлсіз лейкопения, эозинопения, ЭТЖ қалыпты немесе кішкене жоғарлаған. Арнайы диагностика негізделеді:
Вирусологиялық әдіс- науқастардан вирус бөлінеді (мұрынжұтқыншақтан, көз конъюктивасынан, фекалийден материал).
ИФА экспресс әдісі- АД анықтау
Серологиялық реакциялар- РГГА, РПГА, РСК – АД анықтау
ПЦР диагностика
Емі:
Базис-терапия. Режим: төсектік. Диета: Сүт-өсемдіктік диета, витаминдерге бай тамақ. Ыстық шай, шырын, минеральды су түрінде көп мөлшерде сұйықтық ішу.
Этиотропты: ауыр донорлық иммуноглобулин. Оксолин, теброфен жақпамайларын интранозальді. Вирусты кератит пен конъюнктивит кезінде 0,05% дезоксирибонуклеаза ерітідісін, 20-30% сульфацил-натрия, теброфен және флоренал жақпамайларын қолдану.
Симптоматикалық:
дене темп. 38°С жоғары болса СҚҚЗ (НПВС)-панадол, парацетамол.
Ринит кезінде- тизин, NaCl, пиносол
Витаминдер және поливитаминдер – аскорбин қышқылын тәулігіне 1 гр дейін.
Дезинтоксикация-полиионды ерітінділер
14. Парагрипп. Қоздырғыш түрлері. Клиникалық ағым ерекшелігі. Анықтау және емдеу принциптері.
Парагрипп– әлсіз интоксикациямен, жоғарғы тыныс алу жолдарының (әсіресе көмейдің) зақымдалуымен сипатталатын желед вирусты ауру.
Қоздырғыш түрлері– АПГВ-1, АПГВ -2, АПГВ-3, АПГВ-4 (адамның парагрипп вирусы)
Клиникалық ағым ерекшелігі- инкубациялық кезеңі 2-7 күн, орташа 3-4 күн. Ауру жедел дене қызуының жоғарылауымен, интоксикацияның және катаральды симптомдардың әлсіз жүруімен сиппатталады. Мазасыздану, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, құсу байқалады.
Катаральды синдромдар жеке жүруі мүмкін. Көбіне – бұл қатаң, кейде «үрлемелі» жөтел, тамақтың ауырсынуы, сұйықтық бөліну, мұрынның бітелуі, дауыс қарлықуымен жүреді.
Мұрыннан бөлінетін сұйықтық бастапқыда шырышты, кейін шырышты-іріңдіге алмасады.
Анықтау принциптері: клиникалық диагностика аурудың жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуына, әсіресе көмейдің зақымдалуына негізделеді. Катаральді көріністер аурудың бірінші күнінен басталады және біртіндеп өршиді, «үрлемелі» жөтел, әлсіз интоксикация немесе мүлдем болмайды. Мұрынның шырышты қабатының қызаруы, ісінуі. Жұмсақ таңдай және аңқаның әлсіз қызаруы. Кейбір науқастарда жұмсақ таңдайдың ұсақ түйіршіктелуі байқалады. Жұтқыншақтың кішкене ісінуі. ЖҚА: нормоцитоз немесе әлсіз лейкопения, реконвалисценция кезінде моноцитоз болуы мүмкін. Экспресс диагностика мақсатымен ИФА (АГ-ге АД анықтау) қолданады. Серологиялық әдіс– РТГА, РСК, АД анықтау. Вирусологиялық әдіс қиынға түседі.
Емдеу принциптері:
Базис-терапия. Режим: төсектік. Диета: Сүт-өсемдіктік диета, витаминдерге бай тамақ. Ыстық шай, шырын, минеральды су түрінде көп мөлшерде сұйықтық ішу.
Этиотропты. Аурудың ерте кездерінде ремантадин, жоғары титрлі секреторлы иммуноглобулин А беріледі (интраназальді н/е ингаляционды). Ауру ауыр түрде өтсе, донор иммуноглобулині қолданылады.
Симптоматикалық:
дене темп. 38°С жоғары болса СҚҚЗ (НПВС)- ибупрофен, нурофен, эреспал
Жөтелге қарсы- ларингит кезінде синекод, стоптусин, тусупрекс; егер процесс төменгі тыныс алу жолдарында болса- муколитиктер-АЦЦ, амброксол.
Ринитке қарсы- АкваМарис, пиносол, ксилен
15.Риновирусная инфекция. Типы возбудителя. Клиника. Принципы диагностики и лечения. Риновирусты инфекция мұрынның шырышты қабықшасын айқын зақымдайтын ж/е әлсіз интоксикация симптомдарымен көрінетін ЖРВИ. Қоздырғыштары Риновирус тұқымдастығына жатады. Олардың негізін РНҚ құрайды. Риновирустардың 2 тобы бар: Н ж/н М. Риновирустардың топтық антигені болмайды. Олар төм.темп/да өлмейді, бірақ жоғ.темп/да, дезинфектанттарға төзімсіз. Инфекция көзі-ауру адам, таралу жолы-ауа-тамшылы. Инкубациялық кезеңі орташа 2– 4 күн. Ауру бірден басталады. Науқастар бас ауруға, әлсіздікке, ринореяға, мұрын бітелуіне, түшкіруге, құрғақ жөтелге шағымданады. Объективті қарағанда мұрынның шырышты қабықшасы ісінген, қызарған, айқын ринорея болады. Кейде көздің склерасы қызарып, көзден ағу байқалады. Кейінірек мұрын мен ерінде герпестік жара пайда болады. Асқынуы екіншілік бактериалды инфекцияның болуымен байланысты(отит, синусит, фронтит ж/е т.б.). Дигностикасы: эпиданамнез: инфицирленген адаммен контактта болу; лаб.зерт: ЖҚА: лейкоцитоз. Вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша жасайды. Вирустың типін БР, КБР, ГАТР-да анықтайды. Иммуноиндикация – вирусты бейтарап реакциясы (БР), КБР, ГАТР, ИФА, ИФР – вирустардың АГ мұрын шайындысында және тыныс алу трактысының шырышты эпителииінің қырындысынан анықтайды. серологиялық – науқастың жұпты сарысуларынан ГАТР, КБР, ИФА әдісімен АД анықтау; емі: Дене қызуы қалыпты болғанша төсек режимі. Сүт - өсімдікті диета, витаминмен байтылған. Ыстық шай, шырын, минералды суды көп ішу. Симтоматикалық терапия: дене қызуын төмендететін препараттар: панадол, парацетамол, антигриппин, НПВС.
16.РС-инфекция. Типы возбудителя. Особенности клинического течения. Принципы диагностики и лечения. РС-инфекция-тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерін зақымдайтын, шамалы интоксикациямен жүретін ЖРВИ. РС-вирус парамиксовирида туыстасты,ына жататын, РНҚ-сы ж/е комплемент байланыстырушы антигені бар вирус. Тауық эмбриондарындарында көбеймейді. Бірақ тіндер культурасында ерекше цитопатикалық эффект береді: синцитий түзеді. Вирустың аты осы ерекшелігіне байланысты аталған. Вирус сыртқы ортаға төзімсіз, қыздырғанда ж/е дезинфектанттар төзімсіз. Инфекция көзі- ауру адам, вирустасымалдаушы. Берілу жолы- ауа-тамшылы. Инкубациялық кезеңі 3-6 күн. Ауру ақырындап басталады. Алғашқы күндері әлсіз бас ауру, әлсіздік, мұрын-жұтқыншақтың құрғауы ж/е қышуы, жөтел, мұрын бітелуі болады. Сосын ринорея дамиды. Дене температурасы бронхиттің қосылуымен 38-40С-қа дейін көтеріледі. Жөтел күшейе түседі, алдымен құрғақ, содан соң продуктивті болады. Кейбір науқастарда склера тамырларының инъекциясы, сирек конъюктивит белгілері байқалады. Жұмсақ таңдай ж/е жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып, ісінеді. Мұрынның шырышты қабырғасы ісініп, қызарады. РС-инфекция тыныс жолдарының зақымдауына байланысты мынадай болып бөлінеді: назофарингит, бронхит, бронхиолит, пневмония. Аурудың ұзақтығы жеңіл формаларында 5-7 күн, ауыр формаларында 3 аптаға дейін созылады. Диагностикасы: эпид.анамнез: инфицирленген адаммен контактта болу; лаб.зерт: ЖҚА: лейкоцитоз. Вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша жасайды. Вирустың типін БР, КБР, ГАТР-да анықтайды. Иммуноиндикация – вирусты бейтарап реакциясы (БР), КБР, ГАТР, ИФА, ИФР – вирустардың АГ мұрын шайындысында және тыныс алу трактысының шырышты эпителииінің қырындысынан анықтайды. серологиялық – науқастың жұпты сарысуларынан ГАТР, КБР, ИФА әдісімен АД анықтау; емі: Дене қызуы қалыпты болғанша төсек режимі. Сүт - өсімдікті диета, витаминмен байтылған. Ыстық шай, шырын, минералды суды көп ішу. Симтоматикалық терапия: дене қызуын төмендететін препараттар: панадол, парацетамол, антигриппин, НПВС. Бактериалды асқыныстары болғанда антибиотиктерді ж/е сульфаниламидтерді қолд; ауыр формаларында донорлық гамма глобулин қолд;
17.ВИЧ-инфекция. Характеристика возбудителя. Клинические стадии ВИЧ-инфекции. Принципы диагностики и лечения. ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ғзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру. ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.Таксономиясы. АИВ-1, АИВ-2 (HIV-1, HTV-2) Retroviridae түқымдасына, Lentivirus туыстығына жатады. АИВ РНҚ-құрамды вирус, пІшІні сфералық; оның жүрекшесін негізгі Р24 ақуызы және т.б. ақуыздар құрайды. Ал, липидті қабатында гликопротидті антигендер орналасқан. РНҚ - қос спиральды репродукция процесі жүру үшін АИВ-ң кері транскриптазасы немесе ревертазасы болады (РНҚ-ға тәуелді ДНҚ полимераза). Жасанды жағдайда вирустың өсуі өте қиын. Ол тек лимфоцитті дақылдарда ғана кебейеді, мөлшері төмен. Антигендік кұрылымы. АИВ-ның серологиялык, қасиетін көрсететін бірқатар беткейлі ж/е жүрекшелік антигендері бар. Қазіргі уақьпта вирустың 2 антигенді түрі ажыратылады, АИВ-1, АИВ-2. Негізгі антигендер наукас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. АИВ өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие жөне осы касиет вирустың баска түріне қарағанда оның транскрипциясының жылдам жүруіне байланысты. Бұл АИВ инфекциясының арнайы сақтандыруы мен диагностикасын қиындатады. Резистентгілігі. Вирус қоршаған ортада, сонымен қатар физикалық, химиялық факторларға тұрақсыз. Бөлме температурасында 4 тәулікке дейін, спирт, эфир, гипохлоридпен өнделгеннен кейін 4-5 минутган кейін инактивацияға ұшырайды. Жуу ертінділерінде, қыздырғанда тез өледі. Үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы;2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең –2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін. АИВ инфекциясы бірнеше кезеңдерден тұрады. Қызбалық кезеңі: жұктырғаннан соң бір-екі айдан кейін қызба, интоксикация, лимфа бездерінің ұлғаюы, іш өту ж/е т.б. болуы мүмкін. Симптомсыз кезең: бірінші кезеңдегі белгілердің барлығы жойылады, науқастьң сырт пішіні сау адамға үқсайды, бірақ онда АИВ-ға қарсы антиденелер пайда болады. Бұл кезең бірнеше жылға созылуы мүмкін. Екіншілікті ауру кезеңі, АИВ инфекциясының асқынулары. Екіншілік аурулардың 4 тобы ажыратылады: ОЖЖ-ң зақымдануымен өтетін (абцесс, менингит, энцефалит ж/е т.б.), өкпенің закымдануымен өтетін (бактерия жөне қарапайымдылар тудыратын пневмония), асқорыту жолының зақымдануымен өтетін (диарея, салмақтың төмендеуі және т.б), ісіктің пайда болуы (Капоши саркомасы т.б.). Терминалды кезең: кахексия (дене салмағының күрт төмендеуі), адинамия, деменция (акыл-есінің темендеуі) және т.б. барлық иммунологиялық көрсеткіштердің төменденуіндегі құбылыстар дамиды. Диагностикасы: эпиданамнез: наркомания, жезөкшелік, гомосексуализм, салондарда маникюр, педикюр жасату; ЖҚА: лимфопения, тромбоцтиопения, анемия, эозинофилия; Ағзаның тіндері мен сұйықтықтарындағы вирустың антигендерІн, сондай-ақ қан плазмасындағы АИВ-ға қарсы антиденелерді аныктауға вирусологиялық, серологиялық диагностика жүргізіледі. Вирусты Т-лимфоцит жасушасының дақылынан бөліп алады. АИВ-ға қарсы антидененің көбеюін ИФТ көмегімен анықтайды, ИФТ оң нәтижесін вестернблот қоюмен дәлелдейді. Серологиялық әдіс: ИФТ - бұл АИВ жұққан науқастарды анықтауға арналған бірінші деңгейдегі тест. Антигендік диагностикум ретінде зақымдалған жасушаның дақылынан немесе рекомбинантты ДНҚ көмегімен алынған антиденелер қолданылады. Емдеу. Аронайы емі жоқ. Емдеу тиімдІ емес. Кейбір нәтижелер жасушаларда вирустың репликациясын тежейтін, өмірін аздап ұзартуға мүмкіндік береді, дегенмен науқас міндетт түрде қайтыс болады. Иммунитетті жоғарлату үшін тимустың гормондарын, иммунитет модуляторларын(левамизол, тималин), гемопоэз стимуляторларын береді. Аутоиммунды процестерді басу үшін цитостатиктерді тағайындайды. Көрсеткіштер бойынша симптоматикалық терапия жүргізеді.
