Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inf_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

18. Герпетическая инфекция. Характеристика возбудителя впг 1, впг 2. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.

Герпестік инфекция – («герпес» грек тілінен аударғанда – жорғалаушы, жайылмалы) вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру болып табылады. ДНК-құрамды, тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Инфицирленген жасушаларда вирус ядроішілік қосылыстар мен алып жасушалар түзеді. Цитопатиялық әсер көрсетеді. Вирус төменгі темп/да ұзақ сақталады, 50-52ˊС-та 30 минуттан кейін инактивтеледі, ультракүлгін және рентген сәулелеріне сезімтал, бірақ 10 жылдан астам уақыт кептірілген күйде сақтала алады.таралу жолы: Ауа-тамшылы, Жыныстық қатынас, Трансфузиялық ,Транспланцентарлы. Инфицирленгендердің 10% ғана біріншілік герпес вирусының клиникалық симптомдары дамиды. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ . Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2. 1-тип ауыздың, мұрынның шырышты қабықшасын, көзді, аяқ-қолды, бет терісін зақымдайды. 2-тип жыныс мүшелерін зақымдайды. Клиникалық көрінісі бойынша ажыратады:типтік: ауру 2-4 аптаға созылады. Генитальды герпес өмір бойы болатын персистирлеуші инфекцияға жатады. Генитальды симптомдары: жыныс мүшелерінде 2-3 мм болатын везикулалар пайда болады. Экстрагенитальды симптомдары: темп/ң жоғ, бас ауру, миалгия, жүрек айну, құсу, герпестік бөртпелер, ұйқысының бұзылуы. Атипті түрі: жалпы терапияға берілмейтін, жатыр мойнының аурулары, вульвовагиниттер ж/е т.б. жатады. Симптомсыз формасы да болады. Диагностикасы: клиникалық көріністері (көбінесе типті везикулезды бөртпелер).Эпиданамнез мәліметтері: аурудың бұрын болғаны. Лабораторлы дәлелдеу: вирусологиялық, иммунофлюоресцентті, иммуноферментті, басқа серологиялық әдістер (КБР) – жұпты сарысу әдісі, ПТР – (полимеразды тізбелі реакция) , иммунды жағдайын анықтайтын әдістер. Емі: Ацикловир ( виролекс,зовиракс) 200ml күніне 5 рет,тағайындалуы 5-10 күн. Буров сұйықтығы бар cуық компресс қою, Зовиракс кремі немесе басқада вирусқа қарсы белсенділігі бар мазьдарды қолдану. Рецидивті түрінде иммуномодуляторлар (тимолин, Т-активин, пентоксил). Өсімдік адаптогендерін қолд.(адамтамыр тұнбасын, қытай лимоннигін, элеуторококка). Арнайы иммуноглобулин, арнайы схема бойынша вакцинотерапия. Витаминотерапия. Зақымдалған теріні 3% сутек асқын тотығымен шаю, 1% метилен көгінің ерітіндісімен жуу; 0,25 % оксолин майын, 0,5% флореналь майын,цитозар майларын қолданады. Иммуномодуляция:интерферондарды тағайындау – циклоферон, дибазол, НЕОВИР, амиксин т.б. Рецидивті алдын алу – герпетикалық вакцина қолданады. Іріңді асқынулар дамығанда антибиотиктер салынады. Гормондар, антигистаминді препататтар қолданылады. Герпес инфекциясын алдын алу үшін мынадай шараларды жүргізу керек: ауа райына байланысты киіну, суықтанудан қорғану, терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу; кездейсоқ жыныстық қатынастан жезөкшелермен жақындасудан сақ болу ж/е т.б.

19.Цитомегаловирусная инфекция. Свойства возбудителя. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики. ЦМВИ, цитомегалия – созылмалы антропоноздық инфекция, әр түрлі жолмен беріліп, организмде өмір бойы сақталып , зақымдаған органдарда арнайы өте үлкен алып клеткаларды құратын, әр түрлі клиникалық көріністер беретін ауру. ЦМВИ ел арасында кең тараған: антиденелер үлкендердің 50-80%да , нәрестелерде денеге жайылған түрі 5-15%, шектелген тұрі 10-30% анықталады. ЦМВИ дің қоздырғышы дені сау әйелдердің жатыр мойынында 10 % , жүктілердің - 6%, венерологиялық науқастардың -23% табылады. Қоздырғышы – citomegalovirus hominis герпес вирустарының семьясына жатады.Жай герпес пен желшешек вирустарына ұқсас. Вирустардың ДНҚ ы бар. Репликация кезінде клетка ішінде қосындылар құрады және вирустардың әсерімен қалыпты клеткалар үлкен цитомегалиялық клеткаларға айналады диаметрі 25-40мкм. Сыртқы ортада төзімді, дезинфекияға қолданылатын ерітінділерге сезімтал. Вирустардың цитопатиялық әсері нашар. Қоздырғыштың көзі – цитомегалиямен ауыратын науқастар және вирус сақтаушылар. Вирус организмнің барлық сұйық ортасында, аурудың қозған кезінде қанда болады. Жұғу жолдары: плацента арқылы, бала туу процессінде, түкірікпен ластанған заттармен, жыныстық, ауа тамшылы, мүшелердің трансплантациясы арқылы. ЦМВИ туа және жүре пайда болған болып бөлінеді. Тума цитомегалия жүктілік кезінде шешесіне жұқса, кейде шешесінің летентті инфекциясы қозғанда дамиды. Ұрықтың зақымдануы инфекция жұққан мезгілге байланысты. Инфекция жүктіліктің бас кезінде жұқса, түсік түседі, ұрық өледі, баланың өлуіне немесе ақаулықпен тууына әкеледі. Вирус паренатальді жұққанда қозған инфекцияның көріністерімен туады: қызба, теріде қан құйылулар, сарғаю, гепатоспленомегалия, өкпенің , ОЖЖ нің , асқорыту жолының зақымдалулары болуы мүмкін.Осы қөріністерді “ анық цитомегаловирусты синдром” дейді. Дене ыстығы көтеріліп, мойын лимфа түйіндері үлкейіп, бадамша бездері қызарып, гепатолиенальді синдроммен, қанда атипті мононуклеарлар, лейкопения пайда болып – мононулеоз сияқты симптом дамиды. Цитомегалияның бірінші жұғуы және реактивациясы өкпені зақымдап, интерстициальдық пневмониямен, холестазы бар гепатит, энтероколитпен жүреді. Аурудың ағымы дамымалы жүреді. Иммунитеті қалыпты адамдарда ол симтомсыз, ешқандай қатер туғызбайды. Кейде мононуклеозға ұқсас түрде өтуі мүмкін. Бұл белгілер инфектияланғаннан кеиін 20-60 кун өткен соң болады. 2-6 аптаға созылады. Жалпы әлсіздік, шаршау, бас ауру, температураның жоғарылауы және қалтырау болады. Ал иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді және көздің, өкпенің, бас миының, АІЖ зақымдалуымен жүреді.Ұрықтың зақымдалуында бала туылғанда ОЖЖ зақымы, кемістіктер болады және де 20-30 % жағдайда бала шетінейді. Вирустың жасушалық культурада анықталуы. Диагностикасы: Эпиданамнез:науқас адаммен қатынаста болу цитологиялық зерттеу(жарықтық микроскопия) спецификалық гигантты клеткалар болуы, ИФА қанда спецификалық антиденелердің анықталуы IgM IgG болуы, ПЦР ДНК ны анықтайды, Флораға жалпы мазок алу. Емі: Вирус тасымалдаушы және мононуклеозға ұқсас кезінде ешқандай ем қолданылмайды. Емді тек инфекцияның генерализденген формасында тағайындайды. Вирусқа қарсы препараттар өте улы және көптеген асқынулар болтындықтан оны тек өмірлік көрсеткіштеріне сәйкес тағайындайды. Кейде антицитамегаловирустық иммуноглобулин “цитотект” қолданады. Стоционарда емдейді. Профилактикасы: Вакцинация (50% жағдайда ғана нәтиже берген). Презервативтер қолдану. Ретсіз жыныстық қатынастарды болдырмау. Жүкті әйелдердің сақтық шараларын қолдану.

20.Аскаридоз. Клинико-эпидемиологические критерии диагностики. Аскаридоз ішектік гельминтоз болып табылады. Қоздырғышы Аскариз лумбрикойдес болып есептеледі. Аскарида жұмыртқалары мөлшері әртүрлі болып келеді. Аскаридоз пероральды геогельминтоз, антрапоноз. Инвазияның негізгі көзі адам, жіңішке ішекте мекендейді. Сыртқа фекалий арқылы түседі. Адамның зақымдалуы жылы уақыттарда азық-түліктер арқылы болады. Көбіне ересектерге қарағанда жас балалар ауырады. Ауырып болған соң салыстырмалы иммунитет қалыптасады. Аскаридоз ауруының бастапқы кезінде көрінуі полиморфты, яғни ол латентті, жасырын, ауыр өтуі де мүмкін. Манифестті формаларында бірінші белгілері инвазияның бірінші күнінен бастап-ақ көріністер береді: активтіліктің ж/е жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, әлсіздік, тершеңдік, бас ауру, темп жоғ, артралгия, миалгия байқалады. Кейбір науқастарда личинкалардың бауырға миграциялауынан оң жақ қабырға астында ауырсыну, гепатомегалия пайда болады. Инвазияның ерте фазасының клиникалық көрінісіне өкпенің зақымдалуы тән. Құрғақ жөтел, кейде қақырықтың бөлінуімен жүретін, қақырық қан аралас болуы мүмкін. Ентігу, кеудеде ауырсыну пайда болуы мүмкін. Созылмалы формасы симптомсыз жүруі мүмкін, асқазан ішек трактысының симптомдары әлсіз айқын болады. Инвазияның ауыр формалары өте сирек кездеседі. Науқастарда тәбеті төмендеп, салмағы төмендейді, іште интенсивтілігі күшті ұстама тәрізді ауырсынулар болады,жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Диагностикасында негізгі моменттер өкпеге тән симптомдардың қандағы эозинофилиямен бірге жүруі тән. Мұндай науқастардың қақырығында аскариданың личинкалары, нәжісінде аскарида жұмыртқалары анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]