- •«Метеорология және климатология» пәнінен тест сұрақтары.
- •1. Метеорология және климатология пәнінің міндеттері мен мақсаттары, зерттеу әдістері.
- •2. Ауа және атмосфера.
- •3. Күн радиациясы.
- •4. Ауа температурасы.
- •5. Атмосферадағы су буы. Булану. Атмосферадағы су буының конденсациясы.
- •6. Жауын - шашын.
- •7. Ауа қысымы.
- •8. Атмосферадағы ауа ағыстары.
- •9. Ауа райы және оның өзгерістері.
- •1. Торнадо
- •1. Тайфун
- •10. Климат туралы жалпы ілім. Жер шарындағы климаттық элементтердің таралуы.
6. Жауын - шашын.
1. Жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қылау түрінде түсетін ылғал ..... деп аталады.
1. бұлттылық
2. жауын - шашын +
3. буланушылық
4. салыстырмалы ылғалдылық
5. абсолюттік ылғалдылық
2. Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі ..... топқа бөлінеді.
1. алты
2. бес
3. төрт
4. үш +
5. екі
3. Атмосфералық жауын - шашынның мөлшері, жауған су қабатының қалыңдығы ..... өлшенеді.
1. километрмен
2. термометрмен
3. миллиметрмен +
4. милиграммен
5. граммен
4. Жер шарында жауын - шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы ..... деген жер.
1. Дели
2. Черрапунджи +
3. Бомбей
4. Гоа
5. Калькутта
5. Атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын ..... деп аталады.
1. қар +
2. бұршақ
3. шық
4. жаңбыр
5. қылау
6. Жер бетіне жылдың қыс мезгілінде немесе суық күндері кристалл түріндегі қатты атмосфералық жауын-шашын түрі - қар жаууы нәтижесінде қалыптасатын қар қабатын ..... атайды.
1. боран
2. жаңбыр
3. қар қалыңдығы
4. қар жамылғысы +
5. қар мөлшері
7. Ауаның жер бетіне жақын орналасқан қабатында желдің қарды ұйытқыта ұшыруы ..... деп аталады.
1. боран
2. жаңбыр
3. дауыл
4. тайфун
5. бұрқасын +
8. Жерге түскеннен кейін бірер сағат аралығында еріп кететін қар жамылғысы ..... деп аталады.
1. тұрақты қар жамылғысы
2. қар қалыңдығы
3. уақытша қар жамылғысы +
4. қар қиыршығы
5. қар үлпегі
9. Жер бетінде қыс бойы немесе бірнеше ай, жылдар бойы сақталатын қар жамылғысы ..... деп аталады.
1. уақытша қар жамылғысы
2. тұрақты қар жамылғысы +
3. қар қалыңдығы
4. қар үлпегі
5. қар қиыршығы
10. Күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы ..... деп аталады.
1. жел
2. бұрқасын
3. боран +
4. дауыл
5. торнадо
11. Қар массасының оның көлеміне қатынасы ..... .
1. су тығыздығы
2. мұз тығызығы
3. қар жамылғысының тығыздығы +
4. ылғалдылық
5. жылдық мөлшер
12. Жер бетіне түсетін жылдық жауын шашынның шамамен мөлшері ..... болады.
1. а 1000 мм +
2. а 1300 мм
3. а 1400 мм
4. а 1500 мм
5. а 1600 мм
13. Қар жамылғысының маңызын зерттеу туралы ең алғаш айтқан, қар туралы ілімнің негізін салушы орыс климатологы ..... .
1. В. Н. Каразин
2. А. И. Воейков +
3. М. В. Ломоносов
4. Г. И. Вильду
5. М. А. Рыкачев
14. Бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық су тамшылары .....
1. шық
2. қар
3. қырау
4. жаңбыр +
5. бұршақ
15. Атмосфералық жауын шашын мөлшерін анықтайтын құрал .....
1. барометр
2. термометр
3. жауын - шашын өлшегіш +
4. гигрометр
5. психрометр
16. Фронттық бұлттар жүйесіндегі қатпарлы жаңбыр (Ns), қыста биік қатпарлы (As), кейде қатпарлы будақ (Sc) бұлттарынан жауатын жауындар ..... деп аталады.
1. қар
2. бұршақ
3. сіркіреуік жауын
4. нөсер жауын
5. ақ жауын +
17. Ауа температурасы 0°С және одан жоғарылау болған кезде жаңбырлы бұдақ бұлттардан ұсақ мұз және қар түйіршіктері түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын түрі.
1. мұз және қар қиыршығы +
2. бұршақ
3. жаңбыр
4. қырау
5. қылау
18. Жер бетіне әр түрлі пішіндегі (мөлшері 5-55 мм) үлкен тығыз мұз бөлшектері түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын .....
1. жаңбыр
2. қар
3. бұршақ +
4. ақ жауын
5. боран
19. Қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы .....
1. бұршақ
2. көктайғақ +
3. қар
4. қырау
5. қар қиыршығы
20. Будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталатын жаңбыр түрі ..... деп аталады.
1. ақ жаңбыр
2. өткінші жаңбыр
3. сіркіреме жаңбыр
4. қар
5. нөсер жаңбыр +
21. Карта бетінде тәулік, ай, жыл ішінде түсетін жауын – шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық .....
1. изогипса
2. изобата
3. изогиета +
4. изогалина
5. изосызықтар
22. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды ..... деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.
1. қар
2. бұршақ
3. ақ жаңбыр
4. нөсер жаңбыр
5. сіркіреме жаңбыр +
23. Шөлдер мен биіктік ендіктерде түсетін жауын - шашын мөлшері ..... .
1. а 250 мм +
2. а 250 мл
3. а 250 м
4. а 250 км
5. а 250 дм
24. Найзағай разрядымен қабаттаса жүретін атмосферадағы дыбыстық құбылыс ..... деп аталады.
1. күн күркіреу +
2. бұршақ
3. ақ жаңбыр
4. нөсер жаңбыр
5. сіркіреме жаңбыр
25. Әр түрлі, көбінесе алты бұрышты пластинка немесе алты сәулелі жұлдызша пішінді болатын мұз кристалдары түрінде болатын жауын шашын түрі ..... деп аталады.
1. мұз және қар қиыршығы
2. бұршақ
3. жаңбыр
4. қырау
5. қар үлпегі +
26. Жел мен күн сәулесінен қалқа жерлерде жыл бойы немесе қар жамылғысынан ұзақ сақталатын қар қалдығы ..... .
1. мұз және қар қиыршығы
2. бұршақ
3. жаңбыр
4. қар жұрнағы +
5. қар үлпегі
