- •46.Дезинфекция түрлері.
- •47.Дезинфекция әдістері.
- •48,Дезинфекциялық
- •49.Микроорганизмдердің дезинфекциялық заттарға төзімділігі.
- •50.Дезинфекцияның эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі орны.
- •51.Стерилизация, анықтамасына түсінік, асептика.
- •52.Медициналық бұйымдарды стерилизациялау әдістері.
- •55.Ішек жұқпалы ауруларыны топтарының жалпы сипаттамасы.
- •53.Стерилизацияның физикалық әдісі, ауа әдісі және иондаушы сәулемен стерилизациялау.
- •54.Стерилизацияның химиялық әдісі: газ әдісі, химиялық препараттар ерітіндісімен стерилизациялау.
- •56.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу механизмі,берілу механизмі сатылары,берілу факторлары.
- •57.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу жолдары,берілу факторлары.
- •58.Ішек жұқпалы аурулары топтары қоздырғыштың адам ағзасымен бірлескен әрекеттерінің ерекшеліктері.
- •59.Ішек аурулары топтарының манифестік,инкубациялық және жұқтыру кезеңі.
- •60.Ішек жұқпалы аурулары топтарында эпидемиялық прцестің жалпы сипаттамасы.
- •61.Ішек жұқпалы аурулары топтарында әлеуметтік және табиғи факторлардың эпидемиялық процеске әсер ету механизмі.
- •62.Ішек инфекциялары мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық жолдары.
- •64.Тыныс алу жолдарының инфекцияларының жіктелуі.
- •66.Аэрозольдік антропоноздар проблемаларын шешетін иммунологиялық жолдары.
- •67.Қан инфекцияларының жалпы сипаттамасы. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •68.Қан инфекцияларында адам мен тасымалдаушы организмдегі инфекция қорының ерекшелігі. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •69.Вирусты геморрагиялық қызбалар,жалпы сипаттамасы,алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •70.Оба,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •71.Туляремия,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •72.Жанасу механизммен берілетін инфекциялардың жалпы сипаттамасы.
- •73.Сыртқы қабат инфекцияларының жалпы сипаттамасы.
- •74.Вирусты және бактериалды этиологиялы сыртқы қабат инфекциялары.
- •75.Қоздырғышы тікелей қатынас арқылы берілетін инфекциялар.
- •76.Қоздырғышы қоршаған орта объектілері,көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы жанасу механизмінен берілетін аурулардың жалпы сипаттамасы.
- •77.Сыртқы қабат инфекцияларының арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары.
- •78.Сыртқы қабат инфекцияларының алдын алуда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің ролі.
- •79.Әлемнің барлық мемлекеттерінің денсаулық сақтауы үшін өзекті мәселе.
- •Сферы деятельности воз
68.Қан инфекцияларында адам мен тасымалдаушы организмдегі инфекция қорының ерекшелігі. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
-осы топ ауруларының қоздырғыштары қан тамырларында орнласады
- инфекция көбінесе қан сорғыш жәндіктер арқылы тарайды (бит, бүрге, шыбын-шіркей, кенелер т.б.-инфекция таратушы факторлар болып табылады). Әр қоздырғыштың өзіне тән таратушысы бар. Тарау жолы – трансмиссивті деп аталады. Безгек-тұқымдас масалар, бөртпе сүзегі-бит, кенелік энцефалит – кенелер, ұйқы ауру-цеце шыбыны.
Тасымалдаушы организмде қоздырғыш өте көп тікелей бөліну арқылы көбееді немесе циклдық дамиды.Мысалы, Провачек риккетсиясы сыпной тиф қоздырғышы жай тікелей бөліну арқылы эпителиалды жасушада көбееді бит, ал маляриялық плазмодиялар жыныстық циклдық дамуды анофелес масасының денесінде өткереді.
Ерекшеліктері:
1) эндемиялық тарау, яғни осы инфекцияны сақтайтын және тарататын жәндіктер тіршілік ететін географиялық аймақ (безгек, кенелік энцефалит)
2)табиғи ошақтар құру:
- осы инфекцияларды сақтап, тарататын мал-хайуандар тіршілік ететін географиялық аймақ (оба, туляремия)
3) маусымдық-таратушылардың биологиялық белсенділігі жоғарлайтын кезең (көктем-жаз айлары)
Осы инфекциялардың тарау мүмкіншілігі мен дәрежесі таратушыларға байланысты: шыбын-шіркей тарататын аурулардың жайылуы кеңдеу болады
4) инфекцияның алдын-алу-таратушыларды жою – яғни, дератизация өткізу болады
5) спецификалық профилактиканың тек қана қосымша маңыздылығы бар. Бұл топта тек қана 3 инфекция антропоноздар (безгек, бөртпе және қайтымды сүзектер), басқалары-антропоноздар.
2 топқа бөлінеді:
1.Типті қан инфекциялары – қоздырғыш қан айланысуынан шықпайды (безгек)
2.Қоздырғыш қаннан-лимфа түйіндеріне тарап сыртқы ортаға шығатын жол табады (оба, туляремия).
Кейде бұл инфекцияларда қоздырғыш жарақаттанған тері немесе шырышты қабаттар арқылы түсіп-лимфа түйіндеріне жетеді, одан қанға тарап-трансмиссивті тарауға мүмкіншілік туғызады.
69.Вирусты геморрагиялық қызбалар,жалпы сипаттамасы,алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
Геморрагиялық қызбалар – бір топ жедел өтетін вирусты зооноэ аурулары. Жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады. Қазіргі уақытта адамдарда 13 геморрагиялық қызбалары болатыны белгілі, олардың көбі тропикалық аймақтар үшін эндемиялық аурулар. Қазақстанда, Конго-Қырым, Омбы және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбалары бар. Геморрагиялық қызбалар қоздырушылары арбовирустардың экологиялық тобына ареновирус және филовирустарға жатады. Геморрагиялық қазбалар - табиғи – ошақтық жұқпалы аурулар. Қоздырушылардың негізгі көздері – приматтар, кемірушілер мен ірі қара және ұсақ малдар, кенелер т. б. Бұлардың организмінде үнемі жүретін латентті инфекция ошақта қоршаған ортаның жеткілікті ластануын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда инфеция антропонозды болып өтуі де мүмкін. Геморрагиялық қызбаның жұғу механизмі де әртүрлі: арбовирусты геморрагиялық қызбаларда трансмиссивті: ареновирустық геморрагиялық қызбаларда – аэрогенді, алиментарлық, қарым-қатынас жолдарымен, геморрагиялық қызбалардың қоздырушысы кейбірде параэнтералды жолменде жұғуы мүмкін. Адамдардың геморрагиялық қызбалармен ауруға бейімділігі өте жоғары. Өзінің атқаратын жұмысына қарай, жануарлар мен жабайы табиғат құрылыстарына ағаш дайындағанда, геологтардың, ауыл шаруашылық жұмысшылары және т. б. тығыз байланысты адамдардың ауыру қаупі өте жоғары. Аурудың ауыр түрі инфекция ошағына бірінші рет болған адамдарда жүреді. Тұрғылықты халықта жеңіл және субклиникалық геморрагиялық қызба түрі көп кездеседі. Геморрагиялық қызбамен ауырғандардың өлімі 1-5 тен 50-70 пайызға дейін жетеді.
Алдын алу шаралары:
табиғат аясына шығарда жабысқан кенелер тез
көрінетіндей және олардың денеге жабысуына жол
берілмейтіндей етіп киіну қажет;
кененің, көп жағдайда, сирақ, тізе немесе жамбас
деңгейінде жабысып, киімнің үстімен жоғары жылжып
отыратынын ескеріп, шалбардың балағын етікке, гольфі
не қатты резеңкесі бар шұлыққа салып, ал киімнің
үстіңгі жағын шалбарға салу қажет;
киім жеңінің манжеті білезікке жабысып тұру қажет,
ал жейде жағасы мен шалбардың түймесі болмағаны
жөн, болған күнде ол кене кіре алмайтындай киімді
қымтап жауып тұруы тиіс;
басқа жейденің, күртенің қоса тігілген капюшонын
киіп, болмаса, шашты орамал, бас киім астына буып-түю
қажет;
киім ашық және бір түсті болғаны абзал, өйткені
мұндай киімнен кенені байқау оңай
киімге жабысқан кенені алып тастау үшін адам өзін-
өзі және қасындағы адаммен бірін-бірі үнемі қарап
отыруы қажет;
киімнің үстінен тексеруді әр 10 - 15 минут сайын
өткізу қажет, ал орманнан келгеннен кейін, киімді
шешіп, киімді, денені мұқият тексеру қажет;
кене теріге түсе салысымен, жабыспайды, сондықтан
кене неғұрлым ерте алып тасталса, ол соғұрлым
қоздырғыштардың аз үлесін беріп үлгереді;
энзоотикалық аумақтарда шөпке отыруға немесе
жатығу болмайды, өйткені бұл жағдайда кене киімнің
астына оңай кіріп кетеді;
орманда шөбі жоқ жерде түнеген жөн;
түнеудің алдында киімді, денені, шашты жақсылап
тексеру қажет;
орын-жайға жаңа жұлынған шөп, бұтақты және
сыртта киіп жүрген киім мен басқа да заттарды алып
кіруге болмайды, өйткені олардың үстінде кене болуы
мүмкін;
жабысқан кенелерді алып тастау үшін ит және басқа
да үй жануарларын қарау қажет;
ЖӘРДЕМ: кенені алып тастау үшін медициналық
мекемеге бару қажет, егер бұл мүмкін болмаса, онда
жабысқан кенені оның тұмсығын сындырып алмауға
тырысып, алып тастау қажет, қолғаппен немесе
пинцетпен жұмыс істеу керек, жараны йодпен
зарарсыздандыру қажет. Түсірілген кенелерді жақын
жердегі емдеу мекемесіне немесе мемсанэпидқадағалау
мекемесіне зерттеуге жеткізу қажет.
Егер кенені алып тастау қиынға түссе, кененің
шаққан жеріне өсімдік майын жағу қажет, сонда кене
оңай түседі. Кенені жабық ыдыста сақтап, медициналық
мекемеге жеткізу қажет.
Кене шаққан тұлғалар таңертең және кешкі
уақытта дене қызуын өлшей отырып, 14 күн бойы
бақылануы үшін міндетті түрде медициналық ұйымға баруы тиіс.
