- •1/48.Соғыс пен бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайларда эфакуациялық
- •2/49.Жер сілкінудің магнитудасы
- •3/11/50/58.Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар
- •4/51. Эвакуациялық органдар
- •5/52.Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді
- •6/53.Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді
- •7/54.Қорғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді
- •8/55.Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз
- •9/56. Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды
- •10/46/57/68.Жер сілкінудің сипаттамасы
- •14/37/67.Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар
- •15/21/34/64.Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
- •16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •17.Өткіш радиация және жердің радиоактивті ластануы туралы түсіндірме
- •18/31/61. Адамға радиатцияның әсері
- •19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •22/23/35/65.Қатты әсер ететін улы заттар өздерінің қасиеттері бойынша қандай
- •24.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •25. Электромагниттік импульс және өткіш радиация туралы түсіндірме
- •26.Көміртегі тотығымен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •27.Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •28.Жердің радиоактивті ластануы не себептен болады
- •29.Аммиак пен зақымданған кезде зақымдау белгілері
- •30/60.Ведомствалы қатыстағы бойынша төтенше жағдайларға жататын
- •38.Жер сілкінісі анықтамасы
- •41/71.Жер сілкіну түрлері
- •43.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралуы бойынша қадай
- •44.Жер сілкіну географиялық таралуы
- •45.Қалаларды сумен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар
- •72.Жарақаттың қандай түрлері бар
- •73.Экзогенді жарақат пен эндогенді жарақаттың айырмашылығы неде
- •74.Экзогендік жарақат факторларын атаңыз
- •75.Жарақаттың қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады
- •76.Термиялық күйік дегеніміз не қанша түрде ажыратуға болады
- •77.Алғашқы жәрдем аптечкасы дегеніміз не
19./32/62 Хлормен зақымданған кезде зақымдау белгілері
Күштіәсерлі улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану мүмкіндік шегі (ШМШ) асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді. Хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарды көтерілу қажет: а) егер сіз төменгі қабаттағы потерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз; ә) егер сіз кошеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Атқаратын іс-қимыл: дем алу бұзылмаса, респиратор н/е ас содасының 2%-ды н/е зәрге шыланған мақта дәке таңғышты тағу арқылы хлордың әрі-қарай ағзаға енуін тоқтату керек; таза киім ауыстыру керек; көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісі мен 10-15мин бойы хлордың иісі кеткенше дейін шаю керек ж/е вазелин майын тамызу керек; ас содасының 2%-ды ерітіндісімен ауызын шаю керек; Сүт н/е сілтілі минералды су беру керек; 03 шақыру; дем алуы тоқталса, ауыздан-ауызға дем алу ж/е жүрекке жанама массаж жасау арқылы демді қалпына келтіру кажет;
Хлор – тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді. Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар. Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.
20/33/63.Төтенше жағдайлардағы ұйымдар жұмысының тұрақтылығының негіздері ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады. Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақым- дану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі. Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың қүдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау. Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды. Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қороғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды. Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады: АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы-ИПП-8, ИГІП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналықтану пакеті. Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдық- талған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар(бриллианттық жасыл, калий перманғанат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).
