Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tkn_original.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

16/40/70.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер арқылы ағып, бір арнаға тоғысады. Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]