Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мунира актив.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

6. «Өшіргіш» құралын қолдану

«Өшіргіш» құралын таңдап алыңдар. Алдын-ала жазылған жазудағы ашық-көк түс маскасын өшіріңдер. Алғашқы жазулар өшірілмейді, себебі олар басқа қабатта. «Өшіргіш» құралы үстіңгі қабатта ғана активті. ACTIVstudio-ны жауып шығуға болады, ал беттегі элементтер сақталып қалады.

Ескерту: Аннотация негізгі қабатта, жазулар, тану құралының көмегімен құрылған ортаңғы қабатта орналастырылады.

№5 Лабораториялық жұмыс

Торлар

1. Сақталған флипчартты ашу

ACTIVstudio-ны іске қосып, Флипчарт 4-тің соңына жаңа беттер қос. Соңында флипчартта 5 бет болу керек. Енді оны Флипчарт 5 деп сақта.

2. Торлар құру

Т орлар құру үшін фон торлары қажет. Бірақ та торларды басынан бастап құрмай-ақ, ACTIVstudio-ның дайын торларының фонын қолдануға болады. Кітапхана ресурсын іске қосып, «Жалпы торлар» бөлімінен торлардың наубайларын көруге болады. Мұнда ‘1х1 торын’ тауып, оны Жалпы торлардан жаңа флипчарт бетіне қойыңдар. Кітапхана ресурсын жабыңдар.

3. Торлардың көлемін өзгерту

Б ұл мезетте торлардың өлшемі өте кішкентай; бірақ та оны өзімізге қажетті өлшемнің көлемімен өзгертуге болады. Ол үшін бізге үлкен торлар қажет. Тордың көлемін өзгерту үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту қажет. Бетті редакторлеу құралдары тақтасын ашып, «Объектінің көлемін үлкейту» батырмасын беттегі горизонтальді сызықтар төртеу болғанша басып тұру керек.

4 . Мәтін құру

Құралдар тақтасынан Тану батырмасын таңдап алыңдар. «Қаріпті таңдау» терезесінен 20-ші өлшемді таңдап ОК батырмасын шертіңдер. ACTIVpen немесе тышқанмен « ACTIVstudio» сөзін жазғаннан кейін, қолмен жазылған мәтін, пернетақтамен жазған мәтінге айналады.

Кезекпен «ACTIVstudio» бағдарламасының қосымша құрылғыларын жаз. Тану құралын жабыңдар.

5. Объектілерді тордың бойымен реттеу

Б өліп алу құралын қолданып, «ACTIVstudio» тышқанмен тордың горизонтальды сызығының шетіне орналастырыңдар. Әрекеттерді орындағанда мәтін тордың сызығының бойына орналасатынын байқауға болады. Енді келесі сөздерді жазғанда олар кезекпен сызықтың бойында орналасады. Әрбір сөз өзінің горизонтальды сызықтың бойында ретпен жазылады.

6. Кітапхана Ресурсына ресурстар қосу

Б ұл сөздер алдағы жобаларды жасағанда қажет болатындықтан, оларды Кітапхана Ресурсына қосып қойыңдар. Флипчарттың құралдар тақтасынан Кітапхана Ресурсы батырмасын басып, менің Кітапхана Ресурсым батырмасын таңдау керек, бұл жерде кез келген ресурстарды сақтауға болады және өзің үшін ресурс жинақтайсың. Менің Мәтінім батырмасын басып, оң жақтағы бірінші сөздерді орналастырыңдар.

7. Тану батырмасын баптау: тіл

Б ұл уақытқа дейін тану батырмасы, ағылшын тілінде (Великобритания) таниды. Ал ол көптеген тілдерді тани алады.

Ескерту: қажет болса Кітапхана Ресурсында кез келген жерде жаңа бума құра аласыңдар. Кітапхана Ресурсы тақтасының кез келген жерінде оң жақ батырманы шерткенде кішкентай терезелер ашылады. Жаңа бума құру опцияларын таңдап, тақырыбына сай ат қойыңдар. Ақпарат енгізу опциясын таңдап, «Қол жазуларын тану тілі» бөлімін қараңдар. Онда ағылшын тілі (Великобритания) көрсетілген болар.