Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мунира актив.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

11. Көрсеткіш құралы

К өрсеткіш Құралы Түзу сызықтың көмегімен басқа сурет салудың амалын ұсынады. Бұл құралды қолданып үшбұрыштың суретін саламыз. Беттің ортасында Көрсеткіш құралын таңдап үшбұрышты саламыз. Енді меңзердің орналасуын бақылайық. Сызық меңзердің бағытымен бірге ауысып отырады. Келесі нүктені бас, үшбұрыштың кезекті нүктесін орналастыратын жерге. Үшінші нүктені бас, нәтижесінде үшбұрыш пайда болады. Бірінші нүктеге жеткенде үшбұрыш дайын болады. Форма аяқталғанда сызық меңзердің соңынан ілеспейтін болады.

Қайтару батырмасы қате жіберілген жағдайда оны түзетуге көмектеседі.

12. Форманы түспен бояу

Қ ұю құралын таңдап, Түстер палитрасынан жаңа түс таңда. Таңдаған түспен бояу үшін үшбұрышты шерт. Флипчартты сақтап ACTIVstudio жабыңдар.

№3 Лабораториялық жұмыс

Кітапхана Ресурсы

1. Сақталған флипчартты ашу және жаңа бет құру

ACTIVstudio – ны іске қосып, Флипчарт 1 файлын ашыңдар. «Келесі бет» құралын қолданып флипчартта жаңа бет құрыңдар. Флипчартты «Менің флипчартым» бумасында жаңа атпен сақтаңдар.

2. Бір флипчарт бетінен элементті келесі бетке көшіру

« Бетті таңдау» батырмасымен, үш беттен тұратын флипчарт беттерін тексер. 2-ші және 3-ші беттерді активтенжіру қалпына келтір. Егер де 3-ші бетте жұмыс жасағанда, алдымен 2-ші беттегі тақырыпты көшіріп алыңдар. Әрине, жаңа бетте қайтадан теріп жазуға да болады, бірақ та көшіру әдісі тақырыптың әрбір бетте сол жерде шығатынына кепілдік береді. Бөліп алу батырмасы активтендірілгендігіне көз жеткізіп, 1-ші беттегі тақырыпты, 3-ші бетке көшіріңдер. Пайда болған менюден «Осында көшіру» командасын таңда. 3-ші бет активтендірілгенде қызыл жиекпен ерекшеленіп тұрады.

3. Мәтінді редакторлеу

Е нді 3-ші беттегі мәтінді редакторлейік. Тақырыпта екі рет шерткенде, объектіні редакторлеу тақтасы іске қосылады. Тақтадан «Мәтінді редакторлеу» батырмасын таңда. Мәтінді бірден ерекшелеп алу үшін құралдар тақтасынан «Барлығы» батырмасын басу керек. Енді Кітапхана Ресурсын үйрену мәтінін теріп жазыңдар. Жаңа мәтін бұрынғы тақырыптың орнын басады. Мәтінді редакторлеу құралы тақтасын жабыңдар.

4. Кітапхана ресурсын ашу

Флипчарт құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі.

5. Көмекші сөздерді қолдану

Егер де меңзер ACTIVstudio батырмасының астында болса, көмекші сөздер шығады. Бұл құрал әрбір батырманың функцияларын еске түсіріп отырады.

6. Жалпы кітапхана ресурсы

ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. батырмасын іске қосыңдар.

7. Ресурс тірегін қолдану

К ітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік.

8. Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау

Қ азір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда.

9. Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосу

К ітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар.

10. Кітапхана ресурсын бүктеу

Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.

11. Объектіні редакторлеу құралы тақтасын қолданып суреттердің көшірмесін алу

Бөліп алу құралының көмегімен суреттің ортасына шертіңдер. Объектіні редакторлеу құралы тақтасы іске қосылғанда, «Көшірмелеу» батырмасын үш рет шертіңдер, сонда бір суреттің үш көшірмесі пайда болады. Суреттерді жеке-жеке қойыңдар.

12. Объектінің көлемін өзгертіп және оны айналдыру

О бъектіні редакторлеу тақтасының құралын қолданып, суреттердің сыртқы түрін өзгертуге болады. Үш суреттің бірін белгілеп алып, объектіні редакторлеу тақтасының көмегімен «Көлемін үлкейту» батырмасымен суреттің көлемін үлкейтеміз. Келесі суретті «Көлемін кішірейту» батырмасымен кішірейтеміз. Енді үш суреттің көлемі әр түрлі. Ал үшінші суретті «Бөліп алу» батырмасын шертіп көмегімен айналдырамыз.