Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к лабораторным работам 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы мен сертификаттау саласы бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу.

Окудың мақсаты: студенттерге сертификаттау бойынша құқықтық және нормативтік негіздерді үйрету.

Әдістемелік нұскаулар: тапсырмалар аудиторияда орындалады, оқыту-шы бастапқы материал ретінде сертификаттау саласы бойынша ҚР Занының, ҚР стандарттарының көшірмесін таратады, негізгі ұғымдар, ережелер мен терминдер талқыланады.

Оқудың мазмұны: «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңымен, мемлекет-тік сертификация жүйесінің нормативтік базасымен танысу.

Қазақстанда сертификация жүйесінің дамуы мен жақсаруына жақсы жағдай жасалуда: сертификацияның құқықтық және нормативтік жүйесі құрылды;сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін нормативті және мекемелі-әдістемелік негізін қалаушы құжаттар жасалды; сәйкестік сертификатын растайтын өнімнің тізімі анықталды; стандарттардың мемлекеттік қорының дамуы жалғасуда; нормативтік құжаттарға қойылатын талаптарға мемлекеттік тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының өнімінің, қызметтің және үрдісінің қауіпсіздігін «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы, техникалық реттеудің құқықтық негізінің мемлекеттік жүйесі бекітеді. Заң 8 тараудан және 47 баптан тұрады. Бірінші тарауда - техникалық реттеудің кағидалары мен мақсаттары және жалпы ережелер берілген.

Сертификаттау жүйесінің мемлекеттік нормативті базасы мыналардан тұрады: стандарттар, санитарнық ережелер мен нормалар, құрылыс ережелері мен нормалары, ақпараттық материалдар, өнімді сынаудың нормативті құжаты, өндіріс сапасының жүйесі.

ҚР сертификаттау жүйесіндегі мемлекеттік стандарттары обьектілер мен үрдістерге бірыңғай норма ман талаптар қояды. Негізін қалаушы стандарт болып ҚР СТ 3.0-2001 табылады.

Сертификаттау жүйесі – процедура мен басқаруды қамтитын өзінің ережелері бойынша сертификаттауды жүзеге асыратын жүйе. Қазақстан Республикасында сертификаттаудың заңды негізі болып 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң болып табылады, бұл заң 1999 жылы 16 шілдеде қабылданған «Сертификаттау туралы» заңын орын ауыстырады.

Сертификаттау жүйесін (жалпы түрде) құрайды: орталық орган (Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) «Сараптау мен сертификаттаудың ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы арқылы жүйені басқарып отырады, оның қызметіне бақылау жасап және сертификаттауды басқа органдарға бере алады (сертификаттау бойынша аккредиттелген органдарға және аккредителген сынау орталықтарына), сертификаттауды өткізу ережелері мен тәртібін, сертификаттау жүргізілетін нормативті құжаттарды, сертификаттау процедураларын, инспекциялық бақылаудың тәртібін орнатады.

Сертификаттау халықаралық сауданы дамытуға бағытталған, бірақ жүйеде техникалық кедергілер болуы мүмкін. Сертификациялық кедергінің объективті жағдайлары: стандарттағы, заңнамадағы, сертификаттау жүргізудегі өзгешеліктер, сонымен қатар сертификацияны шетел өндірісі тауарларының ішкі нарыққа кіруден қорғау протекционизм тәсіліне айналдыру жағдайы. Осылайша, стандартты бәсекелестік жарыстың құралына айналу мүмкіндігі зор. Сертификаттау жүйесі мекемелерінде сертификатты алудың осындай жағдайлары жиі кездеседі, ол орта және кіші бизнесті мекемелеріне немесе шетел өндірушілеріне орындау мүмкін емес.

Осындай кедергілерді болдырмау үшін саудада өзара тану келісімі бар (бір жақты, екі жақты, көп жақты). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында «сертификаттау нәтижелерінің өзара тану келісімі» іске асуда. Бірақ бұл салада сертификаттау жүйесінің көп ведомствалар ережелерінің сәйкес келмеуінен көптеген мәселелер туындайды (Ресейде – сертификаттаудың өз жүйелерін жасаған және Ресей Федерациясының Мемлекеттік Стандартының негізінде жұмыс жасайтын 18 министрлік бар).

1- кесте

Сертификаттау стандарттары

ҚР СТ 3.0-2001

ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 3.1-2001

ҚР МСЖ. Өнім мен көрсетілетін қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау.

ҚР СТ 3.4-2003

ҚР МСЖ Өнім сәйкестігін растау реті. Жалпы талаптар.

ҚР СТ 3.5-96

ҚР МСЖ Көрсетілетін қызметті сертификаттау. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 3.6-96

ҚР МСЖ Қоғамдық тамақ қызметін сертификаттау

ҚР СТ 3.7-2002

ҚР МСЖ. Туристік экскурсиялық және мейманханалық қызметті сертификаттау реті

ҚР СТ 3.8-2000

ҚР МСЖ. Сарапшы-аудиторлар. Мамандандырылған талаптар, дайындау реті және аттестаттау.

ҚР СТ 3.9-2004

ҚР МСЖ. Импортталған өнім сәйкестігін растау. Жалпы ережелер.

ҚР СТ 3.10-2007

ҚР МСЖ Апелляцияларды қарастыру тәртібі

ҚР СТ 3.11-2003

ҚР МСЖ. Жүйенің Мемлекеттік тізілімінің құрылымы және жүргізу тәртібі.

ҚР СТ 3.12-2005

ҚР МСЖ. Телекоммуникациялық байланыс құралдарын міндетті сертификаттау негізгі ережелері

ҚР СТ 3.13-2005

ҚР МСЖ. Телекоммуникациялық байланыс құралдарын сертификаттау реті

ҚР СТ 3.15.1-2006

ҚР МСЖ. Сапа жүйелерін және өндірістерді сертификаттау. Негізгі ережелер

ҚР СТ 3.15.2-2006

ҚР МСЖ Сапа жүйелерін және өндірістерді сертификаттау. Сапа жүйелерін сертификаттауды жүргізу тәртібі

ҚР СТ 7.2-2000

ҚР МСЖ Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

ҚР СТ 7.3 -2002

ҚР МСЖ Сынау зертханаларына (орталықтарына) қойылатын жалпы талаптар

Сертификаттау жұмыстарының мекемесі үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

  1. Сертификаттау объектілері анықталуы;

  2. Сертификаттау жүргізілетін талаптарға сәйкестігіне нормативті құжаттардың түрлері мен деңгейлері орнатылуы;

  3. Сондай сәйкестікті қолданушы ережелер мен процедуралар реттелуі;

  4. Оларды өткізу жағдайлары қамтамасыз етілуі, яғни сынауды өткізе алатын орнатылған тәртіпте аккредитталған сынау орталықтарының болуы;

  5. Сәйкес саладағы сертификаттау бойынша орнатылған тәртіпте аккредиттелген органның болуы керек.

6. Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құрылған.

7. ҚР сертификаттау жүйесін мемлекеттік органына (ҚР Мемстандарты), өнім, процес, жұмыс және қызмет сертификаттаудың аккредиттелген органы және аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) жатады. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (ҚР МСЖ) – ҚР сертификаттау мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу ретін орнататын, сертификаттау саласы бойынша жұмыстарды өз құзыреттілік шегінде жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы.

8. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясат жүргізу мен негізгі ережелер және сертификаттау ретін, сертификаттау органы мен сынақ зертханаларына талаптар және оларды аккредиттеу ретін, сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторларды дайындау мен аттестаттау ретін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу ережелерін, аудит пен инспекциялық тексеру жүргізу ретін және т.б. сертификаттау мақсатын жүзеге асыруға қажетті талаптарды орнатады. Сертификаттау жұмыстарын басқару Қазақстан Республикасы Мемстандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті органға бекітілген. Сертификаттау жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджеттен және келісімшарт негізінде жүргізілген жұмыстардан жүзеге асады. ҚР МСЖ жұмыстарына Қазақстан жерінде орналасқан барлық мемлекеттік басқару органдары, қандайда болмасын меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар, шетел ұйымдары мен фирмалары ашық қатыса алады. Міндетті шарт ҚР МСЖ ережелерін мойындау мен орындау міндетті шарт. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру құрылымына: стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік өкілетті орган; өнімді, процесті, жұмысты, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттелген орган; аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары); аккредиттеу саласында консалтингтік қызметтер көрсететін аккредиттелген ұйымдар; сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар кіреді.

9. ҚР МСЖ жұмыс жасауының құқықтық қамтамасыздығы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен анықталады.

Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы 1-суретте көрсетілген.

Ғылыми-әдістемелік сертификаттау орталығы

ААҚ «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы»

Сертификаттау жөніндегі органдар