Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к лабораторным работам 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңын зерделеу.

Окудың мақсаты; студенттерге сертификаттау бойынша құқықтық және нормативтік негіздерді үйрету.

Әдістемелік нұскаулар: тапсырмалар аудиторияда орындалады, оқыту-шы бастапқы материал ретінде сертификаттау саласы бойынша ҚР Занының, ҚР стандарттарының көшірмесін тарады, негізгі үғымдар, ережелер, жағдайлар мен терминдер талқыланады.

Оқудың мазмұны: «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңымен, мемлекет-тік сертификация жүйесінің нормативтік базасымен танысу.

Қазақстанда сертификация жүйесінің дамуы мен жақсаруына жақсы жағдай жасалуда: сертификацияның құқықтық және нормативтік жүйесі құрылды;сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін нормативті және мекемелі-әдістемелік негіз қалаушы құжаттар жасалды; сәйкестік сертификатын растайтын өнімнің тізімі анықталды; стандарттардың мемлекеттік қорының дамуы жалғасуда; нормативтік құжаттарға қойылатын талаптарға мемлекеттік тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының өнімінің, қызметтің және үрдісінің қауіпсіздігін «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы, техникалық реттеудің құқықтық негізінің мемлекеттік жүйесі бекітеді. Заң 8 тараудан және 47 баптан турады. Бірінші тарауда-техникалық реттеудің кағидалары мен мақсаттары және жалпы ережелер берілген.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативті базасы мыналардан тұрады: стандартар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, ақпараттық материалдар, өнімді сынау әлістемесіне нормативті құжаттар, өндіріс сапасының жүйесінен.

Сертификаттаудың процедурасы мен объектісі ҚР сертификаттау жөніндегі мемлекеттік жүйесінің бірыңғай нормаларын бекітеді. Негіз қалаушы стандарт болып ҚР СТ 3.0-2001 табылады.

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi орган заңды тұлғаның белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқылы екенiн ресми танитын рәсiм;

2) аккредиттеу аттестаты - сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыс жүргiзу ережелерiне сәйкес берiлетiн, сәйкестiктi растау жөнiндегi органның және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) белгiлi бiр салада белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

3) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;

4) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң үйлесiмiн ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы;

5) үйлестiрiлген стандарт - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететiн стандарт;

6) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi - өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;

7) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiшi техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;

8) мемлекеттiк стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және мемлекеттiк органдардың өз құзыреттерi шегiнде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;

10) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

11) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгін растау жүзеге асырылатын рәсiм;

12) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, кәдеге жарату және жою процестерi;

13) мүдделi тараптар - қызметi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

14) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар;

15) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi;

16) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiрмағыналы тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;

17) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;

18) инспекциялық тексеру - сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;

19) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) өнiмнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiне сынақ жүргізетiн зертхана, соның iшiнде мемлекеттiк органдар зертханасы;

20) халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

21) ұлттық стандарт - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгі қол жеткiзе алатын стандарт;

22) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;

23) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт осы Заңға және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

24) аккредиттеу саласы - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестiктi растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн бекiтiлiп берiлген объектiлердiң тiзбесi;

25) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;

26) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсiм;

27) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

28) негiзге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудiң белгiлi бiр саласына арналған жалпы ережелерi бар стандарт;

29) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсiм;

30) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

31) өнiм - процестiң немесе қызметтiң нәтижесi;

32) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

33) стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым - географиялық немесе экономикалық бiр ғана өңiрдiң стандарттау жөнiндегi тиiстi органдары қызметiне қатысу үшiн ашық болатын стандарттау жөнiндегi ұйым;

34) өңiрлiк стандарт - стандарттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

35) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмi техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттарды есепке алу құжаты;

36) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;

37) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестігін куәландыратын құжат;

38) сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;

39) стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

40) ұйым стандарты - ұйым бекiткен стандарт;

41) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;

42) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi;

43) техникалық кедергi - техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi;

44) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет - бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;

45) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектiге қатысты арнаулы бiлiмi немесе тәжiрибесi бар жеке тұлға;

46) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу;

47) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

48) көрсетiлетiн қызмет - берушi мен тұтынушының тiкелей өзара iс-қимылының және берушiнiң тұтынушы қажеттiктерiн қанағаттандыру жөнiндегi iшкi қызметiнiң қорытындылары;

49) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы;

50) сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитор - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған маман.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР Заңының негізгі мақсаты.

  2. Өнім, қызмет және процесс қауіпсіздігі деген ұғымға не кіреді.

  3. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қорын не құрайды.

  4. Өнімнің өмірлік кезеңі деген ұғымға не кіреді.