- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •А.О.Ермекбаева, и.Ж.Жаханова, с.Б.Әмір, б.А.Бекбосынова Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2014
- •6 Тәжірибелік жұмыс
- •7 Тәжірибелік жұмыс
- •8 Тәжірибелік жұмыс
- •Д қосымша Өнім қауіпсіздігі туралы өтініш-декларация бланкінің үлгісі
- •Өнім қауіпсіздігі туралы
- •Е қосымша
- •Ж қосымша Импортталатын өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге арналған келісімшарт нысанының үлгісі
- •1 Келісімшарт мәні
- •2 Тараптардың міндеттемелері
- •3 Жұмыс құны және есеп-айырысу тәртібі
- •4 Тараптар жауапкершілігі
- •5 Келісімшарт мерзімі және тараптардың заңдық мекенжайы
- •Төлем деректемелері ________________________________________________
- •3 Қосымша
- •Қр сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіндегі қызметтерді сертификаттау жүргізуге арналған
- •И қосымша Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша
- •К қосымша сынақ орталығы
- •Л қосымша
- •Сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы
- •М қосымша
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
1 Келісімшарт мәні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде (бұдан былай – МСЖ) қабылданған сәйкестендіру сертификатын беру мақсатында өнім сәйкестігін растау немесе шетелдік сертификатты тану бойынша жұмыс жүргізуді ТАПСЫРЫС БЕРУШІ тапсырады, ал ОРЫНДАУШЫ мойнына алады.
2 Тараптардың міндеттемелері
2.1 Тапсырыс беруші міндеттенеді:
2.1.1 Қазақстан Республикасы МСЖ нормативтік құжат талаптарына сәйкес өнім сәйкестігін растау бойынша барлық шарттарды сақтауға.
2.1.2 Осы келісімшарт бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық шығындарды белгіленген тәртіппен төлеу.
2.1.3 ОРЫНДАУШЫҒА импортталатын өнім сәйкестігін растаумен байланысты орыс тіліндегі қажетті ақпаратты (талаптар белгілейтін және оны теңестіруге мүмкіндік беретін нормативтік құжаттама (бұдан былай – НҚ), шетелдік сәйкестік сертификаты және басқа) беруге және аударманың дәлдігі және ұсынылған құжатқа өнімді теңестіру үшін жауапкершілік артуға.
2.1.4 Шетелдік сәйкестік сертификаты танылмаған немесе ұсынылмаған жағдайда, қолданыстағы НҚ сәйкес өнім сәйкестігін растай бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етуге.
2.1.5 ОРЫНДАУШЫДАН сәйкестік сертификатын алғанға дейін немесе
сәйкестік туралы декларацияны тіркегенге дейін өнімді сатпауға.
2.2 ОРЫНДАУШЫ міндеттенеді:
2.2.1 Кедендік жүк декларациясын бергенде, төлем енгізілген жағдайда, ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ қоймасына әкелінетін тауарды тиеуді жеделдету үшін өтініш-декларацияны дереу тіркеуге.
2.2.2 Шетелдік сертификат танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының МСЖ-де белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификатын беруге.
2.2.3 Шетелдік сертификат танылмаған немесе ұсынылмаған жағдайда
өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге және оң нәтиже болған жағдайда белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификатын беруге немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге.
2.2.4 Өнімді сертификаттық сынақтан өткізуді нормативтік мерзімнен
аспайтын уақытта орындауға.
2.2.5 ТАПСЫРЫС БЕРУШІМЕН байланыс нәтижесінде алынған бүкіл құпия ақпараттың құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге.
3 Жұмыс құны және есеп-айырысу тәртібі
3.1 ОРЫНДАУШЫ белгіленген талаптарға сай өнім сәйкестігін растау бойынша жүргізген жұмыстар құны келісімді болады және өтініш – шотта көрсетіледі.
3.2 Өтініш-шот жазылған сәттен бастап үш банктік күн ішінде ОРЫНДАУШЫНЫҢ есеп шотына аудару арқылы есеп-айырысу жүргізіледі.
3.3 Өнімді сертификаттау бойынша жұмыс жүргізуді жеделдету мақсатында ТАПСЫРЫС БЕРУШІ тараптар арасында қосымша келісілген соманы ОРЫНДАУШЫҒА алдын ала төлейді.
3.4 Толық есеп-айырысқанға дейін сәйкестік сертификаты берілмейді, сәйкестік туралы декларация тіркелмейді.
4 Тараптар жауапкершілігі
Осы келісімшарт бойынша міндеттер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда ОРЫНДАУШЫ мен ТАПСЫРЫС БЕРУШІ дұрыс орындамау төтенше жағдай (табиғи зілзала, әскери іс-қимыл т.б.) салдарынан болғанын дәлелдесе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілік тартады.
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
