Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03. Лекция тезистерi.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362 Кб
Скачать
☆

2 Тақырып: Жеке адамға қарсы қылмыстар

Мақсаты: студенттерді жеке адамға қарсы қылмыстар мен таныстыру, олардың түрлерін ұғындыру

Жоспар:

1. Өмiрге қарсы қылмыстар.

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: 1,2,3,4,5 қосымша: 6,7,8,9

1. ҚР-нiң Қылмыстық Кодексiнiң Ерекше бөлiмiнiң бiрiншi тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кiретiн барлық қылмыстардың топтық объектiсi жеке адамның дұрыс iс-қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастар болып табылады. Тiкелей объектiлерiнiң ерекшелiктерiне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрге бөлiнедi:

  1. Өмiрге қарсы қылмыстар. (96-102 бб.).

  2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (103-119 бб.).

  3. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар (125-128 бб.).

  4. Жеке адамның ар-намысына және адамгершiлiгiне қарсы қылмыстар (129,130 бб.).

  5. Жыныстық қылмыстар (120-124 бб.).

ҚР–ның 1997 жылғы Қылмыстық Кодексiнде тұңғыш рет адам өлтiрудiң заңдылық тұсiнiгi берiлген. «Кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру» деп ҚК-тiң 96 бабында тура көрсетiлген. Осыған орай абайсызда кiсi өлтiру заң бойынша адам өлтiру деп танылмайды. Бiрақ топтық және тiкелей объект белгiсiне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда кiсi өлтiру) жеке адамға қарсы қылмыс үшiн жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмiрге қарсы қылмыстың, соның iшiнде адам өлтiрудiн де тiкелей объектiсi адамның өмiрi болып табылады.

Адам өлтiрудiң объективтiк жағы басқа адамды өмiрiнен заңсыз айырумен көрiнедi. Қылмыстың аяқтылуы үшiн адамды өмiрiнен айыруға бағытталған iс-әрекеттiң және соның зардабынан адам өлуiнiң арасындағы себептiк байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтiрудiң объективтi жағының екiншi белгiсi қылмыстың зардабы жәбiрленушiнiң өлiмi болып табылады.

Келтiрiлген зардапты кiнә деп жүктеу үшiн болған өлiм мен субъектiнiң әрекетi мен әрекетсiздiгi арасындағы себептiк байланыстың болуы негiзгi болып табылады . Адам өлтiру – материалдық құрамға жататын қылмыс. Қылмыстың субъективтiк жағы кiнәнiң қасақана жасалуымен сипатталады.

Қасақана адам өлтiрудiң субъектiсi 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тiң 97-102 баптарында көрсетiлген жағдайларда адам өлтiрудiң субъектiсi 16 жасқа толған адамдар болып табылады.

ҚК 96 бабының 1 бөлiгiнде көзделген адам өлтiру-адам өлтiрудiң қарапайым деп аталатын түрiне жатады. Бұған мынадай адам өлтiру түрлерi жатады: қызғаныштан, төбелес кезiнде немесе ұрыс-керiс үстiнде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбiрленушiнiң заңсыз әрекеттерiне байланысты, жеке қарым қатынас негiзiнде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтiру өқиғалары.

ҚР-ның ҚК-де адам өлтiруiнiң негiзгi құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтiрудiң құрамы бiр бапқа бiрiктiрiлген.

Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтiру - ҚК-тiң 96 - бабының 2- тармағында көзделген.

а) екi немесе одан да көп адамды өлтiру (96 -б. 2- тармағының «а» тармақшасы).

Жәбiрленушiлердiң өлуi бiр мезгiлде болады. Мынадай жағдайдың де болуы мүмкiн: кiнәлi әуелi бiр адамды өлтiредi, содан соң бiршама уақыт өткеннен кейiн, әдетте көп кешiкпей, басқа адамды өлтiредi. Оның бiр адамды емес, екi немесе одан да көп адамды өлтiру ниетiнiн болғандығын дәлелдеудiң маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтiру себептерi бiрдей болмауы мүмкiн. Бiреуiн, ол мысал үшiн- кек алу мақсатында, ал екiншiсiн бiрiншi кiсi өлтiрудi жасыру мақсатында өлтiредi. Сонымен бiрге екiншi адамды өлтiру ниетi бiрiншi кiсi өлтiруден кейiн емес, оған дейiн пайда болған. Осы жағдайларда кiнәлiнiң әрекетi осы «а» тармақшасымен сараланады.

б) Адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтiру (ҚК 96- б. 2- т. «б» т.).

Мұндай адам өлтiру кiнәлiнiң жәбiрленушiнi немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауына кедергi келтiру мақсаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады.

в) Дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сонымен бiрдей адамды ұрлаумен не адамды кепiлге алумен ұштасқан адам өлтiру (96-б. 2 -т. «в» т.).

Жас шамасының өте кiшiлiгiне немесе кәрілiгiне, дене мүшелерiнiң кемiстiгiне, аурулығына, соның iшiнде жүйке ауруға шалдығу, ақыл-есiнен уақытша айырылу немесе ақыл-есiнiң әлсiреумен байланысты болған, оның дене мүшелерiнiң немесе психикалық жай-күйiнiң салдарынан кiнәлiге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмiрiнен айыруға жасаған әрекетiнiң сипатын түсiнбеу жағдайын жәбiрленушi адамның дәрменсiздiк жай-күйi деп түсiну керек.

г) Жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК 96- б 2-т «г» т)

Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады.Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт.Жібірленуші кез келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек.Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған тұрмағандығының оған қатысы жоқ.

Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе,онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытыны қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК 24-б,3-т,96-б,2 – т»в»т).

д) Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтiру (96-б.2-т «д» т.).

Адамды өмiрiнен айыру жәбiрленушi айырықша қорлау мен қинауға байланысты әдiспен жасалады: көптеген жарақат салу, тiрiдей өртеу, алдын ала, бiртiндеп дене мүшелерiн кесу, азаптау әсер ететiн уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.

Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың; балаларының, ата аналарының,қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.

ж) ұйымдасқан топ жасаған адам өлтiру (96-б,2-т, «ж»т).

Егер адам өлтiруге екi немесе одан көп орындаушы күнi бұрын бiрлесiп қатысқан болса, ұйымдасқан адамдар тобы жасаған адам өлтiру болып табылады.

и) Бұзақылық ниетпен адам өлтiру (96-б,2-т, «и»т) қоғамды және жалпыға бiрдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негiзiнде жасалады, кiнәлiнiң мiнез-құлқы қоғамдық тәртiпке ашық қарсы шыққан және өзiн төңiрегiндегiлерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбiнесе бұл қылмыс себепсiз немесе болар-болмас нәрсенi адам өлтiруге iлiк ретiнде пайдаланумен жасалады.

м) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам қөлтіру(ҚК 96 -б, 2- т «м» т)

Өмiрге қарсы қылмыстардың басқа түрлерi:

  1. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi (97)

  2. Жан күйзелiсi (афектiлiк) жағдайда жасалған адам өлтiру (98)

  3. Қажеттi қорғану шегiнен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде жасалған адам өлтiру (99-100)

  4. Абайсызда адам өлтiру (101)

  5. Өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу (102)

2. ҚР ҚК-де адам деңсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетiлген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады: 103-119 баптар.

Дене жарақатының объектiсi- бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтiк жағы-басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсiздiктер арқылы зиян келтiрумен көрiнiс табады. Әрекетсiздiк арқылы да дене жарақыты келтiрiлуi мүмкiн, егер белгiлi бiр адам өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаса /6/.

Дене жарақатын келтiрудiң субъективтiк жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тiкелей және жанама); 2) абайсызда (менмендiк және немқұрайдылық).

Субъектiлерi:

ҚР-сының ҚК-нiң 15-бабының 2- тармағында көрсетiлген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есi дұрыс субъектiлер үшiн 14 жас белгiленедi: 103- бап, 104 -баптың 2 -тармағы.

Ал мына дене жарақаттарын салған үшiн заң бойынша есi дұрыс субъектiлер үшiн 16 жас белгiленедi: 105- бап, 107-119-бап.

ҚК 103-бап.Ендi ауыр дене жарақатын салу түсiнiгi мен түрлерiне тоқтайық(103-бап). Ол былай делiнген: «Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органы қызметiн жоғалтуға немесе бет әлпетiнiң қалпына келтiрместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауруға дұшар еткен, денсаулықтын бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру».

ҚК 104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру.

Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтiру мынадай өзiндiк белгiлермен:

  1. адамның өмiрiне қауiптiлiктiң болмауыннан;

  2. кодекстiң 103 бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпауынан;

  3. денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына;

  4. жалпы еңбек қабiлеттiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкелiп соғумен сипатталады.

3-аптадан (21 күннен әрi) артық уақытқа уақытша еңбек қабiлетiн жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн (10-нан 30 % -ке дейiн) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.

Субъективтiк жағынан көрсетiлген қылмыс тiкелей немесе жанама қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 104 баптың 1 тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2 тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.

ҚК 105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру.

ҚК-тiң денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiргенi үшiн жауаптылық белгiленген. Ұзақтығы 6 күнннен 21 күнге дейiн уақыт оралығындағы денсаулыққа келтiрген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабiлетiнiң 10% дейiнгiсiн жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады.

ҚК 107-бап. Азаптау.

ҚК-тiң 103 және 104 баптарында сипатталған зардаптарға әкеп соқпаған жағдайда адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектiргенi үшiн жауаптылық белгiленген.

Объективтiк жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы-ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен жүзеге асырылады. Ұдайы ұрып-соғуға жыл iшiнде кемiнде үш реттен артық сабау жатады.

Қылмыс субъективтiк жағынан қасақаналықпенн iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.

ҚК108-бап.Денсаулыққа жан күйзелiс жағдайда зиян келтiру.

ҚК-те денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелiсі (аффект) жағдайында жасалған, жәбiрленушiнiң тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тiл тигiзуге, не жәбiрленушiнiң құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) байланысты, сонымен бiрге жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындалған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр зиян келтiру үшiн жауаптылық көзделген.

Қылмыс объективтiк жағынан аффектi жағдайында, жәбiрленушiге қасақана ауыр зиян келтiру арқылы сипатталады.

Субъективтiк жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тiкелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Қылмыстық субъектiсi 16-ға толған адам.

ҚК109-бап. Қылмыс объективтiк жағынан алғанда денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру арқылы сипатталады. Осы бап бойынша тек қасақана ауыр зиян келтiрген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу арқылы басқа жағдайларда келтiрiлген зиян келтiрушiлiк үшiн жауаптылық белгiленбеген.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей немесе жанама қасақаналықпен iстеледi.­Қылмыс субъектісі 16-ға толған адам.

ҚК 110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру.

Қылмыс объективтiк жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру арқылы сипатталады.

Қылмыс субъективтiк жағынан қасақаналықпен (тiкелей немесе жанама) iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам.

ҚК 111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру.

ҚК-тiң 111-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда зиян келтiргенi, ал 2- тармағында абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiргенi үшiн жауаптылық көзделген. Осы баптың 4- тармағында абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа зиян келтiргенi үшiн жауаптылық белгiленген.

Көрсетiлген қылмыс субъективтiк жағынан абайсыздықпен (менмендiк немесе немқұрайдылық) iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.

ҚК 115-116-бап.Соз ауруын жұқтыру. Адамның иммунтапшылығы вирусын (ВИЧ; ЖҚТБ) жұқтыруы.

Қылмыстың объектiсi адам денсаулығы, ал кейбiр соз ауруларын жұқтырғанда адам өмiрi де болуы мүмкiн. Қылмыс объективтiк жағынан өзiнде соз ауру бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады.

Өзiнде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйiсу, бiр ыдыстан тамақ iшу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жатады.

Соз ауруларын жұқтыру субъективтiк жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де (менмендiкпен) жасалады.

ҚК-тiң 116-бабының 1 -тармағында басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ –ны жұқтыру қауiпiнде қалдырғаны үшiн жауаптылық көзделген. Қылмыстың тiкелей объектiсi адамдардың өмiрi және денсаулығы.

Қылмыс объективтi жағынан басқа адамды көрiнеу көрсетiлген ауруды жұқтыру қаупiнде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ -ауруын жұқтыру қаупiн туғызған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған, өзiнде иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ/ЖҚТБ) бар адам

ҚК 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған.Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұқтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Осы баптың 3 –тармағында екі немесе одан да көп адамға, не көрінеу кәмелетке толмағандарға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғаны үшін жауаптылық белгіленген.ҚК116-бабының 4-тартармағында медицина қызметкерінің,сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыруы үшін жауаптылық белгіленген.Қылмыс субъектісі арнаулы- медицина қызметкерлері немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын адамдар.Субъективтік жағынан бұл қылмыс-116–бабының 4–тармағы абайсыздықпен істеледі.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Өмірге қарсы қылмыстар

2.Жағдаятты жеңілдететін қасақана кісі өлтіру

3.Жағдайды ауырлататын жағдайларда адам өлтіру

4.Денсаулыққа қарсы қылмыстар, оның түрлері