Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03. Лекция тезистерi.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362 Кб
Скачать
☆

7 Тақырып: Меншiкке қарсы қылмыстар

Мақсаты: студенттерге меншікке қарсы қылмыстардың түсінігін мәліметтеу, олардың түрлерін, нысандарын ашу

Жоспар:

1. Меншiкке қарсы қылмыстардың сипаттамасы және түрлерi.

2. Талан–тараждың ұғымы мен белгiлерi. Оның қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.

3. Талан–тараждың нысандары:

а)Ұрлықтың заң шығарушылық сипаттамасы

б) Алаяқтық ұғымы. Оның қылмыстық құқықтық сипаттамасы.

в) Тонау ұғымы және қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.

г) Қарақшылық ұғымы мен қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.

д) Қорқытып алушылықтың ұғымы мен қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: 1,2,3,4,5 қосымша: 6,7,8,9

1. Меншiкке қарсы қылмыс деп мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып немесе залал келтiру қаупiн тудырумен байланысты ҚК-те көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық iс-әрекеттерiн айтамыз.

Меншiкке қарсы қылмыстардың топтық объектiсi меншiк иесiнiң иелену, пайдалану немесе оған билiк ету құқығын құрайтын меншiкке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осы топқа кiретiн қылмыстардың тiкелей объектiсi – меншiктiң нақты бiр нысаны – мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың,бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншiгiне қол сұғу болып табылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың заты болып – азаматтық құқық бойынша меншiк объектiсi деп танылған кез келген бұйымдар мен мүлiктер танылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың объективтiк жағы кiнәлi адамның бөтеннiң мүлкiн өзiнiң немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегiн айналдыру үшiн құқыққа қайшы түрде алынып қоюы арқылы сипатталады.

Қарақшылық, қорқытып алушылық, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәтi заңда көрсетiлген құқыққа қайшы iс-әрекеттердi iстеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабынын болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың субъективтiк жағынан негiзiнен кiнәлiнiң тiкелей қасақаналық түрi арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру кiнәнiң абайсыздық нысаны арқылы iстеледi. Меншiкке қарсы қылмыстардың субъективтiк жағының мiндеттi белгiлерiне – пайдакүнемдiк ниет және мақсат жатады.

Меншiкке қарсы қылмыстардың субъектiсi болып 14-ке толған адамдар танылады.Бұған жататындар:175,178,179,181,185-б 2,3,4-т,187-б 2,3-т.

Ал 16-ға толған адамдар 176,177,180,182,183,184,184-1,185-б 1-т,186,187-б 1-т,188-баптарының қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.

2. Заңға сәйкес талан – тараж деп пайдакүнемдiк мақсатта айыптының бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып өзiнiң немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегiн алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осы анықтамаға сәйкес талан – тараждың негiзгi белгiлерiн анықтауға болады.

Талан – тараждың топтық объектiсi меншiк нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тiкелей объектiсi болып меншiктiң нақты нысандары, мемлекеттiк, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншiгi болып табылады.

Талан – тараждыңi заты болып адам еңбегi арқылы iстелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игiлiктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.

Талан – тараждың затына адам еңбегi сiнбеген, сол арқылы жасалмаған әртүрлi табиғи байлықтар жатпайды. Талан – тараждың объективтiк жағының белгiлерiне: 1) мүлiктi алу; 2) мүлiктi заңсыз алу; 3) мүлiктi тегiн алу жатады.

Талан – тараждың субъективтiк жағы кiнәлiнiң тiкелей қасақаналық нысанымен сипатталады.

Талан – тараждың субъектiсi 14-ке толған адам, ал иеленiп алу немесе ысырап ету арқылы талан – таражға салудың субъектiсi болып 16-ға толған арнаулы адам танылады.

3. а)ҚК 175- бап. Ұрлық.

Ұрлық дегенiмiз бөтен мүлкiн жасырын алу, меншiк иесiнiң еркiнен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.

Объективтiк жағынан ұрлық бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде алумен ұштасады.

Бөтен мүлiктi жасырын алу екi түрлi – объективтiк және субъективтiк белгiлерi бойынша анықталады. Адамның ешкiмге сездiрмей, бiлдiрмей әрекет iстеу арқылы мүлiктi жасырын алуы – объективтiк белгiге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлiктi меншiк иесiне немесе өзге иеленушiге сездiрмей, жасырын алудамын деген сезiмі және осы тәсiлмен оны жүзеге асыруды тiкелей тiлейтiндiгi субъективтiк белгiге, яғни кiнәлінiң бөтен мүлiктi жасырын алуға байланысты iс - әрекетке деген психикалық көзқарасын бiлдiредi.

Заңдылық құрылысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады. Сондықтан да қылмыс құрамының объективтiк жағының белгiсi – қылмыстың қоғамға қауiптi зардабы – мүлiктiк залал келтiру болып табылады. Осыған байланысты кiнәлiнiң бөтеннiң мүлкiн алуымен бiрге, оған билiк етуге нақты мүмкiндiк алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Ұрлық субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектiсi болып – 14-ке толған адамдар танылады.

Қылмыстық заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетiлген:

Олар мыналар:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй – жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – ауырлататын.

Ал мынадайы:

а) ұйымдасқан топ;

б) iрi мөлшерде;

в) ұрлық не қорқытып алушылық ұшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық өте ауырлататын ұрлық құрамдары болып табылады.

б) ҚК177- бап. Алаяқтық.

Қылмыстық заңда «Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi талан – таражға салу немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу» - деп көрсетiлген.

Алаяқтың заты бөтеннiң мүлкi немесе бөтен мүлiкке құқық алу болып табылады.

Объективтiк жағынан алаяқтық бөтен мүлiктi талан – таражға салу немесе бөтен мүлiкке құқықты алу заңда көрсетiлген екi тәсiл арқылы: алдау немесе сенiмге қиянат жасаумен жүзеге асырылады.

Алаяқтың құрамы – материалдық. Оның субъективтiк жағының мiндеттi белгiлерiнiң бiрi қылмыстың зардабы – меншiк иесiне мүлiктiк залал келтiру болып табылады. Бұл қылмыс кiнәлi адамның иелiгiне мүлiктiң заңсыз өтуiне байланысты немесе кiнәлiнiң жәбiрленушiнiң мүлкiне заңсыз құқық алған уақыттан бастап аяқталған деп сараланады.

Субъективтiк жағынынан алаяқтық тек қана тiкелей қасақаналықпен iстеледi және қылмыс пайдакүнемдiк ниет және мақсатпен орындалады. Бұл қылмыстың субъектiсi де ұрлық субъектiсiмен бiрдей:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық – осы қылмыстың ауырлататын түрi болып табылады (ҚК-тiң 177 бабы 2 тармағы).

в)ҚК 178- бап. Тонау.

ҚК-тiң 178 -бабында «тонау, яғни бөтен мүлікті ашық талан – таражға салу деп» көрсетiлген.

Тонаудың тiкелей объектiсi болып бөтеннiң мүлкiне қол сұғу болып табылады. Сонымен бiрге тонау көп объектiлi қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тiкелей объектiсi болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Тонау объективтiк жағынан белсендi әрекет күйiнде бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық талан – таражға салу арқылы жүзеге асырылады.

Тонау бөтеннiң мүлкiне иелiк етумен бiрге оған өзiнiң қалауынша толық билiк жүргiзу мүмкiндiгiн алған уақыттан бастап аяқталғанг деп танылады.

Тонаудың субъектiсi болып 14-ке толған, есi дұрыс адам танылады. Субъективтiк жағынан тонау тiкелей қасақаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.

Тонаудың ауырлататын түрiне:

а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;

б) бiрнеше рет;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй -жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау;

Аса ауырлататын түрiне:

а) ұйымдасқан топ;

б) iрi мөлшерде;

в) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған тонау жатады.

г)ҚК 179 -бап. Қарақшылық.

Қарақшылық – таран – таражға салудың ең қауiптi түрi болып табылады. Қылмыстық заңда «қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деп анықталған.

Қылмыстың бұл түрiнiң қоғамға қауiптiлiгiнiң көтерiңкi жағдайы оның екi бiрдей объектiсi – меншiкке және адамның өмiрi мен денсаулығын бiр мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады.

Қарақшылықтың объективтiк жағы адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолдланамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгiленедi.

Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннiң мүлкiне иелiк жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан да қарақшылық құрамы заңда формальдық құрам ретiнде қарастырылған.

Қарақшылық субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.

Қарақшылықтың субъектiсi болып 14-ке толған, есi дұрыс кез келген адам танылады.

Қарақшылық құрамының ауырлататын түрлерi болып:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бiрнеше рет;

в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй- жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық танылады (179- бап 2- тармақ).

Қарақшылық құрамының аса ауыр түрiне:

а) ұйымдасқан топ;

б) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен;

в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлай мақсатында;

г) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық жатады (179- бап 3- тармақ).

д)ҚК181- бап. Қорқытып алушылық.

Заңда «қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктi сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен, жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiн елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау» деп белгiленген.

Қорқытып алушылықтың тiкелей объектiсiне меншiк қатынастары ғана емес, жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының ар – намысы және олардың жеке басының бостандығы, денсаулығы жатады.

Қорқытып алушылықтың объективтiк жағы екi түрлерi жеке әрекеттен – қорқыту арқылы жәбiрленушiден талап етiп отырған мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе кiнәлiнiң пайдасына мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттердi iстеудi талап етуден тұрады.

Қорқытып алушылық формальдық қылмыс құрамына жататындықтан, бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе басқадай әрекеттердi iстеудi талап еткен уақыттан бастап аяқталған қылмыс деп танылады.

Субъективтiк жағынан қорқытып алушылық тек тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және пайдакүнемдiк мақсатты көздейдi.

Қорқытып алушылық субъектiсi – 14 жасқа толған адам.

Қорқытып алушылықтың ауырлататын түрлерi:

а) күш қолдану;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу (181- бап 2- тармақ) болып табылады.

Қорқытып алушылықтың аса ауырлататын түрлерi:

а) ұйымдасқан топ;

б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зардап келтiру;

в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында;

г) ұрлық немесе қорқытып алу үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу болып табылады (181- бап 3 -тармақ).

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Талан-тараж ұғымы, белгілері, нысандары

2.Талан-тараж түрлері