Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кор пед дрістер жинаы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆
  1. Психологиялық « портрет» балалардың даму проблемасы.

Процесс баланың жеке өмірінің қарама – қайшылығы. Баланың жеке өмірі « берілді емес, бірақ оған міндетті» деп, педагог және психолог В.В. Зеньковский өзіне белгілеген. Бала алдына жандүниелік даму жолы ашық деп есептейді. Бала қайталанбас жеке тұлға. Адамды негізінде тәрбиелеу керек. Әр адамның өз жолы бар, өзіндік идеальдық формасы болады. Бала әрдайым өзгеріп отырады және ай сайын немесе бірнеше жыл өткенде басқаша болуы сөзсіз. В.В. Зеньковский « біз ешқашан балаға шек қоймаймыз, әсіресе байқауынша бұзылды деуге болмайды, бала жаны, кенеттен өзгеруі ықтимал. Психологиялық қиындықтар, тәртіп бұзушылық уақытша эмоционалды, әсіресе балаларда кездеседі. Мұндай балаларға ата – ана тарапынан, педагогтар, психологтар, дәрігерлер көмегі мен көңіл бөлінеді. Осы кезде бала тәртібінде ( нормадан ажырату емес, симптоматикалық, ауыру тудыру себебі байқалады). Жас аралақ балаларға мінез – құлық, бала дамуының ауытқуын қарасақ, негізгі көпаралық экспериментальды дәрежесін пайдалану, шетел зерттеушілері, практикалық психологтар, балалар психиататры және педагог, коррекция сыныптары ішінде жұмыс істеуші және тағы басқа қазіргі таңда коррекциялық сыныптарда шындыққа айналуда. Мұндай балалар тобы, яғни психологиялық және тұлғалық дамуы төмен балаларды оқытып үйретеді. Осыған байланысты көптеген мысалдар кетіруге болады.

Балалық шақтағы эмоционалдық дамудың проблемасы ( ахуалы).

Мектептің ең негізгі буынында (V- IX сыныптар) балалар, ережедегідей бір тұрғыда оқуларын жалғастырады, кейбір сыныптар ауысып отырады. Қолайлы шарт аясында сыныпта психологиялық климат, жағымды бірін – біріне деген қарым – қатынас “біз” деген сезім қалыптасады, осында мұғалімнің жеке тұлғалығы, кәсіби шеберлігі негізгі роль атқарады. Алтыншы сыныпта эмоционалдық қысым, қорқыныш сезімі тез түседі және сезіледі. Көптеген оқушылар оқу әрекетінің дағдысын жетік меңгерген. Ең әлсіз буындар өзіндік бақылау, өзіндік басқару функциоларымен шектеліп қалады. Балалардың жас ерекшелік және психологиялық табиғатын қарастырсақ, тәртіп бұзушылық жақтарын да байқауға болады. Қыңырлық ( упрямство) – тәртіп бұзушылықтың маңызды көрінісі. Клиникалық психологияда қыңырлық иландырумен ( внушаемость) тығыз байланысты. Психотерапевт В. Левидің айтуынша ең қажетті адамдық сапа, « жан шарбағы» ашықтық біреуге, сенуге қабілетті. Балалық иланушылық үлкендерде де сақталады, бірақ күрделі өзгеріс туғыза отырып, жаңа жоғары сатыда өтеді. Илану мен қыңырлық – бір құбылыс. Кішкентай бала оған айтып, жатқан үлкенің сөзін түсінбеуі мүмкін, өйткені ол зейінін қоя алмайтын кездері де болады. Қарсылық – бұл мүлдем басқа, бір бір уақытта иланумен дамуда. Әр бала « қыңырлық жасынан» өтеді. Бірінші кезең 2,5- 3,5 жыл. Осы жас аралығында балада қыңырлық байқалады. Рұқсат берілмеген нәрсені әдейі тексеріп, ең соңында барлығын бүлдіреді. Тәрбиешілер қыңырлығы бар балаларды түзетуге бел байлап жаңаласа, бұл баланың тұлғалық дамуына зор зиянын келтіреді. Бұл кезеңде баланың өзінің « мен» деген сезімін ұстану сәті. Адам болу үшін, ол өзіндік еріктілігін ұстануға үйрену керек. Қыңырлықтың екінші кезеңі – 6-7 жасында, кейде 8-9 жас басталады. Басқа сатысы: сабақ даярлауда ашуланшақтық немесе киім үшін т.с.с. Қажу, көңіл күйінің жиі болмауы. Мектепке барарда балада « керек» деген сезім қалыптасады.

Бала агрессиясының ( қиянқылығының ) табиғаты.

Асоциалдық мінез-құлық түрі алуан түрлі және ол агрессияда, деструктивті түрде, жағымсыз жұмыстан бас тарту немесе ұрлықтың әр түрінде көрініс алады. Бұл бұзылушылық себебі мен механизмі әртүрлі және түрлі жаста балада әртүрлі айқындалады. Кез – келген баланың қылығының бұзылуы ерекше және агрессия көрінген кезде деструктивті немесе ұрлық түрінде байқалады. Клиникалық және педагогикалық тәжірибе көрсететіндей, мұның бірнеше варианттары бар. М. Раттер белгілегендей, ұрлық адамның жеке құқығын бұзатыны туралы ойланбай, бірте-бірте қалыптасқан әрекет түрі болып табылады. Бірақ ол басқа да тәсіл бола алады: достықты жаулау әдісі немесе қарсылық көрсету тәсілі. Балалық ұрлықтың кейбір кезі психолог Н.И. Гуткинаның профессионалдық анализінің пәні болып табылады. Ол ұрлықтың мынадай психологиялық механизмдерінде көрінеді: мысалы, кейбір бала «мен оны ұрлаған жоқпын, жай ғана алдым...» несесе кішілер өздерінің достарынан бір нәрсені көрсетпей алуында байқалады. Мұндай жағдайлар нақты, бірақ психологтар оны «қалыптаспайды» деп санаған. Бірақ бала мұндай күйге түскенде, яғни бір ұнаған заттың басшылығында болып, оны алғысы келіп тұратындығына көніп осындай әрекетті жасайды. Бұл «басқа адамдардың қаты» деген сезімінің жоқтығы және бұл мәнез-құлықтың ауытқушылығы.

Баланың тұлғалық дамуындағы деформация себептері мен шарттары. Академиялық ғылымда тұлғаның детерминациялық дамуында мынадай негізгі үш фактор белгіленген: адамның индивиттік қасиеттері, тұлғаның дамуының алғышарттары болады, тарихи- әлеуметтік өмір салты тұлғаның дамуының қайнар көзі, бірлескен қызметтер тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өмір сүруінің негізі. ( А.Г. Асмолов). Қазіргі кезде теорияда дамудың доминанттары жүктеленген олар: мәдениет, сана, іс - әрекет, тәжірибе, жетекші әрекет, қажеттілік т.б. Дамудың әр түрлі аспектілері белгіленген, бірақ та адамның дамуы күрделі, көпжоспарлы үрдіс. Баланың дамуындағы қиындықтар, деформация, көптеген қарама- қайшы факторлар, себептер мен шарттар, олар әртүрлі ғылыми бағыттарда қарастырылады: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракцинистикалық. Әр түрлі бала әртүрлі дамиды және ол әртүрлісін олардың дамуына әсер етеді. Сол сияқты ұл балалар мен қыз балалардың дамуы бірдей емес. Ең алдымен мамандар даму жылдамдығын көрсетеді. Қыздар ұлдарға қарағанда тез дамиды. Көптеген мәліметтерге қарағанда ұлдар мен қыздар интеллектуалдық, тұлғалық мінездемелерімен және қарым – қатынас жасаудағы өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Қыздар мен ұлдар екі жасқа дейін бір- бірінен ерекшеленбейді. Бірақ екі жастан кейін қыздар басқа балалармен еркін сөйлеседі және олардың сөйлесуі дұрыс және күрделі. Балалардың қыздарға қарағанда абстракт ойлауы жақсы болады. Бұл айырмашылықтар жасөспірімдік кезеңде байқалады және жылдар өте келе артта түседі. Бұл өзгешеліктер 12-13 жастарда байқала бастайды. Балалар қыздарға қарағанда қызба болады. Бұл екі жастан кейін байқала бастайды. Психикалық ауытқулар көбінесе ер балаларда кездеседі. Ұл балаларда табиғатынан психологиялық стрестарға өте сезімтал келеді деген болжам бар. Мәселен ондай психологиялық стрестарға ата- аналар арасындағы ұрыс – керіс пен келіспеушіліктер жатады. Психикалық ауытқуларды көбнесе темпераменттің және де мінез- құлықтың әртүрлі болуымен байланыстырады.

Баланың жеке тұлғасының дамуына ортаның әсер ету факторлары.

Қазіргі кездегі жеке ттұлғаның психологиясында, даму психологиясында, мәдени- тарихи психологиялық контексте теориялық жағдай дамып келе жатқан, мағыналы түсіну және механизмдердің түсінігі мен мәдени заңның дамуы.

( Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, Э.Д. Эльконин, В.П. Зинченко, А.Г. Асмолова, В.И. Слободчиков). Бұнда тек функционалдық жайында ғана емес, ал жеке тұлғалық, рухани дамуы жайында да айтылады. « Даму сыры – делдалды акте»,- деп Д.Б. Эльконин бекітеді. Делдалшылар белгілі реакцияларды қалыпқа келтіруде психологиялық құралдармен өздерін көрсетеді, олар сол не басқа әрекеттерді туғызады, бірақ олар сыртқы қылықтардың қайталанбастығын көрсететін әрекеттін өмірге деген ішкі түрін туғызады. Орта, Л.С. Выготскийдің пайымдауынша, - даму негізі, ал « жасау – жабдығы» емес. Ол жазды « орта ішке қарай айналады, тәртібі әлеуметті болады, өзінің мәдени факторының мазмұны мен ғана емес, өзінің механизмімен, өзінің қолдануымен көрінеді» Бірақ та орта, мәдениеті – бұл тек қана негіз, « шақыратын күш». Түрлі орта элементтері балаға түрліше әсер етуі мүмкін және де нейтралды болуы да мүмкін. Бұндай орта рөлінің түсінігі баланың психологиялық дамуында Выготскийді әлеуметтік жағдай дамуының түсінігіне әкелді. Выготскийдің айтуы бойынша, әлеуметтік жағдай дамуы, адамның психологиялық өмірі оның түрлі даму сатысында деп белгіленеді.

Жақын адамдармен эмоционалдық әрекеттесу – баланың толық дамуының негізгі бұлағы.

Қоршаған ортаның ең маңызды элементі адам мінезінің дамуын анықтайтын танымдық процесс – ерік. Педагогика және психологияда осы уақытқа дейін толық қаралмаған, күрделі құбылыс еріктегі қажеттілікті мамандар бір қорытындысын – адамдық қажеттілікті айтады.

Психологиялық тұрғыда ерікті – адамның өз мінезін, жасаған іс-әрекетін және т.б. саналы түрде меңгере алуының қабілеті деп айтуға болады.

Жағдайяттар, балаға немесе үлкен адамдарға күйесіздікті сезіну, босаңдық және қорғанышсыздық бала бойында қатыгездікті және садизмді тудыруына әкеп соқтырады. Осындай жағдайға Фромм шақырылатын қорқыныш сезімін жатқызады. Бұл « авторитарлы» жазалау болуы мүмкін. Өмірлік күштін әлсізденуіне әкеліп соқтыратын басқа ең бір маңызды жағдай жанның қайыршылануы болып табылады. Бала қуанышсыз атмосферада, қатты қарым – қатынаста және жанның керексіздігіде өмір сүргенде, ол іштей « тонады» не, болмаса «қатады». Эмоционалдық жылулықтың, махаббаттың болмауы баланы жігерсіздікке, мұңаюшылыққа әкеледі. Соның салдарынан бала өатыгез болып шығады. Тұлға дамуының бұзылуын шақыратын мінез, құндылық қалып – күй, бағдарлау негізгі бөлігі болып табылатын әлеуметтік ортасы маңызды факторы ьолып табылады. Әлеуметтік топ ( отбасы, мектеп) балаға үлкен әсерін тигізеді. Американың белгілі зерттеушісі психоаналитикалық бағдарлаушы Карен Хорни тұлғаның дамуында әлеуметтік ортаның алатын орны зор – дейді. Карен Хорни негізгі түсініктемесі – « негізгі қорқыныш» түсінігі. « изоляция сезімі және қорғансыздығы болады» Осы сезімдер көп жағымсыз ортаның факторларының туындауына: түзу және түзу емес қалыптасу, айырмашылықсыздық, мінезінің тұрақсыздығы, бірбеткейлік, баланың индивидуалдық қажеттілігіне сыйлаудың жетіспеушілігі, жетекшілік етудің жетіспеушілігі жатады. Баланың дамуның ең басты ахлуалына, эмоционалдық бұзылу, мінез-құлқының бұзылуына байланысты. Олардың жүру механизмін олардың бұзылу себептері қарастыратын арнайы Отандық зерттеушілер көп мәліметтер жинады. Соған А.И. Захаров, М. Раттер, А.Е. Личко, Г.М. Бреслев т.б. жатады.

7.Лекция Тақырып: Дамуында ауытқушылықтары бар балалармен коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізудің негізі. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

Жоспар:

  1. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

  2. Интеллектіде бұзылушылығы бар балалармен түзету- тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі.

  3. Туа біткен және жүре пайда болған естудің бұзылушылықтары.

  4. Көрудің және сөйлеудің бұзылуының себептері мен жіктелуі: соқыр және құлақ мүкістігі.

  5. Деменция – психикалық дамуының бұзылуы.

Біздіңше, балалармен жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.

  • дұрыс тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

  • жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес ( әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

  • психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

  • ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

  • қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т.б. жағымсыз жәйіттер. Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл иен мағынаға ие.

Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмытылуына алып келеді. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың түрлері мен жіктелуі.

Ақылдары кемтар балалардың дамуы екі түрге бөлінеді психикалық және

физикалық кемшіліктері баланың барлық дамуына әсер етеді. Кемшіліктің түріне қарағанда, оның басталуы уақытында кейбір кемшіліктерді емдеуге болады, кейбіреуі тек қана жартылай емделеді. Кемшіліктің басталуы барысында психологиялық-педагогикалық жұмыстарын өткізсе, оның ( жұмыстарын) нәтижелі болуы мүмкін. Дамуында кемшіліктері бар балаларға психо- педагогикалық коррекция және реаблелитация тек қана сол жағдайда керек баланың дамуына бір ауытпалық бар болса В.В. Лебединский психологиялық дизонтегенез мәселесін қарастырған. «Дизонтогенез» термині жетілу түрінен индивидтің айырмашылығын яғни онтогенездің бұзылуының әр түрлі формасын білдіреді.

Дизонтогенез сипаттамасы белгілі бір психикалық параметрлерден тұрады:

  • Бұзушылықтың функционалдық локализациясының ерекшелігі. Бұзушылыққа қарай дефекті екі түрге бөлінеді – жеке ( жетілмеушілік немесе анализаторлық жүйелердің жеке бұзылуы) және ( миқыртыс және миқыртыс астындағы жүйелердің реттеуішінің бұзылуы) жалпы;

  • Зақымдану уақыты. Зақымдану уақыты ерте басталса, психикалық жетілмеушіліктің де көбірек болуы мүмкін;

  • Бірінші және екінші дефектінің арасындағы өзара байланыс. Алғашқы бұзушылықтар дефектінің биологиялық мінезінен пайда болады ( естудің, көрудің бұзылуы, және т.б.). Екінші бұзушылықтар онамалды жетілудің процесінде пайда болады;

  • Функция аралық өзара әрекет етушілік. Оларға оқшаланудың, патологиялық фиксацияның механизмдері жатады.

Деменция – психикалық дамуының бұзылуы.

Интеллектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл – ойы кем идиотия (нақұрыс) балалар. Бұл туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл – ой кемістігінің ең ауыр түрі. Имбецил идиодқа қарағанда ақыл –ой кемістігінің жеңілдеу түріне жатады. Бірақ олардың да қимыл – қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың да қимыл – қозғалысытары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып- майысып бұзылған. Дебилдік балалар (жарыместік) түрлі жағдайда үш жастан кейін пайда болады. Идиод пен имбецилге қарағанда өте жеңіл түрі.

Төртінші топқа – тіл мүкісі бар балалар, ондай балалардың тілінің мүкісін түзетумен логопед педагогтар шұғылданады. Барлық сөйлеу тілінің бұзылуын екі үлкен топқа бөлінеді: ауызекі және жазбаша . Ауызекі сөйлеу тілі мүкістіктеріне жататындар: дисфония, дислалия, ринолалия, брадилалия, тұтықпа, дизартрия.

Сөздің немесе сөйлемнің құрылымдық жағынан мағыналарының бұзылып айтылуы екіге бөлінеді: 1. Алалия. 2. Афазия.

Жазбаша сөйлеу тілі жазуының және оқуының бұзылуы болып екі топқа бөлінеді: 1. Дислексия. 2. Дисграфия.

Бесінші топқа – аномальды балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы жатады. Ең негізгі категориясы – бала, мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бұзылады. Бұзылу түрліше себептерден болады (әйелдің жүкті кезде және туғаннан кейінгі жарақаттар, балалардың инфекциялық аурулары, ананың теріс резус- факторы, зат алмасудың бұзылуы т.б.) демек осыдан барып бүкіл психологиялық процестердің дамуы бұзылады. Бесінші топқа – дефектісі жан-жақты балалар, сонымен қатар күрделі дефекті аралас балалар: мысалы: ақыл –ойы кем естімейтін немесе нашар еститін; ақыл –ойы кем көрмейтін немесе нашар көретін; кереңсоқырлар және т.б.

. Алтыншы топқа – Пихопатия дегеніміздің өзі жеке бір психикалар мен жүйелер қызметінің бірінғай дамымауы. Өйткені психопат балаларда нағыз ақыл – ойдың дамуымен қатар, эмоциялық – ерік өрісінде дамудың шектелуі мен өзіндік өзгерістері байқалады. Қазіргі кездегі клиницистер мен психолог мамандар дамудың физикалық және психикалық кемшіліктерінің екі себебеін көрсетеді: Эндогенді (генетикалық ) Экзогенді ( қоршаған ортаның факторы)

Эндогенді себептерге жататындар: әр түрлі тұқым қуалаушылық аурулар (мысалы, аплазия – саңыраулыққа әкеп соқтыратын ішкі құлақтын дамымауы; микрофтальм – көз құрылымының өрескел өзгерістері; бір көздің немесе екі көздіңде көлемі кішірейуіне сипаттама; миопатия – бұлшық еттің әлсіреуі және т.б. Хромосомдар құрылымының немесе санының өзгеруімен байланысты аурулар (мысалы, полиплодия – хромосомдық жинақтың бірнеше рет көбеюі; трисомия – хромосомдардың бір жұпта көбеюі; моносомия – хромосомдардың бір жұпта азаюы; нулесамия – хромосома жұбының жоқ болуы; дупликация –хромосомалардың жекелей жерлерінің екі еселенуі; делеция – хромосома материалдарының кей бөлігін жоғалтуы; инверсия –хромосома орналасқан бөліктердің азаюы; транслокация – бөліктің ауыстырылуы немесе барлық хромосоманың басқаға ауыстырылуы). Трисомия 21-ші хромосомына жататын аберрация хромосомы. Мұнда Дауна синдромы ақыл –ойындың хромосомды кемістіктеріне жатады және басқа түрлеріне ұқсамайтын бірқатар ерекшеліктері бар. Дауна мінездемесі көздің қиығы қысылған тар, қабағы салбыраңғы, кеңсірігі шұңғылданып барып жалпайған, мұрнының ұшы шошайып біткен, әрі кішкентай, беттің сүйегі дөңестеніп шығыңқы келеді. Дененің басқа мүшелерінде кемістіктері бар: құлақтың жарғағы кішкентай, еріндері дүрдиген қалың және шытынап жарылған, аузы өнебойы ашық тұрады, тілі үлкен, өлі ет секілді ауыз қуысыңда сұлап жатады, тістері қиқы-жиқы болып орналасқан және олардың пішіндері де әр түрлі, терісі мен шашы құрғақ болады.

Экзогенді себептер онтогенездің әр түрлі кезеңдеріне әсер ететін дамуындағы ауытқушылықтарды тудырады:

  • Пренатальды кезең (ата – аналардың созылмалы аурулары, көбіне ананың ауруы, жұқпалы аурулар, ананың интоксикациясы (улануы), жүкті болғанда анаға тамақтын жетіспеуі, жарық энергиясының әсері және т.б.)

  • Натальды кезең (туу жарақаттары;асфикция – шарананың тұншығуы );

  • Постнатальды кезең ( туғаннан кейін) әр түрлі жұқпалы және басқа да аурулардан кейінгі қалған себептер бола алады. Әр түрлі жарақаттар ( бас-сүйек-ми, анализаторлардың жарақаты және т.б.), интоксикация ( алкогольдік, нашақорлық, никотиндік және т.б.), санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтамау ( мысалы, көздің гигиенасын сақтамау көрудің бұзушылығына әкеп соқтырады ) және т.б.

Баланың психикалық дамуына, оның мінез – құлқының ерекшелігіне

жарақатты әсер ететін әлеуметтік ортаның жағымсыз жағдайлары дамуындағы ауытқушылықтардың себептері бола алады.

Білім беру қажеттіліктері арнайы білім беру мекемелерінде ( білім беру мекемелері, коррекциялық кабинеттері ( пункт ), реабилитация орталығы, жалпы типтегі білім беру мекемелерінің құрамындағы сынып (топ) жүзеге асырылады.