Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кор пед дрістер жинаы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆

12.Тақырып: Жас өспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтардың психологиялық – педагогикалық мәні.

Жоспар:

  1. Девиантты мінез – құлық.

  2. Девиантты мінез – құлықтың категориялары.

  3. Девианттық мінез – құлықтың әлеуметтік ауытқуының жіктелуі.

  4. Балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық тудыратын ерекшеліктері.

Психологиялық –педагогикалық әдебиетте жалпы қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін жас өспірімдер мен балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерінің мінездемесінде «құқық бұзушылық», «құқыққа қарсы іс-әрекет», «адамгершіліксіз қылық», «девиантты мінез-құлық» ұғымдары пайдаланады.

Ауытқушы ( девианттық ) мінез – құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И. Невский ). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді.( психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық). Девиантық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл анық немесе жасырын пихопотологияның ( потологиялық ) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – бұл әлеутеттік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік ( құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр. Яғни қоғамда жалпы қабылданған құқықтық немесе адамгершілік нормаларға қарсы болатын жеке қылықтар мен қылықтар жүйесі.

Философия мен этикада қылық адамгершілік іс-әрекеттің торы ретінде айтылады.

Психологияда қылық саналы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Адамның адамгершілік өзін-өзі анықтауының актісі ретінде жұмсалады. Ол өзін басқа адамдарға қарағанда тұлға ретінде санайды.

Құқықтық көзқарас бойынша қылық – азаматтардың құқығы мен бостандығына, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпке қол сұғушылық.

Ауытқушылық мінез-құлықтағы қылық адамның әрекетінде және әрекетсіз болуында пайда болады.

Адамның мінез-құлқында оның әлеуметтік іс-әрекетінің түрлерінің қиын комплексі орын алады. Мінез-құлықтың қандай болмасын деңгейінде өзара байланыс болады: а) адамдар туралы мәлімет пен тұлға аралық қарым-қатынастар;

б) коммуникация мен қарым-қатынас процесінде адамның қылығын өздігін реттеу;

в) тұлғаның өзінің ішкі әлемінің қайта құрылуы. Бұл жас өспірімнің мінез-құлқыдағы ауытқушылықтарға баға беруге көмектеседі.( Б.Г. Ананьев ).

Балалар мен жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың арнайы – педагогикалық параметрлері, оның ғылыми әдебиеттегі құрылымы мен мазмұны бір мәнді емес бағаланады және мінезделеді. Кейбір ғалымдар ауытқушылық мінез-құлықты бала қылығының сәйкессіздігімен түсіндіреді. Оған әлеуметтік, адамгершілік нормалардың, этикалық ережелердің талаптарын ұсынады.