Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆
  1. Мектепке дейінгі ұйымның жұмысын ұйымдастыру.

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі ұйымның типтері.

  2. Балабақшаны ашу тәртібі және оны қаржыландыру, Смета. Штат.

  3. Мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдау, балабақша іс-құжаттары.

  4. Педагогикалық ұжым және оның құрамы.

  5. Меңгерушінің міндеттері, оған қойылатын талаптар.

Мектепке дейінгі ұйымның типтері.

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі – бөбекжай – балабақша.

Онда балалар 1,5 жастан мектепке барғанша тәрбиеленеді. Мұнда балалар жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың екінші типі – бөбекжай (1,5 – 3 жасқа дейін), үшінші типі – балабақша (3жастан мектепке барғанға дейінгі кезеңде қамтиды). Балабақшалардың мұндай типтері жергілікті жердің аймақтық ерекшеліктеріне де байланысты болады. Ауылдық жерлерде шағын аралас типті болуы, мектеп-балабақша сияқты ерекше типтері де болады. Мұнда мектеп жасындағылар мен мектепке дейінгі жастағыларды біріктіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тілінің дамуында мүкістігі бар, денсаулығында ақауы бар: көру, есту мүмкіндігі шектеулі қимыл-қозғалысында кемшілігі бар, т.б. балаларға арналған арнайы қоғамдық орындар жұмыс жасайды. Балалар ұйымдарының тағы бір типі – балалар үйі мен мектепке дейінгі балалар үйі. Бұл жетім балаларға арналған, түрлі себептермен отбасында тәрбиелене алмаған балаларға арналған. Сонымен мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық ұйымдары балалардың әлеуметтік, экономикалық жағдайларын ескеріп, оларды түгелдей қамтуға бағытталған.

Барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелер ерте жас шағы және мектепке дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында құрылады. Олар «ҚР халыққа білім беру туралы заңдары негізінде», «Балалар бақшасының уставына», сондай-ақ ҚР білім ғылым министрлігі» министрліктің бағдарламалық әдіснамалық, нұсқау беретін және нормативтік документтерге сәйкес жұмыс істейді. Мектепке дейінгі әр мекемеде «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» көздеген міндеттерді шығармашылықпен шешуге бағытталған іскерлік жағдай туғызылуға тиіс. Оның педагогикалық кадрларының мамандылығы, олардың өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық дәрежесі жүргізілетін бүкіл жұмыстың тиімділігі мен сапасының тағдырын шешеді.

Мектепке дейінгі мекемелердің ашылу тәртібі.

Түрлі типтегі мектепке дейінгі мекемелерді ашу тәртібі, оларды ұйымдастыруға және оларға басшылық етуге қойылатын талаптар ҚР мин.білім және ғылым және денсаулық сақтау минстр. Нұсқау іс құжаттарында: «Балалар бақшасының уставында», «Мектепке дейінгі балалар мекеме – ясли-бақша туралы уақытша ереже» және басқа іс құжаттарда белгіленген. Оларда мектепке дейінгі мекемелер типтерінің әрқайсысының міндеттері мен құрылымы, топтардың толтырылымы, оларды комплектілеудің ерекшеліктері, балалардың оларда қанша уақыт болатыны көрсетілген. «Балалар бақшасының уставында» мектепке дейінгі мекемелерді осы мақсат үшін арнайы салынған үйлерде ұйымдастыру көзделеді. Құрылыс балалардың белгілі контингенті мен жас топтарының белгілі санына арнап жасалған типтік жоба бойынша, олардың режимінің, климат аймағының ерекшеліктерін ескере отырып, санитарлық, құрылыс нормалары мен ережелері негізінде жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемені ашуға дайындық оны пайдалану үшін қабылдаудан 2–3 ай бұрын басталады. Меңгеруші орындалған әрлеу жұмыстарының сапасын тексереді,топтарды, әсіресе сәбилерді орналастыру жоспарын ойластырады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң үйді мемлекеттік комиссия қабылдайды. Жаңа мекемеге облыстық (өлкелік), қалалық т.с.с. оқу бөлімінің бұйрығы бойынша ретті нөмір немесе ат қойылып, мемлекеттік ұйымның заңдық құқығы беріледі.Мектепке дейінгі мекеме, құрылысының сметасында оның жабдығына деген бюджеттік қаржы көзделеді. Осы қаржыға сүйеніп және тиісті нұсқау іс қағаздарды басшылыққа ала отырып, меңгеруші қажетті жабдықтар мен құрал-саймандардың тізбесін жасайды. Жабдықтар мен мебелдер гигиеналық және педагогикалық талаптарға сай, балалардың қалыпты дамуына көмектесетін болуға тиіс. Жылдың барлық мезгілінде балалардың ауада жүйелі түрде және ұзақ болуын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі әрбір мекеме жер аумағы беріледі. Үй-жай, аумақ пен жабдықтар балалардың өмірін және олармен жүргізілетін оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастырудың материалдық шарты болып табылады. Мектепке дейінгі мекеменің үйі, ғимараттары, мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру.

Смета: Мектепке дейінгі балалар мекемелері мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, қоғамдық тұтыну қорынан қаржыландырылады. Мектепке дейінгі мекемелердің қазіргі бар жүйесін қаржыландыруға және оны кеңейтуге мемлекет жыл сайын орасан мол ақша қаражатын бөледі. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын шығынды өтеуге ата-аналар үлкен үлес қосады. Ата-аналардың төлемдері баланы күтіп тәрбиелеуге жұмсалатын жалпы шығынның орта есеппен 15-20 проценті шамасында болады. Мектепке дейінгі мекемелердің ақша қаражаты жөніндегі қажеті смета деп аталатын финанс жоспары негізінде белгіленеді. Смета – мемлекеттік жоспар-финанс документі, онда календарлық жыл ішінде мекемені ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражаттың мөлшері белгіленген. Жаңадан ашылатын мекемені ұстауға арналған шығын оны пайдалануға берген сәттен бастап есептеледі. Смета финанс министрлігі белгілеген форма бойынша жаслады да, оны мектепке дейінгі сол мекеме бағынатын жоғары тұрған ұйым (оқу бөлімі немесе ведомство) бекітеді. Онда барлық шығындар мен оларды жабатын көздер (мемлекеттік бюджет пен ата-аналар қаржылары) ескеріледі. Жазғы сауықтандыру шараларын өткізуге арналған шығын негізі смета енгізілмейді. Ол үшін қосымша смета жасалады. Смета шығынды жоспарлау жылына әр балаға шаққандағы есеппен әрбір статья бойынша жұмсалатын шығынның мемлкеттік нормалары негізінде бюджеттік классификацияның статьялары бойынша жүзеге асырылады. Айқындаушы нәрсе – мектепке дейінгі мекеме қызметінің көлемін сипаттайтын өндірістік көрсеткіштер: (балалардың ясли жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалардың) контингенті; топтардың саны, олардың толтырылымы; мекеме жұмысының ұзақтығы; онда жыл ішінде бір баланың қанша күн болатындығының жоспарлы саны. Бұдан басқа, үйдің алып отырған жерінің мөлшері мен көлемі, жылу, жарық беруге, сумен жабдықтауға т.б. жұмсалатын қаржының мөлшері көрсетіледі. Смета мектепке дейінгі мекемені ұстауға, соның ішінде жалақыға, әлеуметтік сақтандыруға, кеңес, оқу, шаруашылық шағындарына, балалардың тамағына, іс сапарлар мен қызмет бабындағы жүргендерге, жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алуға, үйлер мен ғимараттардың күрделі ремонтына көзделген шығынның барлық статьяларын қамтиды. Мектепке жасына дейінгі мекеменің меңгерушісі сметаға сәйкес ақша қаражатын жұмсаған кезде штаттық финанс тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Мектепке дейінгі мекемелердің финанстық қызметтің сол республиканың финанс министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы мен оның жергілікті ұйымдары, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер қарайтын жоғарғы ұйымдар жүйелі түрде бақылап отырады.

Штат. Мектепке дейінгі мекемені педагог, медицина кадрларымен және қызмет көрсетуші персоналмен комплектілеу тәртібі «Балалар бақшасының уставы», «Мектепке дейінгі балалар мекеме – ясли-бақша туралы уақытша ереже» негізінде типтік штатқа сәйкес, жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы әрі басшысы меңгеруші болып табылады, ол қалалық (аудандық) оқу бөлімінің немесе ведомстволық (халыққа білім беру органдарымен келісілген) бұйрығымен тағайындалады. Мектепке дейінгі мекеменің алғашқы қызметкерлері қатарында оның ашылуынан бір-екі ай бұрын меңгеруші завхоз бен бухгалтерді (орталықтандырылыған бухгалтерия болмаған жағдайда) жұмысқа алады, солармен бірге мекемені ұстауға арналған смета жобасын жасап, мекемені жабдықтауға кіріседі. Мекеменің ашылуына бір ай қалғанда меңгеруші халыққа білім беру бөлімі арқылы тәрбиеші кадрларды іріктейді. Нақ сол кезеңде қызмет көрсетуші персонал: үй сыпырушы, күтушілер, ас үй қызметкерлері, кір жуушылар т.б. жұмысқа алынады. Жұмысқа алу кезінде әрбір қызметкер «Балалар бақшасының қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелерімен», «Балалар бақшалары мен балалар алаңдарында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаумен» танысады. Мекеме ашылғанға дейін барлық қызметкерлер, лауазымдарына қарамастан, оны жабдықтаумен және безендендірумен шұғылданады, балаларды қабылдауға дайындалады. Ұымдастыру кезеңінде меңгеруші әрбір қызметкердің іскерлік және жеке басының сапасын мұқият зерттейді, тәжірибелі тәрбиешілерді жаңа бастаушылармен ұштастыра отырып кадрларды орналастырады. Қызметкерлерді балалар бақшасының жұмыс режимімен таныстырады.

Мектепке дейінгі мекемелерге балалар қабылдауды ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне балаларды қабылдау тәртібі «Балалар бақшасының уставы», «Мектепке дейінгі балалар мекеме – ясли-бақша туралы уақытша ережеде», «Ауыл балалар бақшасы туралы ереже» және «тіл мен құлағы кеміс балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер мен топтар туралы типтік ережелерде» белгіленген. Алдымен жұмыс істейтіндердің, оқитындардың және көп балалы аналардың балалары қабылданады. Мектепке дейінгі мекемеге балалар қабылдап алуды аудандық (қалалық) оқу бөлімінің немесе фабрикалық, заводтық, жергілікті кәсіподақ комитетімен келісілген кәсіпорын, мекеме әкімшілігінің, колхоз басқармасының жолдамасы бойынша балалар бақшасының (ясли-бақшаның) меңгерушісі жүргізеді. Егер мектепке дейінгі мекеме аудан оталығынан алыс орналасқан болса, аудандық оқу бөлімі меңгерушінің балаларды ата-аналардың арызы бойынша қабылдап, жолдаманы кейіннен ресімдеуге рұқсат етеді. Мектепке дейінгі мекеме ашылғанға дейін-ақ меңгеруші, оқу бөлімі немесе тиісті ведомство арқылы балалардың санын, жасын анықтайды да, сол мәліметтерді ескере отырып, жас топтарын ұйымдастырады. Мектепке дейінгі мекемені қатаң түрде жасына қарай топтау принципімен комплектілеу барлық балалардың Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына сәйкес жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа балаларды қабылдау сентябрьдің екі аптасы бойына біртіндеп жүргізіледі. Әрбір балаға көбірек көңіл бөліп, оның жаңа өмір жағдайына тезірек үйренуі, тәрбиешілермен, өз қатарларымен танысуы үшін бұл талапты сәби топтарда сақтау өте маңызды.

Мектепке дейінгі мекеме іс-құжаттары.

«Балалар бақшасының уставына» сәйкес мектепке дейінгі мекемеде белгілі іс-құжаттары жүргізілуі тиіс. Бұйрық кітабы балалар бақшасына ретті нөмір берілген соң жүргізіледі. Оның барлық беттері нөмірленіп, ең соңында парақтар саны көрсетіледі. Балаларды есептеу кітабы (ДП-2 форма) балалар мен олардың ата-аналары жөніндегі мәліметтерді, үй адресін, баланың орналасқан және шығып кеткен даталарын қамтиды. Әрбір топта балалардың күнделікті есебі жүргізіледі: қызметкерлердің, балалардың жеке басының іс-қағаздары, медициналық карталар; мектепке дейінгі мекемелерге нұсқау беретін, инспекциялайтын және тексеретін адамдардың ескертпелері мен ұсыныстары жазылатын кітап; санитарлық журнал; педагогикалық, өндірістік кеңестер мен ата-аналар жиналыстарының хаттамалары; құрал-саймандар мен тамақ өнімдерінің есебі жөніндегі кітап; мекеме жұмысының жылдық жоспары және т.б.

Педагогикалық ұжым және оның құрамы.

Педагогикалық ұжым мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі басқарады. Соның басшылығымен балаларға тәрбие беру ісі жүзеге асырылады. Тәрбиешілер, аға тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына» сәйкес балалармен жүргізілетін педагогикалық процесті ұйымдастыруда және өткізуде орталық тұлғалар болып табылады. Топтары көп мектепке дейінгі мекемелерде меңгеруші көмекші етіп тәрбиеші-әдіскер тағайындалады, оның әдетте, мектепке дейінгі тәрбие жөнінде жоғары білімі және кемінде екі жыл жұмыс стажы болады. Тәрбиеші-әдіскер тәрбиешілердің жұмысына бағыт беріп, ол жұмысты жетілдіруге ат салысады. Музыкалық-эстетикалық тәрбиені музыка оқу сағатының жетекшісі, сондай-ақ тәрбиешілер жүзеге асырады. Медициналық қызмет көрсетуді дәрігер мен аға медициналық сестра қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі мекеме басшысының басты міндеті – педагогикалық ұжымды басқару, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие саласындағы шешімдерін шығармашылықпен жүзеге асыруға жұмылдыру. Меігеруші өзінің бүкіл қызметін алда тұрған міндеттерді шешуге қабілетті, ынтымақшыл, мақсат қоя білетін, шығармашылық ұжымын қалыптастыруға бағындыруы тиіс. Мұндай ұжымға тән қасиет – мекеменің ортақ ісіне өзінің қатысты екенін сеніну, оқу-тәрбие процесін жетілдіріп отыруға, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістерінің тиімділігін арттыруға ұмтылу.