Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мек.д.йым.бас.лек.жин..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447 Кб
Скачать
☆

Тәрбиеші қызметінің маңызы.

Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға патриоттық тәрбие беру және оларды мектепке ойдағыдай оқытуға дайындау ісін жүзеге асырады. Жоғары білімді тәрбиешіге тән қасиет білімін, біліктілігін, дағдысының теориясын терең білу, педагогтық шеберлік, елдің қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысу болып табылады. Тәрбиешінің саяси кемелділігі оның балаларды тәрбиелеудің сапасы үшін Отан мен қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінуіне, педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылық пен қарауына, өзінің шеберлігін ұдайы жетілдіріп, жұмыстас әріптестерінің өсуінешын ықыласымен көмектесіп отыруына м,мкіндік береді. Тәрбиеші теорияны білу, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын түсіну, қоғамдық саяси белсенділік, жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, балалар психологиясы мен физиологиясын меңгеру тәрбиешінің педагогикалық құбылыстарды талдауға нағыз ғылыми тұрғыдан қарап, баланы жан-жақты дамыту міндетін ойдағыдай жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Таңдаулы тәрбиешілер өз тәжірибесін қорытып, ғылыми-практикалық конференцияларда, педагогикалық оқуларда ортаға салып отырады, баспасөз мақалалар жазады. Олар өздерінің шығармашылық еңбегімен мектепке дейінгі тәрбиенің теориясы мен практикасын дамытуға ат салысады.

Тәрбиеші – еңбек ұжымының мүшесі, оның іскерлік және жеке дара қасиеттері сол ұжымда көрінеді. Мектепке дейінгі мекеменің мақсат пен міндет бірлігі арқылы біріккен ынтымақшыл ұжымның шығармашылық инициативасын дамытуға, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі, әрбір қызметкердің моральдық бейнесі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал жасайды. Мамандық боышын сезіну, өзінің мәртебелі міндеті мен жауапкершілігін түсіну, еңбекке пратироттық көзқарас, шығармашыл, мақсат қоя білу мен табандылық, өз қызметін сын тұрғысынан бағалай білу – педагог үшін тән. Педагог – азаматтық, принциптілік, жолдас талғағыштық, адалдық пен шыншылдық секілді моральдық биік сапаға ие үлкен мәдениет адамы. Тәрбиешінің қоғамдық істерінің өрісі өте кең – мектепке дейінгі мекеменің тапсырмаларынан бастап халық депутаты ретінде мемлекетті басқаруға белсенді қатысуға дейін ұласып жатады. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі көп қырлы. Ол мамандық даярлықтан, теориялық білімін үнемі тереңдетіп отырудан, жұмыс тәжірибесінен, баланы сүюден құралады. Балалардың психологиясын, олармен жұмыс істеу әдістемесін жақсы білетін, беделі жоғары, педагогикалық әдептілікті меңгерген өте мәдениетті адам ғана тәрбиелеу мен оқыту шеберлігіне ие болмақ. Балалармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ өлең атып, билеу сымбатты қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем шығарма оқу дағдысын меңгере білу өте маңызды. Қолының іске ептілігі мен шеберлігі бар тәрбиеші балалар алдында үлкен беделге ие болады. А.С. Макаренко былай деп жазады: «Тәрбиешінің шеберлігі талантты керек ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол дәрігерді шеберлікке қалай үрету керек болса, музыкантты қалай үйрету керек болса, солай үйретуді керек ететін мамандық» Тәрбиешінің шеберлігі бірте-бірте қалыптасады. Әдіснамалық шараларға белсенді қатыса отырып, тәрбиешілер мектепке дейінгі мекемелердің таңдаулыларының жұмыс тәжірибесін біледі, психология, мектепке дейінгі педагогика, арнаулы әдістер саласындағы жаңа зерттеулермен танысады. Шебер педагогтың қалыптасуы үшін оның өз мамандығын арттыру жөнінде тынбастан жұмыс істеуінің зор маңызы бар. «Балалар бақшаларының тәрбиешілері мен меңгерушілерінің мамандығын арттыру жүйесі туралы ережеде» бұл үшін өздігінен дербес жұмыс істеу, курстарда оқу, сондай-ақ ауданның, қаланың әдіснамалық шараларына қатысу сияқты жолдар бар екені туралы айтылады. Шебер педагогтың маңызды сапасы өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасап, оны объективті бағалай білу болып табылады. Егер балалар «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының» барлық бөлімдері бойынша тиянақты білім, іскерлік, дағды алса, тәрбиеші ықпал жасаудың педагогикалық жағынан негізделген әдістері мен тәсілдерін пәрменді меңгергені.

Баланы жеке басын қалыптастырудағы тәрбиешінің ролі.

Жаңа адамды қалыптастыратын педагог өзі біздің қоғамның алдыңғы қатарлы азаматы болуға тиіс. Патриоттық сенім, мамандық шеберлік, балаларға деген сүйіспеншілік нақты істерде, қылықтарда, адамдармен өзара қарым қатынастарда көрінеді және балаларды тәрбиелеу құралы болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы негіздері қалана бастайтын мектеп жасына дейінгі балаға ересектердің ықпалы өте күшті болады. «...Бала ақыл-ой мен адамгершілік жағынан адамның жеке басының тікелей ықпалымен ғана тәрбиеленеді, қанағаттанады, - деп көрсетті К.Д. Ушинский, - ал адамның жеке басының ықпалын ешқандай формалармен де, ешқандай тәртіппен де, ешқандай уставтармен де, оқу сағаттарының кестелерімен де, жасанды түрде алмастыру мүмкін емес». Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, ойындарда, оқу сағаттарында, бірлескен еңбек әрекетінде, қарым-қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланың мұқият зерттеп, оның өзіндік ерекшеліктерін білуге, балалардың бәріне бірдей объективті қарауға, педагогикалық әдептілік көрсетуге, балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекет нәтижелерін әділ бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, олардың отбасындағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда ғана педагог баланың жеке басының дамуына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Оның шынайылығы, кішіпейілділігі, мейрімділігі, қайырымдылығы балалардың оған деген жүрек жылуы, ыстық ықыласын туғызады.

Педагогтік әдепке оның жақсылық пен жамандық, педагогтік парыз, педагогтік әділеттілік, кәсіптік намыс пен абырой, педагогтік бедел, ар-ождан, мұғалімнің еңбек тәртібі сияқты категориялар негіз болады.

Жақсылық категориясының мағынасы — ел ушін ерлікпен еңбек ету, Отанның қуатын нығайту, абырой-даңқын арттыру еңбек сүйгіштік, адалдық, шыншыл-дық, сыпайылық, адамдарға деген сүйіспенішлік, жа-мандық атаулыға, Отанымыздың дүшпандарына ымырасыз болу.

Педагогтік бедел категориясының мағынасы — үс-таздың жеке басының кәсіби қасиеттерінің жиынтығы: қоғамға, табиғатқа, балаларға, педагогтерін үжымына, ата-аналарға, жүртшылыққа адамгершілік қарым-ка-тынасының көрінісі. Педагогтің беделі оның білімін, мінез-қүлқын, жеке басының қадір-қасиетін мойындау-ға негізделеді.

Педагог әдептілігінің негізіне педагог еңбегінің әлеуметтік мәні, жеке басының адамгершілік мазмүны, психологиялық жағынан қалыптасуы, кәсіптік жағынан қарулануы, өзгелермен қарым-қатынасының сипаты, мінез-құлқы, жасы, жынысы, мамандығы, отбасы жағдайы және т. б. жатады. Педагог жұмысының айқын компоненттерінің бірі - балаларды полигамия және мәдениеттің алуан түрлілігіне құрметпен қарау, педагогтар мен ата-аналардың арасындағы әріптестік өзара қатынасты тереңдетуге үйрету болып табылады. Ата-аналар мен отбасы тұтас алғанда, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі кәсіби көмек алу, қабілеттерін дамыту жөнінде ақпараттар алу қажеттілігін бастан кешіреді. Жаңа стандарт ынтымақтастықты орнатудың маңыздылығын атап өте отырып, отбасының әлеуметтік институт ретінде ұрпақтардың сабақтастығын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді: үлкендерге сый-құрметпен қарау, дәстүр мен салттар, мінез-құлық мәдениетін сақтау, өз халқының тарихына, Отанына деген махаббаты. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың басты мақсаты - әрбір баланың отбасымен өзара әлеуетін дамыту және қабілеттерін ашу, бірінші кезекте - өз балаларының басты мұғалімдері және қорғаушылары болып табылатын ата-аналарымен қатынасы. Педагогикалық процестің талаптары білім саласының мазмұны негізінде жүзеге асырылады және қауымдастықтың көмегіне мұқтаж болады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты белгілі талаптарды көрсетеді:

  • педагогтар үшін - олардың кәсіби құзыреттілігі және бала құқығы жөнінде Конвенцияның сақталуы;

  • мектепке дейінгі ұйым үшін - Мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету;

  • отбасы үшін - баланы дамытудың негіздеріне жауапкершілік, педагогтар-мен бірлесе отырып оның оқытуы мен тәрбиесіне қатысуы. Құжаттың мазмұнына талдау жасай отырып, жаңа ҚР МСТ 1.001-2009 мыналарды қамтамасыз етеді деп айтуға болады;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда жеке қабілеттерін, өмірлік маңызы бар әлеуметтік дағдылар, достықжылы шырай, дербестік, креативтілік, жауапкершілік, ашықтық, коммуникативтікті дамыту;

  • педагогтардың кәсібилігі  мен  құзыреттілігі, олардың отбасылар  мен қауымдастықтармен өзара ынтымақтастыққа ұмтылысы;

  • ата-аналар, отбасылардың балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде хабардар болуы, ата-аналардың білім процесіне қатысуы және педагогтармен әріптестігі.

Қоғамға ақылды, өсіп жетілген, достық қалыптағы, дербес, эмоционалдық, шығармашылық және жауапты бітірушілер-мектепке дейінгі оқушылар қажет.

Жаңа стандарттың балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына, сондай-ақ инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, олардың білімінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын айта кету орынды.

Балаларды төмен жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің стандарты Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың тиіс-тілігіне қарамастан барлық ұйымдардың қолдануына арналған; оқу орындары, педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институттары, ғылыми-зерттеу институттары, білім саласындағы атқарушы органдар. Оны, сондай-ақ білім қызметін лицензиялау барысында және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында аттестаттау өткізу барысында мемлекеттік басқармалардың органдары пайдаланады. Осы стандартта ҚР МСТ 2.003-2002 сілтемесі пайдаланылған - Қазақстан Республикасында орта жалпы білім берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. Негізгі ережелер.