- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Анықтау ісін жүргізу пәнінен лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Кредит саны- 2
- •1 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.
- •2 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.
- •4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
- •6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
- •3) Әскери бөлім командованиясының әскер қызметшілерді байқауы
- •1) Өзін дұрыс ұстаутуралы қол хат беру. (144 бап).
- •2) Жеке кепілдік (145 бап)
- •Кәмелетке толмағандарды қарауына беру 147 бап
- •Қамауға алу б.Ш қолдануға болады тек келесі жағдайларда:
- •7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
- •8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
- •9 Тақырып. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
- •10 Тақырып. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері.
- •11 Тақырып. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
- •12 Тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.
- •13 Тақырып. Басты сот талқылауы.
- •14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
- •Cеминар сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Анықтау ісін жүргізу құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
Дәріс жоспары.
1. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен түрлері.
2. Бұлтартпау шараларының негіздері және түрлері.
3. Бұлтартпау шараларының түрлері.
4. Кепіл.
5. Қамауға алу.
6. Бұлтартпау шараларын тоқтату және өзгерту.
Негізгі ұғымдар: мәжбүрлеу, бұлтартпау шаралары.
Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары қылмыстық процестің барысында заңда көрсетілген негізге сай айыпталушы, сезікті жәбірленуші, куә және басқа қатысушыға қатысты қылмыстық іс жүргізуші органдардың лауазым иелері ҚІЖ-ді қамтамасыз ету мақсатында заңда көрсетілген тәртіптерге сай қолданған мәжбүрлеудің түсіндегі процесуалдық амалдар.
Мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары:
айыпталушы сезіктінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыруының, тергеу мен соттан бой тасылап кетуінің, процессуалдық әрекеттерді жүргізуге кедергі жолдауының алдын алу;
қылмыстық процеске қатысушының тергеу, сот органның келуін қамтамаысыз ету (куә, айыпталушы);
дәлелдемелерді табу мен бекітуді қамтамасыз ету (бекіту, куәландыру);
үкімдердің орындалуын қамтамасыз ету (мүлікке тыйым салу, қамауға алу);
Мәжбүрлеу шараларының түрлері:
Сезіктіні ұстау (132-138 б-р)
Бұлтартпау шаралары (139-155 б-р)
Басқа мәжбүрлеу шаралары (156-161 б-р)
Бұлтартпа шаралары- айыпталушының ерекше жағдайларда сезіктінің қылмыстық әрекеттерді жалғастыруының, тергеу мен соттан бой тасалап кетуінің процессуалдық әрекеттерді жүргізуіне кедергі жасауының алдын-алу мақсатында процесуалдық заңда көрсетілген тәртіпке сай қолдануға мәжбүрлеу шаралары.
Бұлтартпау шараларының белгілер:
Олардың мақсаты айыпталушы (сезіктінің) қылмыстық іс жүргізуіне кедергі жасауының алдын алу.
Олар тек заңда көрсетілген негіздерге сай қолданылады.
Бұлтартпау шаралары жеке сипатқа ие. Олар нақты айыпталушының (сезіктінің) жеке басын шектеу б.т.
Бұлтартпау шаралары тек айыпталушыға, ерекше жағдайларда сезіктіге қатысты қолданылады.
Бұлтартпау шараларының қолдануы факультативті сипатқа, яғни бұлтартпау шараларының біреуін қолдану іс жүргізуші органның лауазым иелерінің міндетті емес құқығы б.т.
Бұлтартпау шараларының басқа мәжбірлеу шаралары сияқты бір жағынан қылмыстық процестің міндеттерін орындау үшін қажет болса, екінші жағынан олар процеске қатысатындардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілдіктері б.т.
Тергеуші, сот, нақты айыпталушыға сезіктіге бұлтартпау шараларын қолдану қажет деп таппаса 157б-қа сәйкес келу туралы міндеттеме алуға құқылы.
Бұлтартпау шараларының негіздері және түрлері:
Айыпталушы, сезікті тергеуде не сотта бой тасалайды деген негіз болса (бұл бұлтартпау шараларының ауыр қылмыс жасау, ұйымдасқан топпен жасау, бұрын сотталғандығы, ешқайда жұмыс жасамаса, оқымаса, материалдық жағдайы, мүмкіндік берсе семьялы болмау т.б.)
Қылмыстық әрекеттерді жалғастырады деп ойлауға негіз болса (бірнеше қылмыстық әрекеттер бойынша жауаптылыққа тартылса, бұрын сотталса, есірткімен айналысса, басқа құқық бұзушылыққа жол берсе т.б)
Процессуалдық әрекеттерді жүргізуге кедергі жасайды деп ойлауға негіз болса, (жәбірленуші) куәларды өзіне лайық жауап беруге көндіруге тырысса, заттай дәлелдемелерді жоюға тырысса, шақыруған уақытында келмесе, ұйымдасқан топ болып қылмыс жасаса т.б)
Үкімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы тәртіп бойынша бұлтартпау шаралардың айыпталушыға қатысты қолданылады. Тек ерекше жағдайда олардң сезіктіге қатысты қолдануға болады (142 бап)
Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдануда келесі жағдайларды ескеру қажет:
оның жеке басын;
тұратын жерінің болмауын;
Сезіктіге қатысты негізінен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұл жағдайда қамауға алуды мерзімі 10 тәуліктен аспауы тиіс. Бұл мерзім егер қамауға алудың алдында адам сезікті адам сезікті ретінде ұсталған уақыттан бастап (72 сағ, 7 тәулік) саналады.
Егер қамауға алудың алдында ұсталмаса қамауға алынған күннен бастап есептелінеді (10 тәулік).
10 тәуліктен кешіктірілмей бұл адамға қатысты айып тағылуға тиіс.
Егер бұл мерзімде айып тағылмаса сезікті айыпталушы қатарына көшірілмесе оған қатасты бұлтартпау шарасы жойылады, сезікті қамаудан босатылады.
Қамауға алынған сезіктіге айып тағылса, қамауға алу бұлтартпау шарасыөзімен өзі жалғаса береді және айыпталушыны қамауға алу туралы қаулы шығарылмайды. Бұлтартпау шарасын қолдану және таңдау кзінде ескерілетін мән- жайлар (141бап);
Тағылған айыптың ауырлығы
Айыпталушының жеке басы
Оның жас мөлшері
Денсаулық жағдайы
Отбасы жағдайы
Немен шұғылданатындығы
Муліктік жай-күйі
Тұрақты орнының бар жоқтығы
Б.Ш.-н қолданудың тәртібі (143 б).
1) Б.Ш.-н қолдану үшін тиісті лауазым иесі б.ж. қолдану туралы қаулы шығарады. Қаулыда істің мән- жайы бұл. ш. Қолданудың негіздері және қандай жақты бұлт-у шар қ/у қажет екендігі көрсетіледі.
2) Қаулының көшірмесі айыпталушыға тапсырылады.
3) Айыпталушыға міндетті түрде оның бұлбұлтарпау шарасы түсіндіріледі. Мысалы: қамауға алу, б.ш. қолд-да айыпталушы оның қорғаушысы, заңды өлім, 110 бапқа сәйкес бұл шешімді сотқа шағымдай алады.
4)Егер бұлтартпау шарасын қолдану прокурордың санкциясын талап етсе істі жүргізуші тұлға прокурорға қаулыны тапсыру арқылы оның келісімін құратады.
Б.Ш-ның түрлері:
