- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Анықтау ісін жүргізу пәнінен лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары. Кредит саны- 2
- •1 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.
- •2 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу принциптері.
- •4 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
- •6 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты
- •3) Әскери бөлім командованиясының әскер қызметшілерді байқауы
- •1) Өзін дұрыс ұстаутуралы қол хат беру. (144 бап).
- •2) Жеке кепілдік (145 бап)
- •Кәмелетке толмағандарды қарауына беру 147 бап
- •Қамауға алу б.Ш қолдануға болады тек келесі жағдайларда:
- •7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
- •8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
- •9 Тақырып. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
- •10 Тақырып. Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу іс әрекеттері.
- •11 Тақырып. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
- •12 Тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.
- •13 Тақырып. Басты сот талқылауы.
- •14 Тақырып. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық іс жүргізу.).
- •Cеминар сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары
- •Анықтау ісін жүргізу құқығы пәнінен емтихан сұрақтары
7 Тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы.
Дәріс жоспары.
1. Қылмыстық істі қозғау сатысының мәні және маңызы.
2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар менлауазым иелері.
3. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері. Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды тексеру шегі, тәсілдері және мерзімдері.
Негізгі ұғымдар: қылмыстық істі қозғау.
Қылмыстық істі қозғауға мыналар себеп болады; азаматтардың арызы;
кінәсін мойыдап келу;
мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
лауазымды адамдардың және қылмыстық істі қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады ( ҚІЖК-нің 177-бабы ).
Қылмыс туралы мәліметтерді анықтау қылмыстық істі қозғауға мынадай жағдайларда;
Қылмыстық ізге түсу органы кезкелген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Арыз берушіге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тіркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешім қабылдануға тиісті уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі ( ҚІЖК-нің 183-бабы ).
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға болған жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағадйларда – бір айға дейін ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс ( ҚІЖК-нің 184- бабы ).
Заңда көрсетілген себеп пен негіз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.
8 Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
Дәріс жоспары:
1. Алдын ала тергеу сатысының түсінігі, міндеттері, маңызы.
2. Алдын ала тергеудің нысандары.
3. Анықтау жүргізу оның түрлері.
4. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының түсінігі және маңызы
Негізгі ұғымдар:тергеу, алдын ала тергеу.
Алдын-ала тергеуді ҚІЖК-нің 33-бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті. Алдын ала тергеу сатысы екі нысанда жүзеге асырылады: анықтау және алдын ала тергеу.
Алдын-ала тергеуді кәмлетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті. Қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді ( ҚІЖК-нің 191-бабы ).
Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргізіледі. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезікті, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мүмкін. Тергеу іс-әрекеттерінің басқа ауданда (облыста) жүргізу қажет болған жағдайда тергеуші оны тікелей өзі жүргізуге не бұл іс-әрекеттерді жүргізуді сол ауданның ( облыстың) тергеушісіне немесе анықтау органыныа тапсыруға құқылы.
Алдын ала тергеу қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Істі өзінің жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады. Егер қылмыстық істі тергеуші қозғаса және іс жүргізуіне қабылдау туралы бірыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшірмелерін тергеуші 24-сағаттан кешіктірмей прокурорға жібереді (ҚІЖК-нің 194-бабы ).
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы, не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады ( ҚІЖК-нің 195-бабы).
Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу ол күрделі немесе оның көлемі үлкен болған жағдайда тергеушілер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкін, бұл туралы қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешімді тергеу бөлімінің бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде топ жетекшісі – тергеуші көрсетілуге тиіс. Сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылуға тиіс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі
( ҚІЖК-нің 198-бабы ).
