- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
- •5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
- •Жұмыс бағдарламасы
- •2. Рецензенттер
- •Мазмұны:
- •Өндірістік сараманның мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тәжірибені өту кестесі
- •5. Білім алушылардың сараманды өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •6. Өндірістік сараман мазмұны
- •7. Сараман қорытындысын шығару тәртібі және бағалау көрсеткіштері
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Пререквизиттер
Өндірістік сараман туралы есеп беруді орындау үшін 5В020200 «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығы студенттерінің сараман материалдарын жинауға және дайындауға қажетті білім, шеберлік, дағды тізімдемесі бар пәндер тізімі:
«Халықаралық ұйымдар», «Дипломатиялық құжаттама», «Дипломатиялық және консулдық қызмет», «Геосаясат негіздері», «Мемлекеттік тілде іс-жүргізу», «Дипломатиялық этикет және хаттама», «Халықаралық қатынастар теориясы», «Көпжақты дипломатия».
Постреквизиттер
5В020200 «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығы студенттеріне арналған сараман мамандарды сыртқы саясат, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар өкілеттіліктері саласының даярлау жүйесіндегі база болып табылады. Алған білім, шеберлік, дағды, құзыретті, өндірістік сараманда жинаған материалдарды студенттер кейін келесі мекемелерде жұмыс істегенде қолдана алады:
ҚР-ның СІМ департаменттері мен басқармаларында;
сыртқы саясат саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда;
мемлекеттік және халықаралық ұйымдар өкілеттіліктерінде;
- дипломатиялық және консулдық мекемелер қызметтерінде;
- халықаралық үкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік емес кәсіпорындарында;
- жергілікті және мемлекеттік басқару органдарында;
- сондай-ақ туристік фирмалар қызметтерінде.
4. Тәжірибені өту кестесі
«Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік сараманның басталу және аяқталу мерзімі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аталған мамандықтар бойынша бекітілген оқу жоспары және оқу кестесінде көрсетілген. Жекелеген тапсырмалар бойынша тәжірибені өту кестесі 2 кестеде келтірілген.
5. Білім алушылардың сараманды өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері
Өндірістік сараманды өту нәтижесінде білім алушылар төмендегідей тәжірибелік дағдыларды, білімдерді, әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс:
ұжымда жұмы ітеуге дайын болуға, басқару әдістемесімен таныс болуға, басқарушылық шешімдерді табу және қабылдау қабілетіне ие болуға, басқарма қызметінің деңгейін жетілдіруге қабілетті болуға тиіс;
қойылған міндеттер деңгейінің шеңберінде шет тілінде диалог, келіссөздер, келісім-шарттар жүргізуге дайындығының болуы;
кәсіби бағыттылығына сай материалдарды шет тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден шет тіліне ауызша және жазбаша аударманы орындау қабілетінің болуы;
дипломатиялық құжаттар, келісімдер, шарттар, шаралардың бағдарламасын құрастыра білуі;
алынған білімдері мен дағдыларының негізінде кәсіби міндеттері шеңберіндегі жетекшінің тапсырмаларын орындай білуі;
ұжым жұмысын қамтамасыз ету мүддесіне сай ұйымдастырушылық-техникалық функцияларды орындауға және қоымша міндеттерді шешуге дайындығының болуы;
БАҚ материалдарымен жұмыс жасай білуі, берілген тақырып бойынша баспасөзге шолу жасау, негізделген қорытындылар жасай отырып, материалдарды табу, жинау және жүйелеу дағдысын меңгеруі;
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға, ақпаратты қабылдау және жинау, ақтау және өңдеу әдістерін меңгеруге, соның ішінде электронды-есептеу техникасын пайдалана алуға, интернет пен қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану дағдысына ие болуға тиіс;
