- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі м.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
- •5В020200 «Халықаралық қатынастар» және 5в050500 «Аймақтану» мамандығының студенттеріне арналған
- •Жұмыс бағдарламасы
- •2. Рецензенттер
- •Мазмұны:
- •Өндірістік сараманның мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тәжірибені өту кестесі
- •5. Білім алушылардың сараманды өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •6. Өндірістік сараман мазмұны
- •7. Сараман қорытындысын шығару тәртібі және бағалау көрсеткіштері
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
6. Өндірістік сараман мазмұны
Сараман мазмұны базалық ұйым қызметінің сипатымен анықталады. Студент-практикант Қазақстан Республикасының СІМ-де, министрліктердің халықаралық байланыс бөлімдерінде өндірістік сараманнан өте отырып, аударма ісімен және дипломатиялық құжаттарды (ноталық жазбалар, жадынамалық жазбалар, меморандумдар) дайындаумен айналысады, нормативтік-құқықтық актілермен, оның ішінде халықаралық келісім-шарттармен және келісімдермен жұмыс жасайды, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеумен айналысады, түрлі тапсырмаларды орындайды (факс қабылдау-жіберу, бөлімдерге ақпарат тарату және т.б.), жопарланған шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады (конференциялар, семинарлар, кездесулер). Туристік фирмаларда сараманнан өту барысында студент-практиканттар келушілермен жұмыс жасайды, оларды тур бағыттарымен таныстырады, оларға құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі, жарнамалық қызмет үшін елтанушылық мәліметтердің аудармасын жасайды.
Сараман барысында студент базалық ұйым қызметінің ұйымдастырылуымен; базалық ұйым құжаттарымен, оның ішінде шет тіліндегі де, танысуы; ведомствалық және дипломатиялық құжаттарды жазу дағдысын меңгеруі; мамандық бойынша алған жалпы теориялық білімін бекітуі, тереңдетуі және тәжірибеде қолдануы; Қазақстанның шетелдік елдермен әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынасының жағдайымен танысуы қажет.
Сараман орынын университет, студенттердің өздері ұсынуы мүмкін немесе сараман орны мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемкемелердің сұранысы бойынша белгіленеді.
Студенттің жұмыс орнын, органның бөлімшесін, студенттің сараманды өтуіне жауапты жетекшіні ұйымының бірінші басшысы белгілейді. Студенттің сараманнан өтуін жалпы бақылауды мамандық бекітілген кафедра жасайды, сараманға нақты жетекшілікті кафедра бекіткен әдіскер жасайды. Жетекші студентке сараманға кетудің алдында нұсқау береді және сараман кезіндегі студенттің жұмысын бақылайды, сараманның соңында оның нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды жасайды. Сараман мерзімі біткен соң студент кафедраға сараманның нәтижелері туралы есеп, күнделік, сын-пікір және сараман барысында жинақталған құжаттарды тапсыруға міндетті.
Өндірістік сараман есептерін студент кафедраның арнайы құрылған комиссиясының алдында қорғайды, комиссия есеп қорғауды төрт баллдық жүйе бойынша бағалайды (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз). «Қанағаттанарлықсыз» баға алу, тәжірибенің есебін тапсырмау - өндірістік сараманды қайта өтуді талап етеді, ал егер студент өндірістік сараманды өтуге сылбыр-салақ қарайтын болса, сараман кезінде тәртіп бұзушылық жасаса немесе сараман есебін қорғау кезінде студенттің сараман бағдарламасын орындамағаны анықталса, студент университетте сол курста екінші жылға қалдырылады. Өндірістік сараманды екінші рет өту мерзімдері мен тәртібі түрлі жағдайда кафедра және сараман жетекшісі арқылы шешіледі. Сараман нәтижелерінің бағасы теориялық курстардың емтихандық бағаларымен бірге есепке алынады.
7. Сараман қорытындысын шығару тәртібі және бағалау көрсеткіштері
Сараман қорытындысы бойынша студент есеп жазады, оны кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Студенттер қорғайтын барлық сараман бойынша есептер жүз балдық жүйеде бағаланады.
Білімді бағалау көрсеткіштері.
90-нан 100-ге дейінгі баға «үздік» деген бағаға сәйкес келеді және есеп сараман бағдарламасы және студенттің жеке тапсырмалары талаптарына сәйкес, қатесіз, оқу құжаттарын ресімдеу ережелерін сақтап толық орындалғанда және сәйкесінше қорғалғанда қойылады. Бұл баға студент сараман бағдарламасын 95-100% деңгейде меңгерген жағдайда қойылады.
75-тен 89-ға дейінгі балмен бағалау «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді және студент есепті жазуда және ресімдеуде немесе сұлбалар, графиктер құрастыруда өзі түзеткен елеусіз қателер және принципиалды емес дәлсіздіктер жіберген жағдайда қойылады. Бұл баға оқушы сараман бағдарламасын 75% меңгерген жағдайда қойылады.
50-ден 74-ке дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлық» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда, сұлбалар, графиктер құрастыруда қателіктер жіберіп, оларды сараман жетекшісінің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады. Бұл баға студент сараман бағдарламасын 50% кем емес деңгейде меңгерген жағдайда қойылады.
0-ден 49-ға дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда немесе сұлбалар, графиктер құруда елеулі қателер жіберген, сараман бойынша жеке тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады.
Сараманнан өту нәтижелері бойынша қорытынды балл студенттің оқу үлгерімділігінің (GPA) орта балын шығаруда және академиялық рейтингісін анықтау кезінде есепке алынады.
