Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
posledny_var_ustny_marketing.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319 Кб
Скачать
☆

2. Тікелей әсері бар маркетингтік ортаны схема түрінде көрсетіңіз .Оларға сипаттама беріңіз.

Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Ең негізгілері: Жабдықтаушылар, Маркетинг делдалдары ,Клиенттер, бәсекелестер. Жабдықтаушылар. Ұйымдар және дәрі-дәрмектермен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар желісі арасындағы тәуелділік – ұйым қызметінің табысына және операциясына ортаның тікелей әсерінің айқын мысалының бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектерді, жабдықтарды басқа елдерден делдалсыз тікелей алу бағасына, сапасына және санына байланысты тиімді болғанымен, бір жағынан саяси тұрақсыздық немесе айырбас курсының ауытқуы сияқты ортаның қозғалыс факторларының күшеюімен қауіптілеу болады. Материалдар. Дәріханалық ұйымдар дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың үз-діксіз жеткізіліп отыруына тәуелді. Жабдықтаушылардың қажетті көлемде және қажетті ассортиментте қамтамасыз ете алмауы мұндай ұйымдарға көптеген қиындықтар туғызуы мүмкін. Еңбек ресурстары. Қажетті мамандықтары және біліктілігі бар жұмыс күшімен қамтамасыз ету алға қойған мақсаттарды орындаумен байланысты міндеттерді шешу үшін, яғни ұйымның тиімділігі үшін қажет. Күрделі техниканы, капиталды, материалды тиімді қолдана білетін адамдарсыз бұлардың пайдасы аз болады. Көп жағдайда ұйым өз қызметкерлерін үйретіп, оларды қолдау арқылы (демеу) қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге тырысады. Заң және мемлекеттік органдар. Еңбек заңдылығы басқаруға әсерін тигізеді. Сонымен бірге көптеген заңдар мен мемлекеттік мекемелерде ұйымға өз әсерін тигізеді. Жеке компания, корпорация немесе жеке шаруашылық сияқты әрбір ұйымның белгілі бір құқықтық статусы бар, осы статусы ұйымға істі қалай жүргізу қажеттігін және қандай салықтар төлеу қажеттігін анықтайды. Тұтынушылар. Бизнестің ең негізгі мақсаты – тұтынушыларды түзу. Мұнымен келесі жағдайлар түсіндіріледі: ұйымның өмір сүруі және өзін-өзі ақтауы тұтынушыны таба білу мүмкіндігіне және олардың сұранысын қанағаттандыруына байланысты. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру ұйым және еңбек ресурстарымен, медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтаушылардың арасындағы өзара қарым-қатынасқа әсерін тигізеді.Бәсекелестер. Бәсекелестер – бұл әсері туралы таласуға болмайтын сыртқы орта факторы. Егер тұтынушылар қажеттілігін бәсекелестер сияқты уақытында әрі тиімді қанағаттандырмаса, кәсіпорын ұзақ өмір сүре алмайтынын кәсіпорын жетекшілері жақсы түсінулері тиіс. Бұл жерде тұтынушылар ұйым бәсекелестігінің жалғыз объектісі емес екенін түсіну керек. Ұйым сонымен бірге еңбек ресурстары, материалдар, капитал және белгілі бір техникалық жаңа енгізулерді пайдалану үшін бәсекелестік күресін жүргізе алады.

Билет 14

1. Берілген тапсырмаға талдау жасаңыз. Айналымдағы тауардың көрсеткіштері:

тауардың бастапқы қалдығы (Бқ) – 4 000 000;

түскен тауар (Т) – 9 000 000;

сатылғаны және өзге шығындар (С) – ?

тауардың соңғы қардығы (Қс) – 600 000.

Тауарлық баланстың формуласын пайдалана отырып, тауардың соңғы қалдығын есептеніз. Шыққын нәтіжелерді негізге ала отырып, дәріхананың жұмысын арттыруға басқару шешімін жазбаша түрде ұсыныңыз.

тауардың бастапқы қалдығы (Бқ) – 4 000 000;

түскен тауар (Т) – 9 000 000;

сатылғаны және өзге шығындар (С) – ?

тауардың соңғы қардығы (Қс) – 600 000.

Қб + Т = С + Қс

С = Қб + Т - Қс

С = 4 000 000 + 9 000 000 – 600 000 =12 400 000

2. Фармацевтикалық кәсіпорын өндірістік-коммерциялық қызметінде маркетингтің функцияларын пайдалануды қарастырады. Келтілірген функциялардың қайсысын өндірістік функцияға жатқызуға болады:

а) бәсекеғе жарамдылықты және сапаны басқару;

б) нарық туралы ақпаратты жинау;

в) маркетингті басқару;

г) өнімді өткізу.

Маркетингтік өндірістік функциясы 3 бөлімнен тұрады: жаңа тауарларыд өндіру, материалды-техникалық жабдықтау, дайын өнімдердің бәсеге жарамдылығы мен сапасын басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]