- •2.Басқару өкілеттілігі және оның түрлері.
- •3.Мақсат жүйесін жіктеу.
- •5. Рационалды шешімді қабылдау этаптары.
- •5. Дельфажәне «кингисё» әдістері.
- •5. Басқару шешімінің анықтамасы.
- •5. Шешім қабылдаудың сандық әдістері.
- •Орта буынның жетекшілері.
- •Төменгі буын жетекшілері.
- •2. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы.
- •3. Мақсатты қоюға әсерін тигізетін факторлар.
- •4. Ұйымдастыру функциясының жоспарлау функциясынан айрымашылығы.
- •2. Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың ұйымдастыру құрылымдары.
- •3. Ұйым миссиясы мен «мақсат ағашының» өзара қатынасы.
- •5. Мәселені тудыратын (қалыптастыратын) факторлар.
- •Орта буынның жетекшілері.
- •Фармациядағы басқару құрылымы.
- •3. Ұйым мақсатын қою кезінде қандай жағдайларда қателіктер туындайды?
- •4. Басқарудың функционалдық құрылымын құрудың ерекшеліктері.
- •5. Мәселелердің жіктелуі.
- •1. Қаржы менеджменті және оның міндеттері.
- •2. Басқарудың матрикалық құрылымы.
- •3. Мақсаттың нақтылығы деген нені білдіреді?
- •4. Тосу (күту, үміттену) және әділдік теориясының мәні.
- •5. Шешімнің түрлері.
- •Қаржы менеджментінің бақылау функциясы.
- •Ұйымды басқарудың коммуникациялық құрылымы.
- •3. Табысты жүзеге асыру үшін мақсатқа қойылатын талаптар.
- •4. Басқару жүйесінің құрылымы деген не және ол немен анықталады?
- •5. Функционалдық қолданылуы бойынша шешімнің жіктелуі.
- •1. Қаржы менеджері.
- •2. Коммуникациялық желілер және оның түрлері.
- •3. Мақсаттың нақтылығы деген не?
- •4. Басқаруқұрылымының қандай түрлері бар?
- •5. Мәселені қамту кеңдігі бойынша шешімнің жіктелуі.
- •Қаржы менеджментінің мақсаты және әдістері.
- •3. Неліктен мақсатттар икемді болуы керек?
- •4. Басқару коммуникациялары деген не және олар қандай болады?
- •5. Шешімді қабылдау әдістері.
- •Қаржы менеджментінің функциясы.
- •2. Басқарудың сызықтық құрылымы.
- •3. Түсіндіріңдер, неліктен табысты мақсатқа жету шарттарының бірі оны адамдардың тануы, білуі болып табылады?
- •4. Функционалдық құрылымының артықшылығы және кемшіліктері.
- •Шешім қабылдаудың формальды емес және ұжымдық әдістері.
- •Басқару және бухгалтерлік есеп.
- •3.Арнайы мақсаттардың айырмашылық ерекшеліктері.
- •4. Басқарудың сызықтық құрылымының артықшылығы және кемшілігі.
- •Мәселені шешуге әсерін тигізетін факторлар.
- •Статистикалық жәнеоперативті есеп.
- •Ұйымдастыру құрылымдарын жобалау.
- •3. Мақсатты қоюдың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған процесінің айырмашылығы неде?
- •3. Қызмет тиімділігінің үнемділіктен айырмашылығы.
- •4. Функцияларды орындау процесінде ұйымдар жетекшілікке алатын принциптер.
- •5. Рационалды шешімді қабылдаудың алғашқы бес этапының сипаттамасы.
- •1. Қаржы менеджментінің бөлу функциясы.
- •2. Басқарудың матрикалы құрылымы.
- •3. Мақсатты қоюға әсерін тигізетін факторлар.
- •4. Басқарудың ұйымдастыру-әкімшілік әдістері.
- •5. Басқару шешімдерін жүзеге асыру.
2. Коммуникациялық желілер және оның түрлері.
Екі адамнан көп жұмыс істейтін ұйымдарда коммуникациялық каналдар желілерге біріктірілген, ол басқару құрылымының элементтерін байланыстырады және басқару құрылымы сияқты көп деңгейлі болады. Олар формальды және формальды емес коммуникацияларды, бір-бірін толықтыратын және қайталайтын каналдарды біріктіреді.
Практикадакоммуникациялық желілердің 3 түрін бөлуге болады: ашық, тұйықталған және құрамалы (комбинированный). Ашық желілерде команданың немесе ақпараттың қозғалысы тоқталуы мүмкін, өйткені ол каналдың соңындағы басқару құрылымының элементіне келіп тіреледі. Ол сонымен бірге «делдалға» немесе «бақылаушыға» (коммуникация желісінің аралық буындары) келіп тоқтауы мүмкін, олар қандай да бір себептермен ақпараттың қозғалысына кедергі жасайды (тоқтатады, түзетеді, бұрмалайды, басқа жаққа бағыттайды). Тұйықталған желілерде тупик немесе бақылаушылар жоқ. Құрамалы желілерде алдыңғы екеуі де бар, бұл көбінесе ірі көп деңгейлі ұйымдарда болады.
3. Мақсаттың нақтылығы деген не?
4. Басқаруқұрылымының қандай түрлері бар?
Функционалдық басқару құрылымы
Дивизиональды басқару құрылым
Матрикалық басқару құрылым
5. Мәселені қамту кеңдігі бойынша шешімнің жіктелуі.
Қамту кеңдігіне байланысты жалпы және арнайы шешімдер болады. Жалпы шешімдер ұйымның әртүрлі бөлімшелеріне қатысты бірдей мәселелерді қамтиды, мысалы, жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақыты, түскі үзілістер, жалақыны төлеу мерзімдері және т.б. Арнайы шешімдер тек бір бөлімшеге немесе онда жұмыс істейтін адамдарға қатысты мәселелерге байланысты болады.
Вариант 13
Қаржы менеджментінің мақсаты және әдістері.
Әдістері:
Ақша салудың қандай да бір әдісінің тиімділігімен қауіптілігі.
Фирма жумысының тиімділігін.
Капитал айналысының жылдамдығын,оның өнімділігін.
Мақсаты:
Табысты ұлғайту
Жоспарлы кезеңде тұрақты табыс нормасына жету
Фирма салымшылары мен жетекші құрамының табысын ұлғайту
Басқарудың ұйымдастыру құрылымының типтері.
Басқару әдістерінің бағыттылығы барлық уақытта бір – олар еңбек қызметінің әр түрін орындайтын адамдарға бағытталған.
Басқарудың нақты бір әдісінде мазмұны да, бағыттылығы да және ұйымдастыру формасы да белгілі бір деңгейде өзара үйлесімде болады. Соған байланысты басқарудың келесідей әдістерін бөлуге боады:
ұйымдастыру-әкімшілік, тікелей директивалық нұсқауларға негізделген;
экономикалық, экономикалық стимулдармен негізделген;
әлеуметтік-психологиялық, қызметкерлердің әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатымен қолданылады.
3. Неліктен мақсатттар икемді болуы керек?
Мақсаттар өзгеріп тұратын ұйым қызметінің шарттарына сәйкес икемді, өзгертуге және түзетуге бейім болу керек. Кері жағдайда ұйым бұрынан «төселіп қалған жолмен» жылжиды да, ерте ме,кеш пе әйтеуір бір тұғырыққа тіреледі, ал одан шығу қиынға соғады.
4. Басқару коммуникациялары деген не және олар қандай болады?
Басқару процесінің негізін басқару құрылымының элементтері – бөлімшелер, қызметтер, жеке тұлғалар арасындағы өзара іс-әрекеттер құрайды, ол жеке контакт, құжаттарды айырбастау, байланыстың электронды құралдарының болуы процесінде түзілетін коммуникациялық каналдар көмегімен жүзеге асырылады. Мазмұны бойынша мұндай іс-әрекеттер ақпараттық, әкімшілік немесе техникалық болуы мүмкін.
Ақпараттық өзара іс-әрекеттер шеңберінде басқару қызметінің субъектілері шешім қабылдауға қажетті мәліметтерді айырбастайды. Бұл мәліметтер заңды түрде бекітілген ресми және ресми емес, ешқандай құқықтық статусы жоқ, бірақ ситуацияны шешуде көмектесетіндей болуы мүмкін.
Әкімшілік өзара іс-әрекет процесінде басқару құрылымының жоғары тұрған буыны төмендегілерге басқару өкілеттігін және жауапкершілікті, әртүрлі нұсқауларды, инструкцияларды, рекомендацияларды береді, олардан есеп алады және бақылау процесін жүзеге асырады.
Басқару субъектілері арасында өзара іс-әрекет жүргізілетін каналдардың жиынтығы коммуникациялық құрылымды құрайды, ол глобальды болуы мүмкін, яғни түгелімен ұйымды қамтиды және локальды болуы мүмкін, онда тек бір бөлігін, мысалы, бөлімшені ғана қамтиды.
Өзара іс-әрекет тек бір орталық буын арқылы жүргізілсе, онда коммуникациялық құрылым орталықтандырылған болып табылады, ал іс-әрекет жүргізілетін буын делдал ретінде ғана емес, сонымен бірге негізінен вертикальды байланыс формасында болатын коммуникация көзі және бақылаушысы ретінде болады.
Ұйым ішіндегі коммуникациялық каналдар формальды және формальды емес болуы мүмкін. Формальды каналдар қызметтер мен бөлімшелерді өзара байланыстырады, ал формальды еместер – жеке тұлғаларды. Формальды каналдар арқылы тек ресми ақпараттар беріледі, ал формальды емес каналдар арқылы жеке және ресми емес ақпараттар берілуі мүмкін.
