Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
@IRBIS_10_SILL_yurid_Oralbaev_zandik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217 Кб
Скачать
☆

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері[өңдеу]

Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.

Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.

Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білдіреді."

Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзған борышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.

Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған маидалар (жіберілген пайдалар).

Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.

Жіберіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.

Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.

Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.

Заңды тұлға — жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.

Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).

Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.

Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14—18 жас аралығындағыллр жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болыи табылады. Осыған орай бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.

Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болш егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т.б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу және бақыламау карастырылған.

Егер көмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.

Соныммен, азаматтық-құқықтық жауапкершілік — шартта немесе зыңда көрсетілген реттерде жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру үшін немесе мүліктік салмақ салу түрінде болып келетін жауапкершіліктің бір түрі. азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздеріне сол жауапкершілікті тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетіліген құқықтарды бұзу жатады.

Әдебиеттер: 1-21, 23-26, 28-30, 34-36, 38-56.

Тақырып 9. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі — әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік — құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38-43 бабарында қарастырылған:

1) қажетті қорғану;

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;

3) аса қажеттілік;

4) негізді тәуекел;

5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;

6) бұйрықты немесе өкімді орындау;

7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):

1) кінәлі адамның өкінуі;

2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;

5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):

1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;

4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

Әдебиеттер: 1-21, 24-26, 28-30, 34, 35, 38, 40-56.

Тақырып 10. Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы

Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.

Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен жауапкершілікті жазалаумен салыстыруға болмайды. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады.

Адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.

Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.

Біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек. Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады.

Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі.

Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.

Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет.Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.

Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.

Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс. Онсыз міндеттілек белгісі - бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып жатады.

Әдебиеттер: 1-23, 25-30, 33-56.

Тақырып 11. Заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар

Заңда көрсетілген ауырлататын және жеңіддететін мен-жайларды есепке алу соттың құқығы емес, міндеті.

Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлілі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.

Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:

а) балама санкция болса жазаның жеңілірек түрін қолдануға;

б) ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;

в) ҚА-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін кезделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;

г) шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.

Жеңілдедетін жене ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.

ҚК-тің 53-бабының 1 бөлігіне сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс саддарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе езге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) кажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бүйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды өшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсеңді жәрдемдесу.

Мыналар әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып танылады:

1) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамның өкінуі;

2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты егер адам өз іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) басқара алса, күш тағайындау немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау;

8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде аталмаған мән-жайларды да жеңілдететін мән-жайлар деп тануы мүмкін.

Әдебиеттер: 1-20, 22, 23, 25, 26, 28-30, 40-56.

Тақырып 12. Заңдық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар

Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтын (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айырыкша белсенді роль аткару;

д) айыпкер үшін психикасы бүзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстык, жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык себебі бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дөрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты кылмыс жасау;

з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе коғамдық, борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ак жәбірленушіні кинап кылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші кұрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы кауіпті әдіс колданып қылмыс жасау;

д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;

м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жагдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға кұқылы;

н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасауы;

о) қылмыскердің, қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып, кылмыс жасауы;

п) өкімет өкілінің нысанды киімін немссе құжатын пайдаланып кылмыс жасау.

Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;

4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.

Әдебиеттер: 1-20, 22, 23, 25, 26, 28-30, 40-56.

Тақырып 13. Заңдық жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлар

Қажеттi қорғану. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, заңда көзделген әрекеттi жасау құқық бұзушылық болып табылмайды. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады. Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана заңдық жауаптылыққа әкеп соғады. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам заңдық жауаптылықта болуға тиiс емес.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, заңда көзделген әрекеттi жасау құқық бұзушылық болып табылмайды. Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана заңдық жауаптылыққа әкеп соғады. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.

Аса қажеттiлiк. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, құқық бұзушылық болып табылмайды. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Негiздi тәуекел. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру құқық бұзушылық болып табылмайды. Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн болмағанда және тәуекел жасаған адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады. Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.

Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде заңмен көзделген әрекеттi жасау құқық бұзушылық болып табылмайды. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн құқықтық жауаптылық туралы мәселе заңның ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

Бұйрықты немесе өкiмдi орындау. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның заңда көзделген әрекеттi жасауы құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам құқықтық жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде заңдық жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау заңдық жауаптылықты болдырмайды

Әдебиеттер: 1-20, 22, 23, 25, 26, 28-30, 40-56.