- •5В030100 – «Заңтану»
- •5В030200 – «Халықаралық құқық»
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1. Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •3.6 Курстың саясаты мен процедурасы
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері[өңдеу]
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9.2 Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары:
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының шешуі
- •Студенттің білімін бағалау критерийлері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
- •З аңдық жауапкершіліктің теориялық-құқықтық негіздері
- •5В030100 – «Заңтану»
- •5В030200 – «Халықаралық құқық»
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
8. Лабораториялық сабақтар жоспары
Лабораториялық сабақтар қарастырылмаған
9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
1 тақырып бойынша: Семинар сұрақтары бойынша тиісті және қосымша әдебиеттер қолдану арқылы дайындалу. Мүмкіндігінше әртүрлі авторлардың еңбектерінен мәліметтер алған дұрыс. Семинарлық сабаққа дайындалуды ештеңе кедергі жасамайтын орында жүзеге асыру керек. Арнайы уақыт бөлу, тапсырмаларды тың күйінде орындау пәнді меңгеруге септігін тигізіп, еңбек өнімділігін арттырады. Сабақта жауап беру үшін жаттау, өзіндік сұрақтар қойып жауап беру немесе топ студенттерімен бірігіп, сұрақ-жауап, өзара кеңес алу, оқу-әдеби материалдар алмасу әдістерін қолдану керек.
2-тақырып бойынша: Семинар сұрақтары бойынша берілген материалдармен қоса нормативтік-құқықтық актілерге жалпы шолу жасау. Құқықбұзушылыққа байланысты жазылған кітаптарды оқу ұсынылады. Қылмыс және теріс қылық терминдерін ажырата білу керек. Бақылау жұмысы толық бір беттен кем болмауға және мәтіні жағынан басқа студенттерден көшіріліп алмаған болуы тиіс.
3-тақырып бойынша: Баяндамалар құқықбұзушылықтың түрлері бойынша жеке тақырыптар ретінде жазбаша жеті беттен кем емес баяндама ретінде жазбаша жазылып, ауызша аудитория алдына шығып оқылады. Баяндамаға қатысты қорғаушы студентке аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, жауап беру дәрежесіне сай баға қойылады.
4-тақырып бойынша: Семинар сабағына сәйкес материалдар бойынша дайындалу керек. Тақтаға шыққан құқық бұзушылықтың себептері мен олармен күресу жолдарына сәйкес схема сызып оны түсіндіріп береді. Әр студент құқықбұзушылықтың әртүрлі саралануына қатысты әртүрлі схема дайындап келуі тиіс. Терминдерді оқытушыға әрбір студент тапсыруға міндетті, олардың саны оннан кем болмауы керек. Бұл үшін қосымша баға қойылады.
5-тақырып бойынша: Семинар сұрақтарына дайындалу барысында әртүрлі көзқарастардағы әдебиеттерді пайдалана отырып, конспект жасау керек. Осы көзқарастардың әртүрлілігінің себептері мен дұрыс-қателігі сабақ үстінде талқыланып, қорытындыланады.
6-тақырып бойынша: Тақырыпты зерттей отырып заңдық жауапкершілікке қатысты әртүрлі әдебиеттерді оқыған дұрыс. Сонымен қатар, еңбектік-құқықтық және тәртіптік жауапкершіліктердің жалпы сипатын қарастыру керек. Жаңа терминдердің саны бестен кем болмауы шарт.
7-тақырып бойынша: Семинар сұрақтары бойынша ауызша жауап беру тақырыпқа сәйкес алғашқы сабақтарда жүзеге асырылады, ал бақылау жұмысы осы тақырыпқа арналған соңғы сағатта өткізіледі. Студенттер алдын ала мұқият дайындалуы керек. Әр студентке үш сұрақтан тұратын билет түрінде бақылау сұрақтары беріледі. Әр сұраққа кең көлемді әрі сұрақ шегінде жазбаша жауап екі параққа жазылып, оқытушыға тапсырылады.
8-тақырып бойынша: Тақырыпты зерттей отырып азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қатысты әртүрлі әдебиеттерді оқыған дұрыс. Азаматтық құқықтағы кінәлілік презумпциясына назар аударыңыз. Бұл үшін қосымша әдебиеттер мен интернет әлемдік торын қолданыңыз.
9-тақырып бойынша: Әртүрлі қайнар көздерден пайдаланып, сабаққа дайындалу. Конспекті көлемі бір беттен кем болмауы керек. Әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік-құқықтық жауапкершілік түрлерін қарастыру керек.
10-тақырып бойынша: Заңдық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы жолдарының теориялық және заңнамалық негіздерін қарастыру қажет. Олардың арасындағы тәжірибедегі айырмашылықтар мен заңдағы ақтаңдақтарды еңсеруге қатысты ұсыныстар жасалуы тиіс.
11-тақырып бойынша: Заңдық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың әртүрлі құқықтық салалар бойынша түрлері мен түсініктері және олардың заңдық, теориялық негіздері ашылуы тиіс.
12-тақырып бойынша: Заңдық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың әртүрлі құқықтық салалар бойынша түрлері мен түсініктері және олардың заңдық, теориялық негіздері ашылуы тиіс.
13-тақырып бойынша: Заңдық жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлардың әртүрлі құқықтық салалар бойынша түрлері мен түсініктері және олардың заңдық, теориялық негіздері ашылуы тиіс.
