- •Мазмұны
- •Практикалардың міндеті мен мақсаты:
- •Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті
- •Педагогикалық практиканың мазмұны
- •Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және жүргізу
- •Студенттердің педагогикалық практика барысында атқаратын жұмыстары
- •Педагогикалық практика туралы тапсырылатын құжаттар
- •Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі
- •Бітіруші түлектердің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар:
- •Сабақ жоспарының үлгісі
- •Сырттай оқу бөлімі студенттерін педагогикалық практикадан босату үшін керекті құжаттар
- •Сабақ талдаудың жоспары
- •Сабақты талдаудың кестесі
- •Сабақ талдаудың үлгі кестесі
- •Сабақты талдау жолдары
- •Сабақты талдау үлгісінің келесі түрі
- •1.Студенттердің өндірісітік практика өтетін жұмыс бағдарламасы
- •3.Өндірістік практика бойынша есебінің көлемі және мазмұны
- •4.Студент- практиканттың күнделігі
- •5.Толтыру тәртібі,есепті рәсімдеу және қорғау
Сабақты талдау үлгісінің келесі түрі
Мұғалімнің сабағын талдау жолын төмендегі схемамен жүргізуге болады. Бірақ бұл жұмыс әріптестердің сабаққа қатысу барысында нақты жауап ретінде белгілеп қана өз ойын көрсетудің қысқа жолы.
Сыныбы-.Күні 10.09.14 пән аты- «Қазақ тілі».Мұғалімі-Ақанова Б.Оқушы саны-22
Сабақтың тақырыбы- «Сөйлеу және оның түрлері».Сабақтың түрі-жарыс сабақ.Сабақтың көрнекілігі-схемалы таблица,топтамалар.Қатысу мақсаты –тәжірибе алмасу.
АТА-АНАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.Баланың басты ұстазы –ата-ана
2.Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.
3.Баланың тәрбие алатын алғашқы баспалдағы –отбасы,сонан кейін-мектеп.
Ата-ана:
1.Сыртқы келбеті,киім киісі,жүріс-тұрысы сөйлеу мәнерімен балаға үлгі –өнеге көрсетуі керек.
2. «Әкеден-ақыл,анадан-мейірім »деген мақалды ата-ана үнемі есте ұстауы керек.
3.Баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігі құрметтеуі сауатты сөйлеуі отбасындағы адамдардың тигізетін ықпалына байланысты (әкесі,анасы,ағасы,әпкесі,сіңлісі,. т.с.с)
4.Оқыту мен тәрбие мәселелерінде мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық пен бірлік ажырамастай болуы тиіс:
А)мұғалімнің қойған талап-тілегін бірлесе отырып іске асырғаны;
Ә)баланың білім алуын үзбей қадағалағаны;
Б)баланың сабақтан тыс уақыттан келіп тұруы шарт
В)мектепке жүйелі түрде келіп тұруы шарт
5.Халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін тарихын өте жақсы білуі тиіс.
Мұғалімдерге қойылатын талаптар:
Мұғалім:
1.Ана тілін сүйетін, қазақ тілін шебер меңгерген, құрметтейтін ауызша және жазбаша сауаттылығы жоғары;
2.Терең білімді,мәдениеті өте жоғары жан дүниесі мен талғамы бай;
3.Ұрпақтың бүгінгі мен ертеңіне жан ашырлықпен қарайтын мейірімді;
4.Сырт келбеті,киім киісі,сөйлеу мәнері,жүріс-тұрысы оқушыларға үлгі-өнеге болатын;
5.Педагогикалық және шығармашылық шеберлігін шындайтын:
6.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздерін меңгерген;
7.Ата-бабамыздан мұра болып қалаған асыл қазынамыз салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды,тарихымызды жете білетін;
8.Жаңалыққа жаны құмар,бала игілігіне арналған бастамалардың ұйытқысы
9.Өзінің білімін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жұмсайтын,өз мамандығын сыйлайтын және сүйетін болуы шарт.
Қосымшалар:
1.Студенттердің өндірісітік практика өтетін жұмыс бағдарламасы
1.1.Өндірістік практикада студенттердің кәсіби мамандықтарына қажетті жеке мамандық ретінде жұмыс істеуге талпыныс алатын,өздерінің жоғары оқу орнында алған біліміне қорытынды жасайды және алған білімінің сапасын,дәрежесін көрсетеді.Өндірістік практикадан кейін студенттің өз бетінше жасалған есебін тапсыруының алғашқы этапы болғанына байланысты,бұл студенттің шығармашылық жағынан ашылуына ықпал етеді.
1.2.Практиканың басында студенттер өз таңдауы немесе практикаға жауапты кафедра өкілдерінің кеңесі бойынша тәжірибе өтетін орнын бекіту.
1.3.Практиканың басталуына дейін мекемелердің хаттарының негізінде студенттерді бөлу рәсімі өткізіледі,ол университеттің ректорының бұйрығымен бекітіледі.Кафедра ұйымдастыру шара өткізіледі қажетті құжаь беріледі;практика бағдарламасы,практика күнделігі.
1.4.Студенттің тәмамдау жұмысы оқу бағдарламасынан тыс және кафедраға қатыссыз жерде өтуі мүмкін.Сонымен қатар,1 кестеде көрсетілген іс-шаралар бар.
1-кесте. Студенттердің жұмыс бағдарламасы
Апта |
Іс-шара |
Студенттің ұсынатын материалы |
1 |
Ұйымдастыру жиналысы. Практика жұмыс жоспары |
Барлықтарының қолдары бар практика күнделігі |
1-2 |
Бөлімнің жұмысымен танысу, практика тапсырмасын нақтылау |
Кафедраның берген жеке жұмысы бойынша |
3-4 |
Мекемедегі жұмыс орнын. Жеке берілген жұмысты атқару. |
Орындаған жұмыстарының белгілеу және практика жетекшілерінің қол қоюымен |
5 |
Студенттің практика жоспарын орындаудағы бағдарламадан қалып қоюы бойынша аралық аттестация. |
Практика бойынша есепті дайындау,жетекшінің есеп тапсыруға шақыруы |
6 |
Кафедра комиссиясының алдында практика есебін қорғау. |
Студенттің басқа да нәтижелері бойынша баяндама |
