Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі уақыттағы құрылыста қолданылатын топырақты өңдеудің қанша тәсілі бар және оларды атап шығыңыз?
2. Механикалық тәсілді талдап шығыңыз.
3. Гидромеханикалық әдіс қайда қолданылады?
4. Жарылыс тәсілдің мәні неде?
5. Құрамалы тәсіл қалай орындалады?
6. Ойма қазудың технологиялық процесі қандай жұмыстардан тұрады?
8-ші Дәріс. Қысқы және ыстық климат жағдайларында топырақты өңдеу процестерінің ерекшеліктері
Қысқы жағдайда жер жүмыстарының құны және еңбек сыйымдылығы едәуір көбейеді, себебі: әр тұрлі топырақтың механикалық беріктігі молаяды; жер ғимаратының беріктігін және сенімділігін қамтамасыз етумен байланысты қосымша жұмыстар орындалады; машина жұмыстарының технологиялық жағдайлары күрделі болады; олардың техникалық пайдалану еңбек сыйымдылығы артады; машина және жұмыс уақытының қоры кемиді.
Топырақтарға қойылатын талаптар. Үйінділердің барлық түрлеріне теріс температурада қасиеттері аз өзгеретін топырақтарды пайдаланған жөн: тасты, қопсытылған, ірі сынықты, малта-жұмыр тасты, құмды.
Балшықты, саздақ, құмайт топырақтарды шек қоюмен қолданады: дымқылдығы илеу шегінен жоғары еместе, жолдар үшін – жібіген топырақтан 1 м қабатпен үйіндінің үстіңгі бөлігін салған жағдайда үйлесімді дымқылдығы 1,1 жоғары болмағанда.
Майлы балшықты, талькалы және трепельді топырақтарды илену шегінен жоғары дымқылдықпен қолдануға рұқсат етілмейді.
Топырақты мұздаған кесектер өлшемі 0,2 м немесе тығыздалатын қабаттың 2/3 қалыңдығы шамасынан артық болмау керек: жабулары төсеу ізінше жасалған қысымсыз бөгет және үйінділердің қорғаныш бермасы үшін – 20 % темір жол үйінділері, автомобильдер жүретін жолдар және тротуарлар үшін – 30 %; жабулары үйінділері ерігеннен кейін жасалатын автомобиль жолдары үшін – 50 %; алаңшаларды тегістегендегі үйінділер үшін – 60 %.
Дайындық жұмыстары қысқы уақытта негізгі жұмыстардың еңбек сыйымдылығын және өзіндік құнын төмендетуге арналады. Оларға жер тасу жолдарын жасау үшін топырақты өңдеуге дайындау және төмен температурада техниканы сақтау жұмыстары жатады. Топырақты қатып қалудан қорғау және оның беріктігін азайту үшін келесі тәсілдер қолданылады:
1. Топырақтың дымқылдығын кеміту үшін суды бұрып немесе төмендету арқылы құрғату тәсілі. Бұл тәсіл жер қатуға дейін 1,5-2 ай бұрын орындалады. Құрғақ топырақтарда құрылыс мерзімі 7-10 күнге азаяды.
2. Жібіген топырақты кейіннен тырмалап қопсыту, жырту және қыс басында қар тоқтау тәсілі. Бұл тәсілді қату тереңдігі 1-1,2 м аспайтын учаскелерде орындау тиімді. Тереңдігі 1,5 м қопсыту әдеттегі жағдайларға қарағанда топырақтың қату терендігін 40-60 %-ке кемітеді.
3. Жібіген топырақты полиэтиленді қабыршақпен немесе пенопластпен жабу тәсілі. Топырақтың еруі тезірек жүру үшін әдетте қабыршақты қыстың аяғында жабады. Пенопласт топырақты жібіген қүйінде ұзақ сақтау үшін арналады. Онымен күзде қазаншұнқырмен ұзын орлардың өндейтін жерлерінің беттерін жабады.
4. Химия реагенттерін енгізу тәсілі қату терендігі 1м дейін шамалы оймаларды өңдеу үшін қолданады. Ең кең тарағандары коррозиялық қасиеттерін азайту үшін химиялық қосымшалары бар хлорлы натрий және хлорлы кальций. Реактивтер теріс температурада басталу алдынан 5-15 тәулік бұрын енгізіледі. Реактивтермен өнделген топырақ үйіндіге салынбайды.
5. Қатқан топырақты жібіту тәсілі әдетте аз көлемді жұмыстарда және олардың терендігі біршама аз болғанда ғана қолданылады.
Топырақты жібітудің ең көп тараған тәсілі отпен қыздыру. Отын ретінде ағаш, көмір, кокс, мазут пайдаланылады. Топырақты ерітудің осы тәсілінің қазіргі өкілі жылылықты өткізбейтін ток өткізетін материалмен себілген көлденең тәртіппен орналастырылған электродтар арқылы электр қыздыруы болады. Үш фазалы айнымалы ток тұздың сұйық ерітіндісі сіңірілген үгінді қабатымен өтіп жылу шығарады, ол арқылы жылылық өткізбейтін қабатта қызады, сондықтан оның астында қатқан топырақтың қабаты ериді. Бұл тәсіл отпен қыздырумен салыстырғанда едәуір үнемді және еңбек сыйымдылығы азырақ, бірақ электр қоректенуінің жеке қайнарының ұзақ жұмыс істеуін немесе қосалқы трансформаторлы станциясын және электрлік беріліс желісін қажет етеді.
Соңғы кездерде электрохимиялық тәсіл кеңінен қолданылып жүр. Оның мәні мынада: алдымен жібітетін топырақтың бетіне өзара перпендикуляр бағыттармен тайыз бороздалар тілінеді. Топыраққа бороздалардың қиылысқан жерлеріне болат электродтарын батырады, ал бороздалардың өздері тұз ерітіндісімен толтырылады. Осының нәтижесінде екі қарсы тасқынымен топырақ ериді: жібіген топырақтың жылуы арқылы төменнен жоғары қарай және электр тогы тұз ерітіндісінің қабатымен өтіп жылу шығу арқылы үстінен астына қарай. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі скважина бұрғылау операциясының көп еңбек сіңіруді керек қылады.
Негізгі жұмыстарды қысқы мезгілде төмен температура және күртік қар ең аз дәрежеде қымбаттау және еңбек сыйымдылығын арттыруға келтіретін объектілер мен учаскелерде орындау керек. Оларға жататындар:
терендігі 3м артық оймаларда және карьерлерде ірі шоғырланған топырақ сілемдерің өндеу;
теріс температурада механикалық беріктігі көп өспейітін тасты және құрғақ құмды топырақтарды өндеу;
жұмысты өте дымқылданған учаскелерде атқару, жазғы уақытта жүріп-түруға мүмкіндік болмайтын ылғалды негізде ұзын ор және басқа жер ғимараттарын жасау.
Ыстық климат жағдайларда топырақты өндеу процестерінің негізгі ерекшеліктері: топырақтың өте құрғауын немесе өте дымқылдануын ескеру және қорғау, майда құмды және отыратын сары топырақты (лесс) бекіту, жаңбыр суын есепке алу және өткізу.
Жер жұмыстарын өңдеу жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес жүзеге асырылады, оны жасауға бастапқы негізгі мәліметтер мыналар болады: инженерлік-геологиялық іздеулер материалдары және құрылыс аймағының гидрогеологиялық және гидрометеорологиялық сипаттамалары.
Топырақты өте құрғатып және дымқылдатып алу жұмыс өндірісіне теріс әсерін тигізеді. Аз дымқылдықта байланысты топырақтар үлкен беріктікке ие болады, оның нәтижесінде оларды алдын ала копсыту қажет болады, шаң пайда болуы көбейеді, тығыздылығы төмендетіледі.
Байланыссыз құрғақ топырақ өңдегенде олардың «аққыштығы» салдарынан шөміштің аз толуынан және тасымалдағанда (бульдозермен немесе скрепермен) жоғалтудан жер қазатын машиналардың өнімділігі төмендейді. Байланысты топырақтардың өте сулануы оларға аққыштық-созымды қасиеттер береді, олар көтергіш қабілеттілігін жоғалтады, көлемдері ұлғаяды және жабысқақ болады.
Өте құрғатылып кетуден сақтау үшін үстіне аз ғана қорғаныш топырақ қабатын сеуіп, су, ауа өткізбейтін пленкалы жабын қолдану тиімді.
Топырақты өте суланып кетуден сақтау үшін дер кезінде субұрғыш орлар жасайды, үстіңгі суағарлар ұйымдастырылады, жаңбыр және тасқын суларды инфильтрациядан сақтау ұшін пленкалы жабындар жасалады.
Ыстық климатты аймақтарда сары топырақ (тез ергіш тұздары бар) және еспе құмдар кең тараған. Сары топырақтарда майда фракциялар 95%-ға жетеді. Топырақ ішіндегі тез ергіш тұздардың жоғары ергіштігі, жылжымалылығы және физика-химиялық белсенділігі олардың әр түрлі инженерлік жер ғимараттарындағы физика-механикалық қасиеттеріне және тұрақтылығына едәуір әсер етеді.
Сары топырақ, құмдақ, еспе, майда және уақ құмдарды, тұздалған топырақтарды пайдаланып және ғимараттарын немесе іргетас негіздерін жасағанда топырақты ішкі (терең) бекіту (битумдау, цементтеу, силикаттау, шайырлау және т.б.) және көтергіш қабілеттілігін көтеру, деформатимвтілігін және сүзгіш қабілеттілігін төмендету, жер астындағы агрессивті судан қорғау мақсатымен сыртқы бекітуді жиі қолдануға тура келеді.
Негізгі әдебиет: 1 [94-97; 97-98]
