- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •№1 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7 Мысал.
- •8 Мысал.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Жиындарға қолданылатын амалдар.
- •1 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •№3 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Бос құжатты даярлау
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Тақырыбы: ms excel кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Диаграмма тұрғызу.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •1 Тапсырма. Access мқбж-інде жаңа мәліметтер қорын құру.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •3. Кестеде іздеу жасау.
- •7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:
- •8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:
- •9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Мысал 3. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Тапсырма_4.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Әдебиеттер
- •№1 Практикалық сабақ. Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру. Екілік арифметика...................................................................4
Тақырыбы: ms excel кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Диаграмма тұрғызу.
Cабақтың мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену, есептеу формуласында салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді қолдану.
Жоспары:
Microsoft Excel қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері.
Ұяшыққа енгізілетін мәліметтер және оны өзгерту.
Авто толтыру.
Ұяшық адрестері.
Формуланы енгізу.
Конкатенация операторы.
Пайыз есептеу формуласы-.
Ұяшықтарға адрестерді қолдану.
Электрондық кестеде моделдеу.
Диаграмма тұрғызу.
Блиц –тест
1. Ұяшықтың ішіндегі мәнді жою үшін алдын ала ерекшелеп алып,содан соң басу керек
Delete
End
Enter
Home
Esc
2. Жұмыс кітабы дегеніміз?
MS Exсel электрондық кестесінде құрылған файл
MS Access деректер қорында құрылған файл
MS Word мәтіндік редакторында құрылған файл
Интернетте құрылған файл
Paint графиктік редакторында құрылған файл
3. Ұяшықтардың аты дегеніміз не?
бағандар мен жол тауларының бірігуінен тұратын адрес.
Бағандар атауларының бірігуінен тұратын адрес.
Жол атауларының бірігуінен тұратын адрес.
бағандар мен жол атауларының адресі
электрондық кестенің жұмыс парағы
4. Төмендегі адрестеудің қайсысы абсолютті екенін көрсетіңіз?
C4:F15, A1:Н12
A$25,$D12
$D$16, $F$45
С5, F6:D$7
D5$, $D12
5. Электрондық кестелер не үшін қажет?
Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуде, т.б.
Диаграмма тұрғызуға
Мәліметтерді дайын кестеге толтыруға
Кесте пайдалануда уақытты үнемдеуге
График салуға
6. Ағымдағы ұяшық қалай ажыратылады?
Қалың тіктөртбұрышпен қоршалған ұяшық
Пунктирмен қоршалған ұяшық
Жанып-сөніп тұрған ұяшық
Басқа түспен боялған ұяшық
Қарайтылған ұяшық
7.Ұяшыққа енгізілген берілгендер қандай типті болуы мүмкін?
Мәтіндік, сандық, формула
Проценттік, ақшалай
Тек қана мәтіндік
Кестелік
Мезгілдік, уақыттық
Бақылау сұрақтары
Электрондық кестелер не үшін қажет, олардың қандай мүмкіндіктерін білесіз?
Excel терезе элементтерін атаңыз?
Баған және жол атаулары дегеніміз не?
Жұмыс парағы және жұмыс кітабы дегеніміз не?
Ағымдық ұяшық дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Ұяшықтар блоктарымен жұмыс жасау.
Формуланы енгізу қалай орындалады?
Сызбалар, есептер, ситуациялар
MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап (Книга1) деген атпен жаңа кітап ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе (Ctrl+N) қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады.
Microsoft Excel қолданушы интерфейсінің негізгі элементі дәстүрлі меню және құрал-саймандар панелінің орнына әр қосымша терезесінің жоғарғы бөлігінде тұратын лентаны көрсетеді. Онда үнемі қосымшалар көрініп тұрады: Негізгі, Қою, Бетті белгілеу, Формулалар, Мәліметтер, Рецензиялау, Түр, Өңдеуші.
Лентаның көмегімен қажетті командаларды тез тауып алуға болады (басқару элементтері: батырмалар, ашылатын тізімдер, санауыштар, жалаушалар және т.б).
Ерекшеленіп алынған ұяшықтағы мәліметті өңдеу және көру үшін формула жолының биіктігін үлкейтуге болады. Ол үшін Формула жолын ашу батырмасын немесе Ctrl+Shift+U батырмаларын таңдаңыз.
Формулалар жолынан кейін кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
Төменгі қатар – Қалып-күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.
Microsoft Excel кітабы жеке беттерден тұрады. Жаңа құрылған кітап 3 беттен тұрады. Кітапқа беттер қосуға болады. Беттердің максималды саны шектеусіз. Беттерді өшіруге болады. Кітаптағы минималды беттер саны- біреу. Беттерді көшіруге және орындарын ауыстыруға болады. Әрбір беттің атын өзгертуге болады. Кітаптағы беттер аты қайталанбайды.
Беттерде кестелер, диаграммалар, суреттер және т.б. болуы мүмкін. Бір бетте 16834 баған, 1048576 жол болады. Бағандар ағылшын алфавитінің әріптерімен белгіленеді. Ал, жолдар араб цифрларымен аталады. Бірінші бағанның атауы А, соңғысы- XFD.
Әрбір ұяшықтың баған атауынан және жол атауынан тұратын мекен-жайы болады. Мысалы, беттің ең жоғарғы сол жақ ұяшықтың адресі А1, ал ең оң жақ төменгі- XFD1048576.
Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде ‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшықа сыймай қалса, оның оң жағандағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа босқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет.
Форматтарды Главная → Число командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын таңдау арқылы көріп, өзгертуге болады.
Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, =2*3 немесе +2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =C1+F5 немесе +С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесін формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.
Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әр түрлі амалдарды орындау, шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.
Автотолтыруды күнтүзбелі мәліметтер тізімінің, уақытының, санының, сандар және мәтін қисынын ұяшықтың бір жолының немесе бір бағанның көршілес ұяшықтарына енгізу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, автотолтырудың өз тізімін жасауға болады.
1. Бірінші толтырылатын ұяшыққа тізімнің бастапқы мәнін енгізіңіз.
2. Ұяшықты ерекшелеңіз.
3. Автотолтыру маркеріне тышқан сілтегішін алып барыңыз (ерекшеленіп алынған ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкентай қара төртбұрыш). Тышқан сілтегішін маркерге алып барғанда қара түсті крестке айналады.
4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, автотолтыру маркерін мәнді өзгерту жағына алып барыңыз. Оңға немесе төменге орын ауыстыру кезінде мәндер үлкейеді.
Ұяшық ішіндегі мәліметті өзгерту үшін ұяшықты тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет немесе ұяшықты ерекшелеп F2 пернесін басу керек. Одан кейін қажетті редактрлеу және мәліметті енгізуді растау жасау керек.
Арифметикалық операторлар қосу, көбейту, алу сияқты арифметикалық операцияларды орындау үшін қолданылады.
Келесі арифметикалық операторлар қолданылады.
Оператор |
Мән |
Мысал |
= |
Тең |
(А1=В1) |
> |
Үлкен |
(А1>В1) |
< |
Аз |
(А1<В1) |
>= |
Үлкен немесе тең |
(А1>=В1) |
<= |
Аз немесе тең |
(А1<=В1) |
<> |
Тең емес |
(А1<>В1) |
(&) амперсант мәтіндік операторы бірнеше мәтіндік мәндерді біріктіру үшін қолданылады. Мысалы, “Тегі” & “Аты” & “Әкесінің аты”
Сілтеме операторлары
Ұяшық ауқымында сілтемелерді сипаттау үшін сілтеме операторлары қолданылады.
(:)- ауқымның соңғы және бірінші сілтемелерінің арасына қойылады. Мысалы, В5:В15
(;)- біріктіру операторы. Мысалы, В5:В15; D5:D15
Бос орын- екі ауқымның бір ұяшықтарына сілтеме жасау үшін қолданылады. Мысалы, В7:D7 C6:С8.
Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзгермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп, пернесін басу тәсілі де қолданылады.
Аралас адресті деп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолют адрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2). Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.
Тапсырма 1. Авто толтыру.
“Мои документы” бумасында жаңа бума “Информатика” деген атпен құр.
“Информатика” бумасының ішінен жаңа “Формула_excel.xls ” файлын құрыңыз.
Жұмыс кітабының 1-ші бетін “Авто толтыру”деп өзгертіңіз;
Ұяшыққа (А1) жыл мезгілін және айды енгізіңіз (январь-2000). Автотолтыру режимін пайдаланып жыл айларын кестеде өрнекте.
Қаріптің көлемі 16, жартылай қарайтылған.
А1ұяшығына январь сөзін теріңіз, тышқан курсорын осы ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне орналастырыңыз да, пайда болған қосу таңбасын тышқан көмегімен барлық ай аттары жазылғанға дейін оңға қарай жылжытыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.
Осы файлдың 2-ші бетін ашыңыз.
С1 ұяшығына ағымдағы күн, ай, жылмерзімін жазыңыз.
С2 ұяшығына 1 қаңтар 2000 ж. шамасын 1-янв-2000 форматында жазылатындай етіп енгізіңіз.
С3 ұяшығына =С1-С2 формуласын жазыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.
Тапсырма 2. Пайыз есептеу формуласы.
1. Жұмыс кітабының 2-ші бетін “Пайыз”деп өзгертіңіз;
2.Төменде берілген кестені толтырыңыз.
3. Салық көлемін пайызбен есептеңіз. С3 ұяшығына =В3*12/100 формуласын немесе (=В3*12%) енгізіңіз.
Курсорды С3 ұяшығына қойып, С4,С5,С6 ұяшықтарына авто толтыру арқылы формуланы енгізіңіз.
4.
В7, С7 ұяшықтарында Өнім құны, Салық
бағандарын Автосумма
батырмасының
көмегімен есептеңіз.
|
А |
B |
C |
1 |
Cалық пайызын есептеу |
||
2 |
Аты-жөні |
Өнім құны |
Салық |
3 |
Алиев А.А. |
5689 |
683 |
4 |
Сарсенов Б.Б. |
3780 |
|
5 |
Сыздықов Б.М. |
4560 |
|
6 |
Мақсатов Г.Л. |
6540 |
|
7 |
Барлығы |
|
|
Ұяшықтардың қосындысын есептеу үшін:
Қосындысыншығаруқажетұяшықтардыңбарлығынбөлектепалыңыз.
2.Главная → батырмасын басыңыз.
3. Нәтижесі осы жолдағы немесе бағанадағы ең жақын тұрған бос ұяшықта орналасады.
Басқа амалдарды таңдау үшін:
Амал жүргізілетін ұяшықтардың барлығын ерекшелеп алыңыз.
Стандартты құралдар үстеліндегі батырмасының тұсындағы тілше таңбашасын шертіңіз.
Қажет амалды таңдаңыз.
Нәтижесін түсіндіріңіз.
Тапсырма 3. Формуланы енгізу.
Жұмыс кітабының 3-ші бетін “Формула1”деп өзгертіңіз;
А5 және С5 ұяшықтарына кез келген сан енгізіңіз.
Формуланы кірістіру қажет ететін ұяшықты белсенді етіңіз.
“=” белгісін қойып, формуланы енгізіңіз (мысалы: =А5*С5). Енгізу барысында формула екі орында: ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады.
Деректерді енгізгеннен кейін <Enter> пернесін немесе өрнектер жолағындағы Енгізу
пернесін
басыңыз.
4. Келесі кестені енгізіңіз және формулалар көмегімен толтырыңыз:
Кірістік салық мына түрде есептеледі, егер жалақы [1000-100000]-ға дейін 1%,
(100000-150000]-ға дейін 3%, ал (150000-200000]-ға дейін -5%.
№ |
Аты-жөні |
Жалақы |
Зейнетақы қоры,10 % |
Кәсіподақ қоры, 1% |
Табыс салығы |
Қолға алатын сома |
1 |
Арман А.С. |
200000 |
|
|
|
|
2 |
Байсак Т.К. |
160000 |
|
|
|
|
3 |
Шайхин Ф.Р. |
14300 |
|
|
|
|
4 |
Бақыт Қ.Б. |
125000 |
|
|
|
|
5 |
Дәулет С.Т. |
87000 |
|
|
|
|
6 |
Қундық С.Р. |
63000 |
|
|
|
|
|
Қорытынды |
|
|
|
|
|
Тапсырма 4. Мәтінмен және датамен орындалатын операциялар. Мәтінді біріктіру.
MS Excel-де тек арифметикалық формулалар ғана өңделмейді, сонымен қатар мәтінмен де әр түрлі операциялар орындап, жұмыс кітабындағы диапазондар мен ұяшықтарды салыстыруға болады. Сол операцияларды қарастырайық.
Конкатенация дегеніміз – мәтінді, санды және датаны бір ұяшыққа жинау. Конкатенацияның операторы & белгісімен жазылады.
MS Excel жұмыс бетіндегі әр түрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді бір ұяшыққа орналастыру керек.
Жұмыс кітабының 4-ші бетін “Мәтін” деп өзгертіңіз, А1:D1 ұяшықтарына төменде суретте көрсетілгендей берілгендерді енгізіңіз. Есептің шешімі суретте көрсетілген.
Мұнда A5 және А7 ұяшықтарына сәйкесінше формулалар енгізілген:
=A1&" "&ТЕКСТ(B1;"ДДММГГГГ")&" "&ТЕКСТ(C1;"####р.")&" "&D1
немесе =A1&" "&ТЕКСТ(B1;"ДДМММГГГГ")&" "&C1&" "&D1
Мұндағы ТЕКСТ( ) функциясы дата мен ақша форматтарын жаңа форматқа көшіруге мүмкіндік береді және оларды мәтінге айналдырады.
Тапсырма 5. Массивтерді қосу, азайту және мүшелеп көбейту.
1. Жұмыс кітабының 5-ші бетін "Массив" деп өзгертіңіз;
2. Келесі кестені құрыңыз:
3 Тапсырманы орындау үшін:
Қосынды матрица орналасатын диапазонды, мысалы, B6:D8 белгілейсіз;
“ = “ пернесін басасыз;
А матрицасы орналасқан В2:D4 диапазонды белгілейсіз;
“+ “ пернесін басасыз;
В матрицасы орналасқан G2:I4 диапазонды белгілейсіз;
CTRL+SHIFT+ENTERпернелер комбинациясын басасыз.
Нәтижесінде формулалар жолында келесі: = {B2:D4+G2:I4} формуласы шығу керек;
4. Қалған тапсырмаларды жоғарыда көрсетілгендей ретпен орындап көріңіз.
Тапсырма 6. Ұяшықтарға адрестерді қолдану.
1. Кестені Excel-де толтырыңыз;
2. Берілген формуланы ұяшыққа енгізіп нәтижесін алыңыз;
3. Жұмыс кітабының 6-ші бетін (Лист6) формула2 атына өзгертіңіз.
A |
B |
C |
D |
E |
F |
G |
|
|
Товар атты |
Бағасы долл |
Сатылғаны бірлік |
Түскен пайда, долл |
Түскен пайда, тенге. |
Доллор курсы |
|
|
Телевизор |
300 |
10 |
=С2*D2 |
=$E2/$G$2 |
27.1 |
|
|
Видеомагнитофон |
320 |
5 |
=С3*D3 |
|
|
|
|
Музыкалық центр |
550 |
6 |
=С4*D4 |
|
|
|
|
Видеокамера |
700 |
2 |
=С5*D5 |
|
|
|
|
Видеоплеер |
198 |
7 |
=С6*D6 |
|
|
|
|
Аудиоплеер |
40 |
4 |
=С7*D7 |
|
|
|
|
Барлық түскен пайда сомасы |
|
|
=СУММА(Е3:Е8) |
=CYMM(F3:F7) |
|
Тапсырма 7. Электрондық кестеде моделдеу.
1. Жұмыс кітабының 7-ші бетін “Моделдеу”деп өзгертіңіз;
2. Бөлме және түсқағаз атты модель құрыңыз.
Дүкенде түсқағаздар сатылады. Рулонның аты, ұзындығы және ені белгілі. Кез-келген бөлмеге түсқағаз жапсыруға қажет рулондар санын автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін зерттеу жүргізу керек.
1. Моделдің ақпараттық сипаты.
Сұрақты нақтылау |
Жауап |
Моделденетін не? |
Жүйе, екі объектіден құрылған: бөлме және түсқағаз |
Бөлме формасы? |
Тік төрт бұрышты |
Бөлметуралы не белгілі? |
Бөлме өлшемдері оның биіктігімен (h), ұзындығымен (а) және енімен (b) беріледі. |
Түсқағаз жапсырылмайтын төбесі қалай есептеледі? |
Қабырға көлемінің 15%-ін терезелер мен есіктер құрайтынын және терезелер мен есіктертіңөлшемі мен санын білу керек. |
Түсқағаз туралы не білесіз? |
Рулонның ұзындығы мен ені белгілі. |
Рулонның қанша бөлігі қиындылармен кетеді? |
Рулон көлемінің 10%-і. |
Рулонды артығымен алған дұрыс па? |
Иә, мүмкіндігінше 1 рулон. |
Рулонның қандайда бір бөлігін алуға бола ма? |
Жоқ, Рулон саны бүтін болуык ерек. |
Нені анықтау керек? |
Қанша рулон қажеттігін. |
Формалданған модель
Объект |
Параметрлері |
|
Аты |
мәні |
|
Түсқағаз |
Үлгі аттары Рулон ұзындығы(l) Рулон ені(d) Қиындылар (Қиын) Рулон көлемі(Sк) |
Алғашқы мәліметтер Алғашқы мәліметтер Алғашқы мәліметтер 10% қарастырылған Толық есебі |
Бөлме |
Биіктігі (h) Ұзындығы (a) Ені (b) Төбесі, жапсырылмайтын бөліі (ЖБ) Қабырға көлемі (Sбөл) |
Алғашқы мәліметтер Алғашқы мәліметтер Алғашқы мәліметтер 15% қарастырылған Толықесебі |
Жүйе |
Рулон саны (N) |
Нәтижесі |
Кестелік ақпараттық модельді математикалық модельмен толықтырамыз.
1.Қиындыларды алыптастағанда бөлменің жапсыруға кететін рулон көлемін есептеу формуласы:Sк=(1- Қиынды)*l*d
2. Тіктөртбұрышты бөлмеде ah көлемде екі қабырға, және bh көлемде екі қабырға. Есептеу кезінде жапсырылмайтын терезе, есік көлемін ескере отырып келесі формуланы қолданамыз: Sбөл=2*(a+b)*h*(1-ЖБ)
3. Бөлмеге жапсыруға қажетті рулан саны келесі формуламен есептеледі:N=Sбөл/Sк+1
3. Компьютерлік модель
Электрондық кестеде ақпараттық және математикалық модель кестеде үш аймақта қамтылып біріктіріледі:
Алғашқы мәліметтер;
аралық есептеулер;
нәтижелер.
Үлгі бойынша есептеу кестесін толтырыңыз.
|
А |
В |
С |
D |
E |
|
|
Бөлме және түсқағаз |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алғашқы мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
Бөлме |
|
|
|
|
|
|
Биіктігі(h) |
2,6 |
|
|
|
|
|
Ұзындығы(a) |
5 |
|
|
|
|
|
Ені(b) |
3 |
|
|
|
|
|
Төбесі |
15% |
|
|
|
|
|
Қабырға көлемі |
1 формула |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Түсқағаз |
|
|
Аралық |
|
|
|
Қиынды |
|
|
есептеулер |
Нәтижелер |
|
|
Атауы |
Ұзындығы |
Ені |
Рулонның көлемі |
Рулонның саны |
|
|
1 үлгі |
10,5 |
0,5 |
2 формула |
3 формула |
|
|
2 үлгі |
10,5 |
0,6 |
|
|
|
|
3 үлгі |
10,5 |
0,7 |
|
|
|
|
4 үлгі |
13 |
0,5 |
|
|
|
|
5 үлгі |
13 |
0,6 |
|
|
|
|
6 үлгі |
13 |
0,7 |
|
|
Ұяшыққа есептеу формуласы енгізіңіз:
Ұяшықтар |
Формула |
|
B9 |
=2*($B$6+$B$7)*$B$5*(1-$B$8) |
(1) |
D14 |
=(1-$B$12)*B14*C14 |
(2) |
E14 |
=ЦЕЛОЕ($B$9/D14)+1 |
(3) |
4. Алынған нәтижені талдау.
Берілген кестедегі үлгіде кез келген бөлме үшін рулон санын анықтауға болады. Кестені сақтаңыз.
Тапсырма 8. Тоқсандық үлгерім бойынша сызықтық және жыл бойынша қорытынды үлгерімнің дөңгелек диаграммасын құрыңыз. Диаграммаларды үлгі бойынша өзгертіңіз.
1. Excel-де жаңа кітап ашып, төмендегі кестені құрыңыз.
2. «Итог за год» қатарында Функция шеберін қолданып нәтижелерді алыңыз.
3. Кестені форматтаңыз.
4. Үлгі бойынша диаграмма құрыңыз.
5. Жұмысты ДИАГРАММА.xls деген атпен сақтаңдар.
2013/2014 оқу жылына арналған үлгерім ведомості
2013/2014 оқу жылы |
"5" |
"4" |
"3" |
"2" |
Н/а |
I тоқсан |
96 |
220 |
316 |
50 |
18 |
II тоқсан |
52 |
160 |
465 |
17 |
6 |
III тоқсан |
34 |
316 |
311 |
15 |
24 |
IV тоқсан |
80 |
313 |
187 |
40 |
80 |
Жылдық қорытынды: |
|
|
|
|
|
Глоссарий
Ұяшық адресі – баған мен жол атауларының бірігуінен тұрады.
Жұмыс парағы -құжат түрінде қарастырылатын бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығы
Ағымдық ұяшық- жұмыс парағының бір ұяшығы; ол қалың тіктөрт бұрышпен қоршалған ұяшық.
Абсолюттік адрестеу - әрбір ұяшықтың адресін көрсететін сипаттаманың белгісі болады, оның өзгертілмейтін абсолюттік адресінің белгісі баған атының жол парағының алдындағы $ таңбасы болып табылады. Абсолюттік адрес атауына баған және жол атауының парағының атауында $ символы жазылады.
Аралас адрестеу - адресінің сипаттамаларының тек біреуі ғана бекітіледі. $ символы тек қана қажетті белгі алдына қойылады. (B$4,$C2);
Әдебиеттер: [1], [2], [3], [19], [22], [25]
№7 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: EXCEL программасында функциялармен жұмыс.
Сабақ мақсаты: Microsoft Excel-де қолданылатын функциялармен танысу, студенттерге қаржылық талдаудың ең қуатты құралдарының бірі болып табылатын қаржылық функциялармен жұмыс жасауды үйрету.
Жоспары:
БС, ПС, КПЕР, СТАВКА және БЗРАСПИС қаржылық функцияларын оқып үйрену;
ЧПС және ВСД қаржылық функцияларын оқып үйрену;
ОСПЛТ, ПРПЛТ және ПЛТ қаржылық функцияларын оқып үйрену
Амортизациялық салымды есептеу
Инвестицияны талдау
Мерзім және уақыт функциялары
Мәтіндік функциялар
Логикалық функцияларды қолдану
Блиц-тест
1. А1 мен С3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған фукцияны көрсетіңіз?
СУММ(А1,С3)
СУММА(А1,С3)
СУММА (А1:С3)
СУММА(А1:C$3)
СУММ (А1:С3).
2. Excel 2007. Кестелер ішіндегі бір жолды толығынан алып тастау үшін сол жолды ерекшелеп белгілеп алып, мына команда орындалады...
Негізгі(Главная)-Жою(Удалить)
Формулы-Жою(Удалить);
Түр (Вид)-Жою(Удалить);
Кірістіру(Вставка)-Жою (Удалить);
Формат(Формат)-Жою(Удалить);
3. Excel-дегі минимальді мәнді есептейтін функция?
МИН.
МИНЗНАЧ.
ЗНАЧМИН.
МИНА.
МАКС.
4. Excel кестесіндегі қалып күй қатарында (строкасостаяния) мынадай мәліметтер болады...
Мәліметтер өңдеу режімі атауы
Формулалар қатары мәліметі
Сайман батырмасы
Бас меню командасы
Парақтар нөмері
5. Microsoft Excel-де бағандар қалай белгіленеді?
Латын алфавитінің әріптерімен
1, 2, 3, ... сандары арқылы
Орыс алфавитінің әріптерімен
Белгіленбейді
Автоматты толтырылады
6. Microsoft Excel-де жолдар қалай белгіленеді?
Латын алфавитінің әріптерімен
1, 2, 3, ... сандары арқылы
Орыс алфавитінің әріптерімен
Белгіленбейді
Автоматты толтырылады
7.Ұяшықтар блогының арасын қалай ажыратады?
қоснүкте (:) белгісімен
нүктелі үтір (;) белгісімен
леп (!) белгісімен
$ белгісімен
* белгісімен
Бақылау сұрақтары:
Функция дегеніміз не?
Салыстырмалы, аралас және абсолютті сілтеме деген не?
БС, ПС, КПЕР, СТАВКА қаржылық функциялары қолданылатын жағдайлары.
БЗРАСПИС функциясының ерекшелігі.
ЧПС және ВСД функцияларының қолдану жағдайлары.
Неліктен қарызды өтеу графигінде пайыз бойынша төлемдер азаяды, ал негізгі қарыздың саны әрбір төлемді өтеу периодымен өседі?
Аргументтер дегеніміз не?
