Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
laborator_Fiz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жұмыстың орындалу реті

1. Проекциялық шамды іске қосып, экранда ақ жолақ пен 1-және 2-реттік спектр алу керек.

2. Орталық жолақтан 1-реттік күлгін жолаққа дейінгі қашықтықты l және дифракциялық тордан экранға дейінгі қашықтықты L өлшеп алу керек.

3. 1-және 2-реттік спектрлердегі жасыл және қызыл түстер үшін өлшеулерді қайталап, дифракциялық тордан экранға дейінгі қашықтықты L өлшеп алу керек.

4. Салыстырмалы қателікті есептеу керек ∆λ/λ=∆L/L=∆L/L

5. Өлшеу нәтижелері мен есептеулерді кестеге жазу керек;

Кесте.

Зерттелетін

жолақтың түсі

k

L

λ

<λ>

∆ι

∆L

∆λ/λ

<∆λ>

λ=<λ>±<∆λ>

Күлгін

1

2

Жасыл

1

2

Қызыл

1

2

Бақылау сұрақтары

1. Дифракция дегеніміз не? Дифракцияны бақылау шарттары қандай?

Дифракция түрлері (Френель дифракциясы, Фраунгофер дифракциясы).

2. Гюйгенс Френель принципінің мағынасы. Френель зоналарының әдісін түсіндіріңіз.

3. Бір саңылау үшін және дифракциялық тор үшін сәулелердің оптикалық жол айырмасын көрсет.

4. Дифракциялық тор мен бір саңылау үшін минимум және максимум шартын жазыңыз.

5. Бір және бірнеше саңылаудың максимумдарының интенсивтілігінің таралу графигін сызыңыз.

№ 44 зертханалық жұмыс

Жарық поляризациясын зерттеу

Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : жазық поляризацияланған жарық үшін Малюс заңын тексеру.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : бұрылу бұрышын есептеуге арналған лимбасы бар екі поляроид, люксметр, жарық көзі.

Ә д і с т е о р и я с ы

Жарық толқыны, электрмагниттік толқындар тәрізді өзара перпендикуляр жазықтықтағы электр және магнит өрістерінің, яғни Е және Н векторларының тербелістерімен сипатталады (1-сурет). Табиғи жарықта электр өрісі кернеулігі Е мен магнит өрісі кернеулігінің Н барлық бағыттағы көлденең тербелісі бірдей дәрежеде өтеді. Қандай да бір тәсілмен жарық векторының тербелісі реттелсе, оны поляризацияланған жарық деп атайды. Егер жарық векторы тек бір жазықтықта тербелетін болса,мұндай жарықты жазық немесе сызықты поляризацияланған дейміз.

Электрлік тербелістер болатын жазықтықты тербеліс, ал оған перпендикуляр (яғни магниттік тербелістер болатын ) жазықтық поляризация жазықтығы деп аталады. Поляризацияланған жарық алу үшін арнаулы құралдар поляроидтар қолданылады. Олар өзінің бас қимасының жазықтығында болатын тербелістерді ғана өткізеді (2-сурет).

Көз поляризацияланған жарықты табиғи жарықтан нақты ажырата алмайды. Зерттеу жұмыстарында табиғи жарықтың жолына бірінші поляроид- поляризатор, одан өткен жазық поляризацияланған жарық жолына екінші поляроид-анализатор қойылады. Поляризатордан өткен жарық интенсивтігі оған түскен табиғи жарық интенсивтігінің жартысына тең, яғни . Егер екінші поляроидты жарық сәулесінің таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта орналастырып, өз осіне қатысты айналдырса, өткен жарық интенсивтігі поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтарының арасындағы бұрышқа байланысты өзгеріп отырады.

Айталық, РР поляризатор жазықтығы, АА анализатор жазықтығы, α-олардың арасындағы бұрыш болсын делік (3-сурет). Сонда

E=E0cosα (1)

мұндағы Е0 поляризатордан өткен жарық векторының амплитудасы, Е-анализатордан өткен жарық векторының амплитудасы.

Жарық интенсивтігі тербеліс амплитудасының квадратына тура пропорционал болғандықтан:

І=І0 соѕ²α (2)

Мұндағы I0 және І-сәйкесінше анализаторға түскен және анализатордан өткен жарық интенсивтігі.

Е

u

Н

1-сурет

P A

S

Е

P A

2-сурет

Р А

Е0 ФЭ

a Е

S P A

А Р

3-сурет 4-сурет

Егер анализаторды поляризацияланған сәуленің бойымен айнала бұрса:

α=О° болғанда ( поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтары параллель), поляризацияланған жарық интенсивтігі максимал болады.

α=90° болғанда ( поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтағы өзара пнрпендикуляр), поляризацияланған жарық интенсивтігі нольге тең болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]