- •Ііі. Дәрілік заттардың клинико-фармакологиялық сипаттамасы
- •IV. Жүргізілген емнің тиімділігін динамикасын бағалауға қажетті негізгі клинико-лабораториялық көрсеткіштер
- •V. Фармакотерапияның асқынулары, оларды алдын-алу
- •VI. Тағайындалған дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
- •Vіі. Емнің тиімділігін эксперттік бағалау
- •Vііі. Альтернативті тағайындау парағы
- •Іх. Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Видаль – Доскалиев ж.А 2004ж
IV. Жүргізілген емнің тиімділігін динамикасын бағалауға қажетті негізгі клинико-лабораториялық көрсеткіштер
№ |
Дәрілік препарат |
Тағайындалған препараттың тиімділігін бағалайтын белгілі әдістер |
Науқастағы көрсеткіштер |
Динамикасы |
1 |
Фозиноприл |
АҚҚ өлшеу, диурезін есептеу. |
Бастапқыда науқастығ АҚҚ 150/90мм.с.б болған, емнен соң АҚҚ 120/80 мм.с.б-ге түсті. |
АҚҚ қалыптыда ұстап тұру. |
2 |
Метрид |
Дене температурасын өлшеу, ЖҚА, ЖЗА алу. |
ЖҚА: лейкоцит пен ЭТЖ деңгейі түсті.
|
Динамикада жақсарды |
3 |
Омегаст |
Симптомдарды бағалау, ФГДС-ке түсіру |
Қыжыл, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімінің басылуы |
Қыжыл басылды |
4 |
Квамател |
Симптомдарды бағалау, ФГДС-ке түсіру |
Қыжыл, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімінің басылуы |
Симптомдары басылды |
5 |
мезим-форте |
Клиникалық симптомдар: тамақтан соң эпигастрий аймағының ауырсынуы, УЗИ, ФГДС |
Тамақтан кейін байқалатын белдеу тәрізді ауру сезімді басу. |
Динамикада науқас жақсарды. |
6 |
Амоксициллин |
Комплексті емге кіреді. Симптомдар басылуы. ФГДС |
Комплексті ем болған соң, аталған симптомдар басылуына да септігін тигізді |
Бастапқы кездегімен науқас жағдайы жақсарған. |
V. Фармакотерапияның асқынулары, оларды алдын-алу
№ |
Дәрілік препарат |
Фармакотерапияның мүмкін болатын асқынулары |
Қарсы көрсеткіштері |
Алдын-алу және үйлестіру шаралары |
1 |
фозиноприл |
Алғаш қабылдағанда қатты назар аудартатын іспен айналысуға болмайды, бастың айналуы мүмкін. Асқынулары: жүрек қағысы, кеуде тұсының ауруы, ортостатикалық артерилды гипотензия, ыстық құйылулар. Бас айналу, протеинурия, тері қышуы. |
Препаратқа гиперсезімталдық, жүктілік пен лактация кезеңі. |
Алдын-алу мақсатымен АҚҚ қалыпты науқастарға тағайындауға болмайды. Фозиноприл + басқа антигипертензивті д.з = аддитивті әсер. Фозиноприл + К сақтаушы диуретиктер = плазмада калий мөлшері жоғарылайды.
|
2 |
Метрид |
Антибиотиктен кейін міндетті түрде пробиотик немесе эубиотик қабылдау қажет, дисбактериозды алдын-алу мақсатымен. Металл дәмі, глоссит, стоматит, ауыз құрғауы, бас айналу, кандидоз, әлсіздік, ұйқышылдық т.б. |
Препаратқа сезімталдықта, лейкопенияда, ОЖЖ бұзылыстары, эпилепсия, бауыр жеткіліксіздігі, жүктіліктің 1 триместрі, лактацияда. |
Литий тұзымен – интоксикация дамиды, Преднизолонмен- метрид организмнен тез шығарылады, метаболизм күшеюінен, Циметидинмен – метрид метаболизмі жоғарылап препараттың жана әсерлері туындайды. Фенитоинмен немесе фторурацилмен– токсикалық әсер. Дисульфираммен – неврологиялық реакциялар байқалады. Сульфаниламидтермен – метрид әсері жоғарылайды. |
3 |
Омегаст |
Диспепсиялық бұзылыстар: құсу, лоқсу, іш қату. Астениялық бұзылыстар: бас айналу, бас ауруы, қозғыштық, депрессия. Артралгия, миастения, миалгия, есекжем, ангионевротикалық ісіну т.б. |
Омепарзолға гиперсезімталдық, жүктілік, лактация, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, балаларға болмайды. |
Темір препараттары, ампициллин, кетоконазолмен – екіншілердің сіңірілуін басып тастайды. Диазепам, Варфарин, Фенитоинмен – организмнен шығарылуын баяулатады. Кларитромицинмен қатар пайдаланылса плазмадағы екеуінің де концентрациясы жоғарылайды. Антацидтермен бірге әсері белгіленбеген. |
4 |
Квамател |
Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, дәм сезу қабілетінің төмендеуі, диспепсиялық бұзылыстар, холестатикалық сарғаю. Аритмия, бұлшықеттік ауырсынулар., қышыну, бронхоспазм, тері құрғауы. |
Препаратқа гиперсезімталдық, жүктілік, лактация, 16 жастан төмен балаларға болмайды, глюкозо-галактозды мальадсорбция |
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасын алдын-алу үшін. Кетоконазолмен – екіншілердің сіңірілуін басып тастайды. Тұз қышқылын басатын дәрілік заттармен тағайындаса – квамател сіңірілуін баяулатады. Сондықтан, к/т тағайындалды. |
5 |
Мезим-форте |
Жоғары дозада қабылдағанда гиперуризокурия, плазмада зәр қышқылының көбеюі. Аллергия. |
Компонентке сезімталдық. Жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің асқынуында. |
Темір препараттарымен- темірдің сіңірілуін төмендетеді. Антацидтермен- панкреатиннің әсері басып тастайды.
|
6 |
Амоксициллин |
Есекжем, Квинке ісінуі, ринит, эритема, эозинофилия, конъюктивит, буындағы ауыру сезімі |
Препаратқа жоғары сезімталдық, жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз, АІЖ ауыр инфекциялары, респираторлы вирусты инфекция, бауыр бұзылыстары. |
Контрацептивтермен – екіншінің әсерін басады. Басқа батерицидті антибиотиктермен (аминогликозид, цефалоспориндер, рифампицинмен) – синергизм, Батериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклин, сулфаниламидтермен) – антогонизм. Аскорбин қышқлы – амоксициллин әсерін жоғарылатады. Аллопуринол, диуретик, СЕҚҚП-мен – амоксициллиннің шумақтық секрециясы төмендейді. |
