Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438 Кб
Скачать
☆
  1. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.

Құқық дегеніміз – адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқықбелгілері: нормативтілігі, жүйелігі, формалды анықтылығы; мемлекеттің күшіне сүйенуі; адамдардың еркін білдіруі; жалпыға міндеттілігі; өзгергіштігі.

Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады.: біріншісі- құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі-нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету; екіншісі- нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтық қорғау функциясы- нормативтік актілердің қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:

- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;

- құқықты нормада тиым салудың себептерін көрсету;

- жауапкершіліктің түрін көрсету;

- жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту;

Құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар құқықпринциптері болып табылады. Ол идеялар әділет пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқықпринциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді. Құқықжасалу барысында мына принциптер негізге алынуы тиіс.

  • Демократиялық;

  • ¦лтаралық келісім;

  • Заңдылық;

  • Адамгершілік;

  • Азаматтардың заң алдында теңдігі;

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік нормлар болып бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік нормалары- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқық, діни, әдет-ғұрып, мораль және корпоративтік нормалар жатады.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқықАлланың құдыретімен жаратылды деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель болды.(оны жақтаушылар Фильмер, Михайловский т.б.)

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған.(б.з IV-IIIғ) Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Спенсер, Вормс, Прейс т.б. бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің ‡кіметі- адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсінеді.

Күштеу теориясы - XIXғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л Гумплович, К Каутский т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады- деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Мемлекеттің нысандары, функциялары, механизмі.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.

Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз және шектелген болып екіге бөлінеді. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі өз қолында. (Мысалы, Шығыс деспотиясы, Египет, Вавилон, Қытай, Жапония), Рим империясы жатады. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі. (Бруней, Оман)

Ал шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Монархияның бұл түрі Шығыс мемлекеттерінде кездеседі. Мысалы, ‡ндістан. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады.Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден, заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791ж Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ¦лттық Жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тиым салған және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқықтуралы Билль деген(1689ж) Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекетінің көпшілігі осыған жатады.: Белгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-Министр болып тағайындалады. Премьер-Министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің алдында емес, Парламенттің алдында жауапты. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару нысаны республика деп аталады. Республикалық басқаруда мемлекет басшысы сайланады. Бұл басқарудың екі түрі кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар. Президенттік Республикада президентті тікелей халық сайлайды және президент мемлекет басшысы бола отырып үкіметті тағайындайды. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғарғы органдар жүйесі парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Мысалы, Италия, Швейцария. Кейбір мемлекеттерде Президенттік және Парламенттік республикалар белгілері аралас болады. Оларды жартылай президенттік республика деп атайды. Мысалы, Ресей Федерациясы.

Мемлекет құрылымы. Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады.

Мемлекет құрылымы - мемлекет нысанының екінші элементі. Бұл ұлттық, мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді. Тұтас яғни, унитарлы мемлекеттер тек қана әкімшілік жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады.

Федерация - күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Федерация екі немесе одан да көп мемлекеттердің бірлестігі. Федерацияның екі түрі бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КСРО, Югославия, ‡ндістан. Екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады.

Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның ерекшеліктері: белгілі бір лайықты түрде жасалған келісім-шарттар негізінде құрылады, оның субъектілері өз еркінше достастықтан шығуға құқылы, конфедерацияға кірген елдердің егемендіктері өздерінде сақталады, келісім-шарт актілерінде көрсетілген мәселелер бойынша ғана құрылады, конфедерацияның тұрақты түрде істеп тұрған органдарының билік өкілеттіктері болмайды, одақтық өкімет актілерін тануды субъектілердің қабылдамауға құқығы бар. Мысалы; ТМД конфедерация белгілері бар құрылым.

Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Саяси режимнің түрлері: демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық режим екіге бөлінеді: шын және либералдық. Антидемократиялық режим үшке бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық және фашистік.

Демократиялық биліктің белгілері: Әр түрлі партия, бірлестік, қозғалыстар Конституция шеңберінен шықпай еркін бостандықта қызмет атқарады. Идеологиялық плюрализм. Мемлекет органдарының сайланбалы жолмен құрылуы. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алып, олар шын мәнінде қамтамасыз етілу кепілдіктеріне ие болуы.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет ұғымы туралы теориялар

2. Мемлекеттің мәнін түсіндіретін әдістер

3. Мемлекеттің негізгі белгілері

4. Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің сипаты

5. Мемлекетті басқарудың түрпішіндері

6. Мемлекет құрылымының түрпішіндері

7. Құқықтың ұғымы, белгілері

8. Құқықтық нормативтік актілердің түрлері

9. Құқықты іске асыру, құқық қолдану, құқықтық қатынас санаттары

10. Заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық санаттары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]