Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438 Кб
Скачать
☆
  1. Ішкі істер органдары.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен оғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі істер органдарының бітұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу; 2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау; 3) кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықты бұзуын анықтау және болғызбау; қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру; 4) ұрланған мүлікті іздестіру; жол жүру ережелерін сақтауға бақылау жасау; паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды тұлғалар бақылау жасау; 5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау; мемлекетгік және басқа объектілерді қорғау т.с.

  1. ҚР-ң қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу; 2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу; 3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю; 4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю; 5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу; 6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету; 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;

2. «ҚР-ның ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы,

3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;

5. Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]