Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мал шаруашылыгы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595 Кб
Скачать
☆

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Тарихы

  • 2 Қой қолтұқымдары

    • 2.1 Арқар, меринос қолтұқымы

    • 2.2 Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар

    • 2.3 Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар

    • 2.4 Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары

    • 2.5 Қаракөл қойы

  • 3 Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі

  • 4 Дереккөздер

Тарихы

Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қоладәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу,жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанданегізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.

19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 жылы қазіргіҚазақстан жерінде 19,6 миллион уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 жылы – 8,8 миллион), елдегімал шаруашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 жылы республикада небәрі 4,3 миллион қой қалды.

Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 жылы 99,99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың тонна, 1981 – 83 жылы – 493,3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басындаҚазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды.

Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.

Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.

Қой қолтұқымдары

Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.

Бір қора қой.

Қазақстан жерінің жусанды жайылымды «қара отты» жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.

Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді. Биязы жүнді қолтұқымдар жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі.

Арқар, меринос қолтұқымы

Арқар, меринос қолтұқымы.

Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстанаймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген.

Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар

Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.

Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар

Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.

Үй қойы.

Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары

Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Қаракөл қойы

Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.

Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі

Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).[2]

А

  • Алай қойы

  • Алтай қойы

  • Аскания қойы

  • Атырау қойы

  • Ақжайық қойы

  • Ақсеңгір қойы

Б

  • Биязы жүнді қолтұқымдар

Г

  • Гемпшир қойы

  • Грозный қойы

Д

  • Дегерес қойы

Е

  • Еділбай қойы

Ж

  • Жаңаарқа қойы

К

  • Кавказ қойы

  • Кроссбред қойы

М

  • Меринос

О

  • Оңтүстік қазақ мериносы

П

  • Прекос қойы

Р

  • Рамбулье

  • Роман қойы

  • Ромни-марш

С

  • Сараджа қойы

  • Сарыарқа қойы

  • Солтүстік қазақ мериносы

  • Сұлукөл қойы

Ц

  • Цигай қойы

Ғ

  • Ғиссар қойы

Қ

  • Қазақтың арқар-мериносы

  • Қазақтың биязы жүнді қойы

  • Қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы

  • Қазақтың етті-биязылау жүнді қойы

  • Қазақтың оңтүстік мериносы

  • Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы

  • Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы

  • Қаракөл қойы

  • Қарғалы қойы

Санат: 

  • Қойлар

  • Тұқымдар

Жылқы шаруашылығы — мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктікет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке – тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына – күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т.б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.[1]